Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр



бет2/3
Дата11.07.2016
өлшемі460.43 Kb.
#192491
1   2   3

Жағдайлық есеп

З. 40 жасар пациент шағымдары – ентігу, он жақтағы қабырға астының ауырсынуы.

Объективті: беті домбыққан және бозарған. Жүректің солға және оңға шекарасының 2 см кеңеюі, тамыр соғу жиілігі – 100соғу/мин, жүрек үндері саңырау, өкпеде – майда көпіршікті сырыл, тыныс алу жиілігі 26 минөтіне, мойын тамырларының домбығуы, бауырдың 3см қабырғалық доғадан шығуы, аяқтарының бозаруы.

Сұрақтар

1. Пациентте қандай жағдай дамиды?

2.Осы пациентте даму механизмдері қандай?


Әдістемелік өндеу №4

1.Тақырыбы: Қышқыл-негіз жағдайының бұзылуы. Қантты диабет.

2.Мақсаты:қышқыл-негіз жағдайының алмасуының, көмірсу алмасу бұзылыстарымен байланысты клиникалық және моделді жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • ацидоз және алкалоз дамуы механизмдерің және себептерің зерттеу;

  • гипо- және гипергликемиялық жағдайлар дамуы механизмдерің және себептерің зерттеу;

  • қантты диабетінің клинико-патофизиологиялық сипаттамасын беру;

  • дайын лабораторлық көрсеткіштеріне немесе қанның анализі негізінде қант диабетінің түрін анықтау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Қышқыл-негіздер алмасуының патологиясы. Қышқыл-негіз жағдайының бұзылуының негізгі түрлері мен жіктелү принциптері.

    2. Газді және газды емес ацидоздар мен алколоздар кезіндегі ағзада компенсаторлық серпілістерінін, ағза бүліністерінін себептері, механизмдері.

    3. Көмірсу алмасуының бұзылыстары.

    4. Көмірсу алмасуының типтік бұзылыстары: гипогликемия, гипергликемия, гликогеноздар – себептері мен даму механизімі.

5.Қантты диабет, клинико-патофизиологиялық сипаттамасы, этиология, патогенез.

6. Қантты диабетінін асқынулары. Диабеттік кома, оның түрлері.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: аллоксанды диабетің шақырған егеуқұйрықтың зәрінде көмірсу және кетонды денелерді анықтау.

Тәжірибелік жануарға бір рет тері астына 5% аллоксан ерітіндісін 15-20 мг/кг салмағына шағып егеді. 48 сағаттан кейін инсулиндік жеткіліксіздіктің әсерінен тұрақты глюкозурия дамиды. Бақылаудағы және тәжірибелік егеуқұйрықтар ауыстырылатын торға салып бөлек пробиркаларға зәрін жинап отырады. Содан кейін 2 таза пробиркаға 1 мл әр жануардың зәрін оған 0,2 мл ниляндер реактивін құяды. Пробиркаларды ішіндегісімен 3 мин қайнатады. Зәрде глюкоза болса пробиркадағы сұйықтық қара түске боялады.

Кетонды денелерді анықтау үшін бөлек пробиркаларға зәрді құйып, әр қайсысына 0,25 мл алдын ала жасалынған натрий нитропруссидінің қаныққан ерітіндісін және 0,5 мл мұздай сірке қышқылын қосамыз. Пробирканы қозғап араластырып қабырғасына жағалатып 1 мл концентрацияланған аммиак ерітіндісін құяды. Зәрде ацетон болса екіге бөлінген шекарасында сия көк сақина тәрізді қабаты пайда болады.

Тұжырым мен қорытындысың жасайды.

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Теңгерiлген ацидозбен алкалозға сәйкес рН мәнi ... .



  1. 7,35 - 7,45

  2. 7,2 - 7,8

  3. 7,0 - 8,0

  4. 7,45 - 7,5

  5. 7,0 - 7,4

2.Газдық ацидоздың негiзiнде... жатады.

  1. организмде көмiр қышқылының жиналуы

  2. минералдық қышқылдармен улану

  3. ұшпайтын қышқылдардың жиналуы

  4. организмнен СО2 артық шығарылуы

  5. қанда негiздердiң артықтығы

3.Газдық алкалозды ... дамытады.

  1. өкпе гипервентиляциясы

  2. өкпе гиповентиляциясы

  3. қанайналым жеткiлiксiздiгi

  4. гиперкапния

  5. ауада көмiртегi тотығының мөлшерiнiң артуы

4....газсыз ацидоздың себебi болып табылады.

  1. Тоқтаусыз iш өту

  2. Натрий биокарбонатпен улану

  3. Жиi көп құсу

  4. Энцефалиттегi ентiгу

  5. Бүйрек үстi безiнiң стериодты гормондарының гиперсекрециясы

5.Толассыз құсу кезінде асқазан сөлiн көп мөлшерде жоғалту ... әкелу мүмкiн.

  1. экскрециялық алкалозға

  2. экскрециялық ацидозға

  3. газдық алкалозға

  4. экзогендiк алколозға

  5. экзогендiк ацидозға

6.Артериялық қанның рН көрсеткiшiнiң 7,49 болуы ... тән.

  1. теңгерiлмеген алкалозға

  2. теңгерiлген ацидозға

  3. теңгерiлген алкалозға

  4. газдық ацидозға

  5. газдық емес ацидозға

7.Тағаммен бірге ұзақ мерзімде қышқылдарды пайдалану ... дамуына алып келеді.

  1. экзогендік ацидоздың

  2. эндогендік ацидоздың

  3. метаболизмдік ацидоздың

  4. метаболизмдік алкалоздың

  5. газдық ацидоздың

8.Газдық алкалозға … тән.

  1. гипокапния

  2. гиперкапния

  3. өкпе гиповентиляциясы

  4. өкпе гипервентиляциясы

  5. газдық ацидоз

9.Бауырда гликогеннің қоры ... кезінде ұлғаяды.

  1. гликогеноз

  2. қантты диабет

  3. гипоксия

  4. ауыр дене жұмысы

  5. ашығу

10.... жедел гипогликемияның себебі болып табылады.

  1. Инсулиннің артық мөлшері

  2. Инсулинома

  3. Гликогеноздар

  4. Бүйрек үстi бездерiнiң созылмалы жеткiлiксiздiгi

  5. Ашығу

11.Қантты диабет кезінде глюкозурияны ... туындатады.

  1. гипергликемия

  2. кетонемия

  3. гиперлипиземия

  4. полиурия

  5. гиперлактатацидемия

12.Қантты диабеттің алғашқы сатысындағы полиурияның себебі ... болып табылады .

  1. глюкозурия

  2. микроангиопатия

  3. кетонурия

  4. гипостенурия

  5. шөлдеу және полидипсия

13.Қантты диабеттің инсулинге тәуелді түріне … тән.

  1. Лангерганс аралшығында бета-жасушаларының антиденелермен зақымдалуы

  2. контринсулиндік гормондардың артық түзілуі

  3. стресс

  4. инсулиназаның жоғары белсендігі

  5. инсулиннің плазма нәруыздарымен берік байланысуы

14.Гипогликемия ... кезінде байқалады.

  1. ашығу

  2. инсулиннің жеткіліксіздігі

  3. стресс

  4. инсулин рецепторларының бөгелуі

  5. инсулиназа белсенділігінің жоғарылауы

15.Гликогенозда ... байқалады.

  1. бауырда гликогеннің көптеп жиналуы

  2. гипергликемия

  3. бауырда гликогеннің азаюы

  4. инсулин жеткіліксіздігі

  5. бауырда инсулиназа белсенділігінің жоғарылауы

16.Қантты диабет кезінде көмірсу алмасудың бұзылыстары … анықталады.

  1. гипергликемиямен

  2. гипернатриемиямен

  3. гиперлипидемиямен

  4. бауырда гликогенның жиналуының күшеюімен

  5. бауырда гликогенның жетіспеушілігімен


Жағдайлық есеп

60 жастағы пациент М. ессіз күйінде қабылдау бөліміне жеткізілді.

Объективті: үстіртін тыныс, ПЖ– 96 соққы/минөт, АҚ–70/50 с.б.б., кейде аяқ-қолының тырысуы байқалады.

Сараптамаларында: гипергликемия 33 ммоль/л, гиперазотемия, гипернатриемия, рН-7,32.

Сұрақтар

1.Пациентте қандай жағдай дамиды?

2.Оның дамуының механизмдері қандай?
Әдістемелік өндеу №5

1.Тақырыбы: Атерослероз. Белок алмасуының бұзылыстары.

2.Мақсаты: липидттер алмасуының, белок алмасу бұзылыстарымен байланысты клиникалық және моделді жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • липидттер алмасуының дамуы механизмдерің және түрін зерттеу;

  • семіру механизмдерің және себептерің зерттеу;

  • белок алмасуының дамуы механизмдерің және түрін зерттеу;

  • гипотрофиялар, дистрофиялар мен паротрофиялардың механизмдерің және түрін зерттеу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Май алмасуының патологиясы.

2. Липидтер алмасуы патологиясының түрлері: оның аспен бірге түсуінің, қорытылуының және сіңірілуінің, тасмалдануының және тіндегі липидтер метоболизімінің бұзылуы.

3. Дислипопротеинемия, этиология, патогенез.

4. Атеросклероз: анықтамасы, қауып-қатер факторлары, атерогенез сатылары, патогенездің негізгі теориялары.

5. Семіздік – түрлері, этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы, көріністері, нәтижелері.

6. Белок (ақуыз) және нуклейн қышқылдары алмасуының патологиясы.

7. Азоттық баланстың бұзылысы. Қандағы белок құрамының өзгеруі: гипер-, гипо- және диспротеинемиялар, парапротеинемиялар.

8. Белок алмасуының соңғы сатыларындағы бұзылыстар: гиперазотемия себептері, көріністері мен салдары.

9. Пурин және пиримидин негіздері алмасуының бұзылуы, подагра. Ашығу: түрлері, кезеңдері, организмдегі белгілері, салдары.

10. Ашығу: түрлері, кезеңдері, организмдегі белгілері, салдары.

11.Дистрофия – анықтамасы, даму механизімі, организім үшін маңызы. Дистрофиялардың жіктелуі.

12. Ұлпалық дистофриялар – белок (диспротеиноздар), май (липитоздар), көмірсу.

13. Ұлпалық немесе строма-тамырлық дистрофиялар (белок, май, көмірсу).

14. Аралас дистрофиялар – белок пен минерал алмасуы бұзылыстарының салдары.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Гликогенозда ... байқалады.



  1. бауырда гликогеннің көптеп жиналуы

  2. гипергликемия

  3. бауырда гликогеннің азаюы

  4. инсулин жеткіліксіздігі

  5. бауырда инсулиназа белсенділігінің жоғарылауы

2.Қантты диабет кезінде көмірсу алмасудың бұзылыстары … анықталады.

  1. гипергликемиямен

  2. гипернатриемиямен

  3. гиперлипидемиямен

  4. бауырда гликогенның жиналуының күшеюімен

  5. бауырда гликогенның жетіспеушілігімен

3.Организмде терiс азоттық тепе-теңдiк ... кезінде пайда болады.

  1. күйiк ауруы

  2. гиперинсулинизм

  3. организмнiң дамуы

  4. жүктiлiк

  5. анаболитикалық гормондар артық болған

4.Гипопротеинемия – бұл ... .

  1. негiзiнен альбумин азаюымен сипатталатын нәруыздың жалпы мөлшерiнiң азаюы

  2. қанда нәруыз мөлшерiнiң артуы

  3. қанда патологиялық нәруыздардың пайда болуы

  4. қан нәруыздары арақатынасының өзгеруi

  5. қанда гамма-глобулин мөлшерiнiң азаюы

5.Парапротеинемия – бұл қанда ... пайда болуы.

  1. сапасы өзгерген гамма-глобулиндердiң

  2. сапасы өзгерген альбуминдердiң

  3. альбуминдердiң азаюы

  4. сапасы өзгерген фибриногеннiң

  5. |сапасы өзгерген альфа-глобулиндердiң

6.Подагра патогенезiнде … бұзылуы маңызды.

  1. зәр қышқылының ерiгiштiгi

  2. бауыр мен бұлшық еттерде мочевина синтезiнiң

  3. биогендi аминдердiң шығарылуы мен түзiлуi

  4. аммиактың бүйректен шығарылуы

  5. алмастырылмайтын амин қышқылының алмасуы

7.Ағзада оң азоттық тепе-теңдік ... дамиды.

  1. қантты диабет кезінде

  2. глюкокортикоидтар артық болғанда

  3. нәруыздық ашығуда

  4. өспелік кахексия кезінде

  5. инсулиннин артуы кезінде

8. Семіру қалыптасады:

A) Гипогликемиямен

В) атерогенездін төмендеуімен

С) Гиполипидемиямен

Д) Гипохолестеринемиямен

Е) атерогенездін артуімен

9.Алиментарлық гиперлипидемияның патогенезi ... байланысты.


  1. аспен майдың артық түсуімен

  2. қордан майдың артық шығуымен

  3. қаннан майдың тiнге өтуiнiң бөгелуiмен

  4. қанда липопротеидлипазаның төмен белсенділікпен

  5. гипоальбуминемиямен

10.Гормоналді семіру байқалады:

A) Гиперпаратиреозде

B) Гипопаратиреозде

C) Гиперкортизолизмде

D) нсулиннің жеткіліксіздігінде

Е) Гипергонадизмде



Кредит № 2

Әдістемелік өндеу №1

1.Тақырыбы: Шеткері қанайналымының бұзылыстары. Артериалық гиперемия. Веналық гиперемия. Ишемия. Тромбоз. Эмболия. Стаз.

2.Мақсаты: ағзалық-тіндік қанайналым және микрогемоциркуляция бұзылыстарымен байланысты клиникалық және моделдеу жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • суспензиялық тұрақтықтын және «сладж»- феноменнің пайда болу механизмдерінің бұзылуын;

  • шетккері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстарының клиникалық көріністерін және олардың патогенезін зерттеу;

  • шеткері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстарының негізгі

түрлерінің жіктелуін түсіндіру;

  • патологиялық вазоконстрикция мен вазодилятациялардың механизімін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Шеткі қан айналым патологиясының түрлері.

2. Артериялық гиперемия, сипаттама беру, түрлері, пайда болу себептері,

механизмі, сыртқы белгілері, микроциркуляция мен заттек алмасу жағдайы.

3.Веналық гиперемия, сипаттама беру, түрлері, пайда болу себептері,

механизмі, сыртқы белгілері, микроциркуляция мен заттек алмасу жағдайы.

4. Ишемия: себептері, механизмдері, түрлері, аяқталуы.

5. Инфаркт: себептері, даму механизмі, түрлері, аяқталуы.

6. Тромбоз: себептері, механизмі, түрлері, нəтижелері, салдары.

7. Эмболия: себептері, механизмі, түрлері, морфологиялық

сипаттамасы, нəтижелері, салдары.

8. Стаз: себептері, механизмі, түрлері, нəтижелері, салдары.

9. Тамырішілік қан ұю синдромының (ДТЌЎ-синдром) патогенезі.

10. Микрогемоциркуляцияның бұзылуы, оның түрлері. Микроциркуляцияның тамырішілік, тамырлық жəне тамырдан тыс бұзылыстарының себептері, механизмі.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, жағдайлық есепті шешу.

Жағдайлық есеп

56 жастағы ер адам тез шаршайтының,балтыр бұлшық еттерінің жүрген кезде ауырсынуы,журмеген кезде ауырсыну сезімі болмайды,аяқтарының ұйып қалуы және мұздауы.

Тексерген кезде: аяқ басы кебу,мұздай, артерияда пульс аңықталмайды.

Сұрақтар


1.Пациентте қандай шеткері қанайналымының бұзылыстары аңықталады.?

2.Пациентте қандай даму механиздермен өтеді?

3.Пациентте қандай

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Артериялық гиперемияның негізгі тізбегі ... болып табылады.

А) жұмыс істейтін капиллярлар санының көбеюі

В) қан келуінің азаюы

С) қанның ағып кетуінің қиындауы

Д) қан ағымының сызықтық жылдамдығының жоғарылауы

Е) артериолалардың кеңеюі, қан ағып келуінің жоғарылауы

2.Артериялық гиперемияға ... тән.

А) қан ағымының көлемдік жылдамдылығының азаюы

В) веналық қанның артериялизациялануы

С) дәнекер тіннің өсіп кетуі

Д) тамырлардың көлденең кесіндісінің ауданы азаюы

Е) қызмет атқаратын қылтамыр санының азаюы

3.Артериялық гиперемия кезінде микроциркуляцияның өзгерістеріне ... тән.

а) қан ағымының көлемдік жылдамдығының төмендеуі

б) веналық қанның артериализациялануы

в) капиллярлық қысымның жоғарылауы

г) қан тамырларының көлденең қимасының ауданының кішіреюі

д) қызмет атқаратын қыл тамырлардың санының көбеюі

А) в,г,д

В) а,в,г,

С) б,в,д


Д) а,б

Е) г,д


4.Артериялық гиперемия белгісі ... болып табылады.

А) ұлпа температурасының жоғарылауы

В) ұлпаның көгеруі

С) қан ағу жылдамдығының баяулауы

Д) веналық қысымның жоғарылауы

Е) ұлпа көлемінің кішіреюі

5.Артериялық гиперемия кезінде ... байқалады.

А) қызару

В) көгеру

С) тін тургорының төмендеуі

Д) тін бөліктері температурасының төмендеуі

Е) жергілікті температурасының төмендеуі

6.Артериялық гиперемия салдарына ... жатады.

а) тіннің некрозы

б) ағза қызметінің күшеюі

в) қан тамырларының жыртылып қан құйылуы немесе эритроциттердің тамыр сыртына шығуы

г) дәнекер тіннің өсіп кетуі

д) зат алмасу өнімдерінің қарқынды шығарылуы және дерттің жайылуы

А) б,в,д

В) в,г,д


С) а,б,в

Д) а,г,д


Е) а,б,д

7.Веналық гиперемияның даму себебі ... болуы мүмкін.

А) әкелуші артерияның қысылып қалуы

В) ангиоспазм

С) әкелуші артерия саңылауының тромбпен бітелуі

Д) веналардың ісікпен басылып қалуы

Е) ұлпа жұмысының күшеюі

8.Веналық гиперемияның себебіне ... жатады.

А) артериолардың кеңеюі

В) артериосклероз

С) вена қақпақшаларының жеткіліксіздігі

Д) артерияның тромбозы

Е) артериолалардың тарылуы

9.Ишемия дамуының себебі ... болуы мүмкін.

А) ангиоспазм

В) ұлпалардың қызметінің артуы

С) тамыр тарылтқыш жүйкелердің зақымдануы

Д) веналардың ісіктермен бітелуі

Е) веналардың тромбпен бітелуі

10.Компрессиялық ишемия ... пайда болады.

А) сырттан артерияның қысылып қалуында

В) артерияның жыртылуында

С) артериялардың тромбпен бітелуінде

Д) артериялардың тарылуында

Е) артериялардың эмболмен бітелуінде

Әдістемелік өндеу №2

1.Тақырыбы:Қабыну: этиологиясы мен патогенезі. Эксссудативті және продуктивті қабыну.

2.Мақсаты: негізін қабыну үрдісі құрайтын клиникасына және моделдеу жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты:


  • қабыну үрдісі патогенезінің негізгі компоненттерді зерттеу;

  • флогогенді факторлардың жіктелуін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. «Қабыну» түсінігінің сипаттамасы.

  2. Қабыну этиологиясы. Флогогенді факторлардың жіктелуі.

  3. Қабыну патогенезі, оның негізгі компоненттері.

  4. Альтерация қабынудың бастапқы факторы ретінде.

  5. Қабыну медиаторлары және олардың қабыну үрдісіндегі маңызы.

  6. Қабыну ошағындағы физико-химиялық көріністері

  7. Қабыну ошағындағы қан тамырлық серпілістері.

  8. Тамыр арнасынан форменді элементтердің шығуы және экссудациясы.

  9. Экссудация үрдісінің сипаттамасы.

  10. Қабыну ошағына лейкоциттер эмиграциясының механизмдері және сатылары.

  11. Қабыну кезіндегі фагоцитарлық реакциясы.

  12. Жедел және созылмалы қабыну патогенезінің ерекшеліктері.

  13. Қабынудың биологиялық маңызы.

Жағдайлық есеп

Екі жұмызшы медпунтке келіп автоклав авариясына балтырының күйікке ұшырағаның айтты. Шарттары – бастын ауруы, күйік орналасқан жерде –домбығу, ауырсыну. Тексергенде А. науқаста балтырының гиперемиясы, терісі домбыққан, ал Б. науқаста балтырының гиперемиясы, терісі домбыққан және таза сүйықтықпен толған көпіршік аңықталды. Екі науқасқа науқастық қағаз берілді, ал олар емдеу шарттарын орындамаған.

3 күннен кейін А. пациент жағдайы қалпына оралды, ал Б. пациенттің жағдайы нашарлады: ісігі тарап кетті, көпіршіктің іші ірінді (бактериалды анализ өткізгенде – алтын стафилоккок), дене температурасы 38,9оС.

Сұрақтар

1.Пациенттерде қандай патологиялық процесс дамиды?

2.Екі пациенттін патологиялық процесстін екі түрде өтуі неге байланысты?

3.Б. пациенттің симптомдарының даму механизмі қандай?

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Қабынудың жиі шақыратын себептері ... болып табылады.

А) химиялық факторлар

В) биологиялық факторлар

С) физикалық факторлар

Д) механикалық факторлар

Е) термиялық факторлар

2.Қабынудың компонеттеріне ... жатады.

А) қабыну ошағындағы ацидоз, гиперосмия, гиперонкия

В) артериялық гиперемия, веноздық гиперемия, стаз

С) альтерация, қан айналым бұзылыстары экссудациямен бірге, пролиферация

Д) домбығу, қызару, қызметінің бұзылуы, ауырсыну, қабыну ошағында жергілікті температурасының көтерілуі

Е) лейкоцитоз, РОЭ жоғарылауы, дене қызуының көтерілуі

3.Қабынудың бірінші сатысы ... болып табылады.

А) альтерация

В) лейкоциттер эмиграциясы

С) фагоцитоз

Д) экссудация

Е) пролиферация

4.Қабынудағы біріншілік альтерация ... нәтижесінде дамиды.

А) флогогенді фактордың зақымдаушы әсерінің

В) қабыну медиаторларының әсерінен

С) қабыну ошағындағы физико-химиялық өзгерістердің әсерінен

Д) микроциркуляция бұзылыстарының

Е) қабыну ошағындағы зат алмасу бұзылыстардың

5.Қабыну ошағындағы заттардың ыдырауының күшеюіне ... әкеледі.

А) гликолизде анаэробты этап ферменттерінің тежелуі

В) митохондриялық ферменттердің әсерленуі

С) аденилатциклаза әсерленуі

Д) лизосомалық ферменттердің әсерленуі

Е) майлардың асқын тотығуы ферменттерінің тежелуі

6.Қабыну ошағындағы көмір су алмасуы өзгерістеріне ... тән.

А) липолиздің әсерленуі

В) кетон денелері түзілуі арқылы

С) нуклеотидтер, нуклеозидтер мөлшері артуы

Д) гликоген түзілуінің артуы

Е) анаэробты гликолиздің тежелуі

7.Қабынудағы жергілікті ацидоздың патогенездік факторға ... жатады.

А) зат алмасудың тотықпаған өнімдері жиналуы

В) артериялық гиперемия

С) тамыр өткізгіштігінің бұзылуы

Д) лейкоциттер эмиграциясы

Е) транссудация

8.Қабынудың гуморалдық медиаторларына ... жатады.

А) брадикинин

В) серотонин

С) простагландиндер

Д) гистамин

Е) цитокиндер

9.Гуморалдық медиаторларға ... жатады.

А) фермент емес катиондық нәруыздар

В) комплементтің белсенді бөлшектері

С) лейкотриендер

Д) серотонин

Е) лимфокиндер

10.Қабыну ошағындағы гистаминнің қайнар көзге ... жатады.

А) нейтрофилдер

В) паренхиматозды жасушалар

С) лаброциттер (мес жасушалар

Д) лимфоциттер

Е) моноциттер

Әдістемелік өндеу №3

1.Тақырыбы: Гипоксия. Қызба.

2.Мақсаты: гипоксиялық жағдаймен қызбаның дамуымен байланысты аурулар және дерттік үрдістердің патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • табиғаты әр түрлі гипоксиялардың даму механизмдерін зерттеу;

  • гипоксияға ағзаның экстренді және ұзақ уақыттық адаптациясының механизмдерін сипаттау;

  • қызбаның негізгі сатыларын зерттеу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Гипоксияның жалпы сипаттамасы, аңықтамасы, жіктелуі.

2.Тіндік, гемдік, қанайналымдық, тыныстық, экзогенді гипоксиялар кезінде қанның газды құрылымының өзгеруінің этиологиясы, патогенезі..

3.Жедел және созылмалы гипоксия кезінде зат алмасуының, қызметі мен жүелердін құрылысының бұзылыстары.

4. Ағзадағы гипоксияда компенсация және адаптация механизмдері.

5. Қызбаның түсініктімесі мен жалы сипаттамасы.

6. Қызбаның этиологиясы: біріншілік (инфекциялық, бейинфекциялық) және екіншілік пирогендер.

7. Қызбаның даму механизімдері. Қызбаның әр сатыларында жүйелер қызметтері мен зат алмасуының, жылуды өндіру және жылуды реттеу өзгерістері.

8.Қызбалық серпілістердін типтеріне сипаттама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет