Курстық жұмыс «Бастауыш мектеп математикасында алгебралық ұғымдарды оқыту»



бет4/7
Дата09.06.2024
өлшемі92.66 Kb.
#502479
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Алг ұғым

1-сынып.
  • Санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.
  • Әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу;
  • Қосу мен азайту амалдары арасындағы қатынасты әріпті өрнектер түрінде көрсету және қолдану.
  • Қосу және азайту жағдайында 0-дің қасиетін әріпті өрнек түрінде көрсету;
  • Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру;
  • Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табу.
  • Теңдік және теңсіздікті, теңдікті тану; тура және тура емес теңдікті айыра білу.
  • «таңдап алу» әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу.

Математика пәнінен оқу бағдарламасы бойынша алгебра элементтерін оқыту процесі былайша жүзеге асады:


2-сынып.
  • Санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді/бөлінді) теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.
  • Әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу.
  • Қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану.
  • Санды 1-ге көбейту және бөлу жағдайларын әріпті теңдік түрінде көрсету.
  • Жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектерді (екі амалдан артық қосу мен азайту/5 көлемінде көбейту және бөлу) салыстыру.
  • Екі-үш амалды жақшалы-жақшасыз өрнектердің мәнін табу.
  • Теңсізідіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау.
  • Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді; күрделі теңдеулерді шешу.

3-сынып.
  • Бір-екі әріпі бар өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.
  • Әріптердің берілген мәндерінде екі әріпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.
  • Көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану.
  • Санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын жағдайларды әріпті теңдік түрінде көрсету.
  • Әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру.
  • Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.
  • Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну.
  • Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.
  • Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі теңдеулерді теңдеулерді шешу.



4-сынып.
  • Санды және әріпті өрнектерді түрлендіру.
  • Әріптердің берілген мәндеріндегі бірнеше әріпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.
  • Әріпті өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану.
  • Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану.
  • Бөлшектің негізгі қасиетін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану.
  • Бөлшек санды өрнектерді салыстыру.
  • Төрт амалдан артық жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.
  • Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы арақашықтық формуласын қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды/қалдықпен бөлу формуласын шығарып алу және қолдану.
  • Қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет