Курстық ЖҰмыс пән: Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі Тақырыбы



бет2/5
Дата23.04.2024
өлшемі73.32 Kb.
#499611
1   2   3   4   5
Асель курстық жұмыс

Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету. Жұмбақ қою арқылы баланың ой- өрісін дамыту. Мақал- мәтелмен сөздік қорын көркемдеу. Бастауыш мектептің оқу процесінде қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері :
1. Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
2. Ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
3. Жұмбақ арқылы ойын дамыту;
4. Мақал - мәтелдер арқылы пайымын жақсарту;
5. Педагогикалық, психологиялық және әдебиет тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық тұрғыдан талдаулар жасау.
6. Бастауыш мектептің оқу процесінде халық ертегілерін қолданудың ролі мен мәнін анықтау.
7. Ана тілі сабақтарында халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі : Мектеп оқушылары. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру . Ертегілер , мақал – мәтелдер арқылы оқушы пайымын кеңейту.
Зерттеудің болжамы: Мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.


I ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР ОЙЫН ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

    1. Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды пайдаланудың тиімді әдіс тәсілдері

Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда», «Ертеде бір бай болыпты, бір перзентке зар болыпты», «Ерте, ерте, ертеде, ешкі өұйрығы келтеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші алықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет – ғұрпы, елдік тарихы, қилы- қилы қиынасулары, халықтың мұң – шер, арман – мұраты бейнеленген.Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов үш жікке бөлді: қиял –ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер.Бастауыш сыныпта ертегілерді оқытудың маңызы өте зор. Ертегі балалардың ой- өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады. Ертегіден өз халқымыздың тұрмыс – салтын, әдет –ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиғалар мен қиял – ғажайып оқиғалар араласып келіп отырады. Жаңа буын оқулығында «Ертегілер» тақырыбына едәуір орын берілген.Тақырыбымды өорыта келе, қазіргі таңда ертегілерді оқыту сабақтарының мәні ерекше. Өйткені оқушылардың ой – өрісі, сөйлеу тілі дамып, шығармалармен жұмыс істеуге үйренеді.Оқушылар өмірдегі қоғам шындығын тіл арқылы біліп, сезіну, түйсіну және үйрену жолымен білімін молайтады.Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұмыс – тіршілігі, әдет – ғұрыпы, елдік тарихы, қилы – қилы қиын асулары, халықтың мұң – шері,арман – мұраты бейнеленген.Ертегіден өз халақымыздың тұрмыс – салтын, әдет – ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиғалар мен қиял – ғажайып оқиғалар араласып келіп отырады. Жаңа буын оқулығында «Ертегілер» тақырыбына едәуірорын берілген.Сонымен қатар түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оқушылардың сөздік қорын,тілін дамытуға болады. Оқушылардың әдеби сөйлеу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға және меңгерген тілдік заңдылықтар менережелерді тәжірибе де орынды қолдануына арналған түрлі әдістер оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын туғызумен қатар олардың тілдік қатынасқа түсу белсенділігін арттырады. Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой –өрісін, дүние танымын жетілдіруде жаңаша әдістер тиімді нәтиже береді.ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра[1].
Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән — мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі» бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар[2]. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді. Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы болып бөлінеді.Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар.
Тұрмыстағы басқа заттар көмектеседі.-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілерің өзіне тән.Қазақ халық ертегілерінің ерекшелігі — өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады.Қазақ халық ертегілері жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қазақ халық ертегілерін пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Кейде өмірде қиын жағдайлар кездесіп жатады. Не істеу керек? Қандай дұрыс шешім қабылдау керек? Осы сұрақтарға жауап табу үшін ертегі бізге асығады.Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдар да, және әйелдер бейнесі де бар.Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу[3]. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. “Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.“Ер Төстікте” кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. “Ер Төстік” әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған.Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстарша басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген ел жылқысы алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кмпірдашығуы- бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс — “Шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі”. Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөр құдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі. Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.Жылан патшасы бапы Ет Төстікпен достасып, оны жер астының патшасы Темір ханға жұмсайды. Ертегі оқиғасы қиындай, шеленсе түседі. Темір ханға беттеген сапарында: шаужұқпас, Саққұлақ, Таусағар, Көлтауысар, Қиян-қырағы тәрізді. Жақсылық иелері болмаса, Ер Төстіктің не болары белгісіз еді. Қиын жағдайда көмектесу үшін және зұлымдық өкілдерін Ер Төстіктің жеңіп шығуы үшін енгізілген бұл эпизодтық қаһармандар, бір жағынан, ертегіге қиял-ғажайыптың сипат берсе, екінші жағынан, темір хан мен Кенде ханды қалай жеңгеніне дәлелдеме болып отыр.Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі – Ер Төстіктің жер бетіне шығып, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. “Ер Төстік” ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы – жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, “барша мұратына жетеді”. Бұл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім.Ең алғаш ертегілерді В.В.Радлов, Ы.Алтынсарин, Потаниндер жинап бастады. Олар ертегілерді халық аузынан жазып сақтап қалуға тырысты. Ертегі жинаушылар халық шығармашылығын өз қалпында жазылуын және басып шығарылуын қолға алды.Ерте заманнан ертегілер үш үлкен топқа бөлінгенін білеміз. Бірақ олардың арасын нақты айырып тастауға да болмайды. Мысалы, хайуанаттар туралы ертегілерде сиқырлы элементтер кездесіп қалады және керісінше.Хайуанаттар туралы ертегілер ең көне ертегілерге жатады. Ертегі кейіпкерлері қасқыр, бөдене, түлкі, құмырсқа «Түлкі мен ешкі», «Ақымақ қасқыр», «Құмырсқа мен бөдене». Әдетте барлық оқиға бір жануардың айналасында өтеді, мысалы түлкі – айлакер, қу. Қазақ ертегілерінде түлкі кейде жеңіліске де ұшырап қалады. Мысалы «Түлкі мен тырна» ертегісінде тырнаға қонаққа келген түлкі одан аш кетеді. « » ертегісінде өз ақымақтығынан аңшылардың қолына түседі.Қазақ халық ертегілерінде құмырсқа еңбекқор, төзімді, ақылды болып көрсетілген. Ол тыным таппай еңбектенеді. Өзі кішкентай-ақ бола тұра алып күштің иесі. «Құмырсқаның қанағаты», «Бөдене мен құмырсқа».Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.«Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. Яғни,балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.Руханилық — жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүние жүзі балалары «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылығы.Қазақ халық ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді

1.2 Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға


адамгершілік тәрбие беру жолдары.
Бала балғын тал, ересек адам – бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан, баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жаныны небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты. Ана тілі бастауыш мектептегі негізгі де, маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасаумен дүниетанудың құралы, баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие.
Бастауыш сыныпта оқылатын ана тілі сабағы аса маңызды дидактикалық міндеттерді де шешуге тиіс.
Ана тілі байлығы мен осы тілде жасалған әдеби шығармалар арқылы оқушының рухани деңгейі артады. Ана тілін оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі түрде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді, интегративті ұштастыра меңгеріледі.
Ана тілі пәнінің негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диологтық және монологтық сөйлеуін дамытады.
Ана тілі пәні бойынша балаларға берер тәрбиеміз ерекше. Бұл пәнді оқыту барысында дидактикалық міндеттерге тоқталсақ мынадый:
- жалпы оқу дағдысымен машығын қалыптастыру;
- оқушылардың айналадағы дүние (адам, табиғат, қоғам) туралы түсініктерін байыту;
- оқушылардың идеялық, мінез-құлықтық тәрбие беру;
- оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналасындағы дүниемен жекебас – тұлғалық қатынасын этикалық, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени – рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асуға болады. Осымен байланысты бағдарламада халқымызға тән әдептілік, имандылық, қонақжайлық, мейірімділік т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер, тіпті табиғат пен адамды бірлікте қарастыратын ұлағатты пікірлер қалыптасқан
1 – 4 сыныптардағы ана тілі бағдарламаларында оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру жұмыстары негізінен халқымыздың мәдени, рухани дүниесінің терең деңгейін көрсетіп бейнелейтін ертегілер, аңыз-әңгімелер сияқты қасиеттерге тәрбиелеу, ең алдымен, халқымыздың осы санадағы озық әдет-ғұрыптарына, дәстүріне, бай мұрасына негізделіп жүргізілетіні нақтылы көрсетілген. Білім мазмұнын мектепке тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу - әдістемелік құралдық шамамен алғандағы тізімін алдын-ала білу. Тізім ең алдымен, қандай оқу -әдістемелік құралдардың қажет екенін біліп, білім мазмұнының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық т.б. мақсат, міндеттерін, толық, жан-жақты жүзеге асырып, әдістемелік жүйе түрінде құруды бағдарламаға мүмкіндік береді.
Ана тілі пәні бойынша мектеп оқушыларын ертегілерді оның ішінде қазақ халық ертегілерін оқыта отырып, ар-намысқа, адамгершілікке тәрбиелейміз.
Ертегіге бай елдердің бірі – қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар ХІХ ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В.Радиов, Г. Потанин, И. Березин; Ш. Уалиханов сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінде де мол орын алғаны бар. Қазақ тілінде мектеп оқу құралдарының барлығын да көп жылдардан бері халық ертегілерінің әр алуан үлгілері жарияланып, зерттеліп, оқылып келеді.
Халық адамгершілік пен әділеттілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден –ақ өте жоғары бағалап, әңгіме, ән-жырға, ертегі-аңызға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі. Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді.
Қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие қалыптастыруда ана тілі пәні сабағының өзіндік ерекшелік мәні зор. Ана тілі сабағында ертегіні пайдаланар алдында жас ерекшелігіне қарай сынып оқушыларын бір тақырып бойынша үш звонаға бөліп, І – звеноға сол ертегі бойынша диалог – монологтың түрде тексті дұрыс оқу, ІІ- звеноға сол ертегігің ішіндегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу және атап түсіндіру, ІІІ- звеноға сахналық қойылым ұйымдастыру. Сонда өзі берілген 1 немесе 2 сабақты уақыт өлшеміне қарай пайдалану.
Сол ертегідегі адамгершілік тұстарына ерекше тоқталу. Адамгершілік тәрбиесіне қандай қосымша процестер (кішіпейілділік, ақылдылық, кешірімділік) т.б. жатады, ол қай тұстарда баяндалады, тұспалдап айтқызу, мазмұнын қызықты етіп айтып береді.
Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздерді талдай отырып түсіндіргенде пайдалы; деректі ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, фактілер келтіру, әңгіме айту; сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану, бірақ мұнда диафильмдерді бастан аяқ көрсетудің қажеті жоқ үзінді ғана алу керек; сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі; мысалы, “Ғажайып бақ” ертегісінен келтірілген оқушыға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру тәсілдерін талдап көрейік:

  • ұлтарақтай жер – азғантай,

  • болмашы жер – тәсіл (б)

  • ай десе аузы, күн десе көзі – асқан сұлу, өте көрікті – тәсіл,

  • жұбаныш – көңілге сүйенім, алданыш, мадет – тәсіл (б)

  • үміті – тілегі, міндеті – тәсіл (ә)

  • қолданып - әзірленіп, дайындалып – тәсіл (з)

  • жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өнімі, індеті – тәсілі.(ә)

  • жүгіну – бұл жерде арадағы дау – жанжалды

айтыс - тартысты дұрыс шешу үшін әділдік тілеп, төрешіге жүгіну, өтіну
Бас ию, табыну, үкім шығару тәсіл (а)

  • жаны ұдай ашыды – қатты алды, қайғырды – тәсіл (ә)

  • таңым – ізет, құрмет - қошамет – тәсіл (ә)

  • шегендеу, қалау, жинау – тәсіл (ә)

  • кіріптарлық, жоқшылық, қиыншылық, тәуелділік – тәсіл (б)

  • ширігіне келмиді – теңесе алмады – тәсіл (ә)

Жалпы бастауыш мектептегі сөздік жұмысы төрт түрлі бағытта жүргізіледі:
Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға олар бұрынан білмейтін, жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;
Сөздіктерін анықтау, яғни бұрынна білетін сөздерінің мағынасының түсініктерінің тереңдете түсу;
Сөздіктерін қолдануға мүмкіндіктер жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше ыңғайына қарай, көбірек сөз қосып отыру;
Әрбір тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстау. Әрине, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Оқулыққа шыншыл ертегілердің “Ғажайып бақ”, “Өнеге”. ”Хайуанат” жайындағы ертегіден “Түс көрген патша” енеді. “Ғажайып бақ” ертегісінің оқиға желісі қызықты. Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасен - қарапайым еңбек адамдары. Ертегінің негізгі идеялы – қарапайым адамның ісі мен ақылы ардақтау. Көңілі ақ, жүрегі таза Қасен бір кездері басына қиыншылық түскен кезде Асанның бөліп берген жерінен ішіне толтырып алтын салған бір қара қазанды тауып алып қуанышы қойнына сыймай, қазанның құлағынан сүйрей, досының үйіне қарай жүгіреді, ал Қасен алтынды алудан бас тартып “бұл сол жерін маңдай терін төгіп, еңбек еткен адамдікі” деп Асанның өзіне қайтаруы – адалдықтың пәктіктің үлгісі.
“Дайын алтынды балалар неге алмады” деген сұраққа жауап Асан мен Қасеннің балалары да өздеріне тартқан адал, шыншыл екендігін көрсетті. “енді алтынды кім алуы керек.” Деген сұрақ ертегідегі оқиға желісінің өрбуіне әкелді. Ақыры алтынды “осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жинаған саялы бақ өсірер едім” деп шешім айтқан қарияның үшінші шәкірті алады да арманына, тілегіне жетеді.
Әрине, ертегіде жас жігіт арманына жету жолында басқа да шытырманды оқиғаны басынан кешіреді, оның рахымдылығы мұратына жетуге себепші болады.
Бұл ертегілердегі оқиғаның шарықтау шегі. Оқушыны ертегінің ретімен, жүйелі айтуын оны бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қою көмектеседі:
І бөлім: Қасеннің жұтқа ұшырауы.
ІІ бөлім: Асанның достық көмегі.
ІІІ бөлім: Алтын салынған қара қазан.
ІV бөлім: Кедейлердің қарияға жүгінуі.
V бөлім: Қарияның шешімі.
VІ бөлем: Жас жігіттің рақымдылығы.
VІІ бөлім: Халықтық рахатқа кенелуі.
Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасенге адал, еңбекқор достыққа берік деп, қарияға әділ билік айта алатын, шыншыл деп, қарияның үшінші шәкірті қайырымды, рақымды, елін сүйген ер деп мінездеме беру басрысында оқушылардың өз сөздерін ертегі оқиғасынан мысал келтіріп дәлелдеуі тапсырылған жөн.
Ертегіде суреттелетін, ғажайып бақтың көрінісін оқушылар жас шыбықтар көктеп өсіп, жұпар иіс, қып-қызыл нарттай алмалар, пісіп тұрған жүзім, бал татыған өрік, жарқыраған көл, көкорай шалғын, арықтардың суы сылдыр қағады т.б. сөз тіркесін қолдану арқылы бейнелеп айтуы керек. Осыдан бақтың көрінісін көз алдарына елестетіп, қиялдарына туғызады, оны қылқаламның көмегімен қағаз бетіне түсіруге тырысады.
Ал ертегі бойынша біз қандай сөздермен жұмыс жасауға болатынын жоғарыда атап өттік.”Сен өзің осы алтынды қайда жұмсар едің” деген сұрақ сабақта пікірталас туғызды. Негізгі идеясы ”Не істесең де ойлап істе”, ойламай іс қылсаң, қор боласың деп келген.
Қай ертегінің болмасын түп нұсқасы халықтың сан мыңдаған жылдар бұрын туындағын, арманынан, қиялынан шыққандығы анық. Дегенмен де әр ертегіде бір шындық. Оны мысалға ұлы жазушы М. Әуезовтың мына сөздерінен байқауға болады. Тарихта, ел жадында аты қалған, белгілі бір қылық әрекетімен елге даңқты кісі болса, соның өмірінде шын әрекетімен болған мінез - құлқынан туғызып, қиялдың тың ісі, оқиғалар тізіледі. Осындай әңгімелерді аңыз немесе ертегі дейді. (М. Әуезов Ертегілер І том. жазушы) 1988, 40 бет). Ертегіде айтылып отырған оқиға сол адам басында айтылған күйінде болмауы да мүмкін. Тек сол адамдарды халықтық ескіліктің көркем әңгімесі ескі күндерден ұмытпай сақтайды да, өмір еңбектерін сүюден, қызық көруден, көпшіліктен көрі ерекше жандар деп санаудан барып, тарихта шын болған адамдардың басына тірлік әрекетіне, елдің өз әңгіме, қиялы қосқан із, мінез, сөздерді жамайды. (М. Әуезов 40 бет). Оқулықта Фараби, Асан қайғы, Алдар көсе басына құрылған аңыздар берілген.
”Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай” аңызында алдардың Шығайбайды алдап, мазақ еткені көрсетіледі, мұндағы бай ешкімді қондырмайтын, қондырса дәл бермейтін екен. Үйіне кісі келсе, оның жауабы:
- Шық, әй! – екен. Осыдан жұрт оны ”Шығайбай” атап кеткен. Міне, осындай өзі тойса да көзі тоймайтын, қатты сараң адамды алдар бірнеше рет алдап, әбден мазақ етеді. ”Шықбермес Шығайбай мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын” деп өзіне ант беріп келген Алдар жабықтан сығаласа, Шығайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйітіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. Алдар үйге кіріп келгенде бұлар қолдарындағын жасыра қояды. Сонда Алдар өзінің жолда келе жатқан үлкен сары жылан көргенін
Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай,
Артың – кем қып асырмай,
Шын айтқанда жасырмай,
Таспен ұрдым жіберіп,
Күң астындағы басындай,
Былш етті иленіп,
Бәйбіше астындағы нанындай,
Өтірік болса сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай –
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды алып ұрламай,- дейді.
Алдардың бұл қылығы оқушыларда күлкі туғызып, шығарманы жылы қабылдауына септігін тигізеді. Мұғалім ертекті Алдардың сараң байда тағы да бірінші рет алдағаны сөз болатыны, оны үйде оқып келулеріне тапсыруға болады.
Шығарманы оқудың екінші сағатында оқушылар Алдардың қылықтарын қызыға әңгімелейді. Алдар мен Шығайбайдың іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдіреді. Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі санасының бірі – осы ертегі болмақ. Қазақ халық ертегілерін тарихтың үш үлкен дәуірге бөліп талдаймыз.
Мұның бірінші дәуірі – есте жоқ ескі замандардан басталып, өткен ғасырдың 60- шы жылдарына дейін созылған. Қазақстандағы феодализм дәуірімен байланысты ертегілер болады. Екінші топ ертегілері – 60 жылдардағы Россияда және сол россияның бөлімі – Қазақстанда болған реформалардың соңғы тарихи дәуірдің шаруашылық – қоғамдық, тарихтың ерекшеліктерімен байланысты болған ертегілер тобы.
Үшінші топ социализм дәуірінің ертегілері есебіне топталып тексерілетін болады. Қазіргі ең алдымен зерттелетін талданатын бірінші дәуір феодализм дәуірінің ертегілерін жалпы советтік фольклористика ғылымы қолданған методология бойынша, шартты түрде, үш салаға бөліп зерттеу жүргіземіз.
Дәуір ертегілерін қай жағынан зерттесеңіз де балалар үшін ең алдымен адамгершілік қызметінің зор екенін көреміз. Әр сыныпта әр сабақта ертегі тақырыбы сөз болған өткенге талдау жасап, ондағы жақсы жақтарын бойларына сіңіруге көмектесуіміз тиіс.
Ертегі – бастауыш мектеп жасындағы оқушының қиялына қозғау саналады.
Шәкірттердің саналы тәртібі, мінезі туралы түсінігі қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне адамгершілік тәрбиесіне байланысты.
Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғанып, біздің заманымызға жетіп отыр.
Ұлттық мінез-құлықты халықтың бай тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз.
Қазақ халқының адамгершілік іс-әрекеті негізінен ол көшпенділік өмір салтына, үнемі өз жерін шапқыншылардан қорғау барысында, көршілес халықтармен қарым-қатынастарда қалыптасады.
Біздің халық момындықты, бой ұсынушылықты, бейбітшілікті құрметтейді. Оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды. Оқыта отырып өскелең ұрпақты тарихи шежіре, яғни ертегі-аңыз, жаңылтпаш, жұмбақтарды жете түсінуге үйретеміз.
Ертегінің тілінде жеңіл сөз, желдіршелі фразалар жоқ. Оқиға басынан –ақсылбыр, баяндалады. Оның мақсаты – асықпа, оқиға жеңіл емес, ауыр әңгіме ұзаққа созылады дегенді білдіру болса керек.
Ертегінің лексикасы мен синтаксисі халықтық ойлау тілінің байлығына негізделген. Тілі біздің дәуірімізге бұзылмай, шұбарланбай жеткен.
Бұл бұрынғы көне заманғы ертегілерге жатса, қазіргі заманғы ертегілердің ерекшелігі мен алатын орны қандай болмақ. Қазіргі қазақ ертегілерінің барлық түрлеріне де сол тұрмыс болмысқа кірген жаңалықтардың неше алуан ықпалы, әсері араласады.
Бұл әсерді жаңағы аталған дәуірде айтылатын, ескі заманнан келе жатқан қиял – ғажайып ертегілерінің өздеріне қосылған үстеме жаңалық, жаңғырудан да байқауға болады. Қазақ ауылында бұл кезеңдерде салттың өзгеруімен қатар, қоғамдық өзгерістерде көрініс береді. Үстем таптың өзінің арасында да қалың көпшілікке ықпалын жүргізу үшін тайталас – бәсеке басымдайды. Бұрын қазақ ортасына дегенін жүргізіп келген мұсылман дін басыларының ықпалы да, кей жағынан, Россия мәдениетінің тарай түсуі нәтижесінен азая түседі. Қазақ даласында реформадан соңғы дәуірде біріне-бірі қайшы, қарсы ағымдар, салт-саналар пайда болады. Реакциямен консенвативтік үгіт таратушы қазақ шонжарлары татар, бұхар хазіреті, ишандары осы реформадан соңғы дәуірді қазақ ертегі - әңгімелеріне де өздерінің діншіл- реакцияның ықпалын таратуға тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет