Курстық жұмыс Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі Мамандығы: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Ақпараттық-коммуникативтік технология – білім беру нәтижесінің ажырамас бөлігі ретінде



бет3/7
Дата19.12.2023
өлшемі52.25 Kb.
#486903
1   2   3   4   5   6   7
Курстық жұмыс - Жекен Мадияр

1.2. Ақпараттық-коммуникативтік технология – білім беру нәтижесінің ажырамас бөлігі ретінде
Ақпараттық-коммуникативті технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар ақпаратты-коммуникативті технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пән аралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасайды. Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады, бала өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйренеді.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникативті технология элементтеріне:

  • Электронды оқулықтар мен әдістемелер,

  • Интерактивті тақта,

  • Электронды энциклопедия мен анықтамалар,

  • Интернет желісі,

  • Суреттер мен көрнекіліктері бар DVD және CD дискілер,

  • Видео және аудиотехника,

  • Ғылыми-зерттеужұмыстары мен жобалар

  • Power Point бағдарламасында жасалынған презентациялар жатады[18,53].

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялау дың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Ақпараттық технологиялар туралы көптеген тың пікірлер бар. В.Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады.
Ал, білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттықтехнологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» – мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиясымен сипатталады.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың өзіндік тиімділігі бар.
Атап айтқанда:

  • Оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен мәтінді тыңдайды, бейне сюжеттерді көре алады;

  • Аз уақытта оқушы көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді;

  • Қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады;

  • Мәтіндерді оқу арқылы есте сақтау қабілеті артады;

  • Қажетті ақпаратты жедел түрде алады;

  • Аудио кассеталар мен CD дискке қажетті материалдарын көшіріп жазып алады;

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттар мен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі [9,47].
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Сонымен бірге бұл сабақтарда электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамыту, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыру, дербес жұмыстарын ұйымдастыру тағы басқа сияқты оқушы белсенділігін арттыруда маңызы зор.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл,әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. Оқу-тәрбие үрдісінде «Activstudio» бағдарламасымен қамтамасыз етілген Activord интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін барынша қолдану өз нәтижесін береді.
Қазіргі уақытта сабақтарды мультимедия арқылы модельдеу, жеке тұлғаның компьютер арқылы қатысымға түсу мүмкіншілігін туғызу арқылы тілдік қатысымға еркін түсе алатындай білікті, қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты қарастырылды. Олай болса компьютер – мультимедиялық білім алудың негізі [20,34].
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет