Курстық жұмыс Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі Мамандығы: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет6/7
Дата19.12.2023
өлшемі52.25 Kb.
#486903
1   2   3   4   5   6   7
Курстық жұмыс - Жекен Мадияр

3. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 4 сыныптар арасындағы ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологиясының қолдануының талдамасы
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланып өткізілген сабаққа талдау жасап көрейік.
№20 орта мектепте практины өту барысында мына сыныптармен тәжірибе жүргізілді 3 және 4 сыныптар арасында. Бірінші аптада 4 «А» және 4 «Ә» сыныптармен жұмыс істелінді. «Travelling about London» тақырыбында. Бірінші тәжәребие өткізілген 4 «А» сыныбы болды. Өткізілген мақсаты оқушыларды өз көзқарасын білдіруге және топпен жұмыс істеуге үйрету; оқу,тыңдау, сөйлеу дағдыларын дамыту; Лондонмен және көрікті жерлерімен таныстыру.
Сабақта қолданылған көрнекіліктері: презентация, бейнеролик пен суреттер интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.
Сабақ барысында интерактивті тақтада суреттер көрсетілген, суреттерде сұрақтар жасырылған, сол сұрақтардың жауабын табу арқылы, тақырыпқа арқау болатын қаланың атын табады.
Сабақтың толық мазмұнын ашу үшін әр аялдама сайын түрлі тапсырма беріледі, мысалы, бірінші аялдамада бейнеролик көрсетіліп, оқушылар қойылған сұрақтарға соның негізінде дұрыс немесе бұрыс екеніне жауап береді. Екінші аялдамада, топтық жұмыс яғни бір топ суретпен сөйлем құрастырса, екінші топ Лондонның көрікті жерлерін атайды, ал үшінші топ хат жазады. Үшінші аялдамада плакат жасау, кітаппен жұмыс және диалог құрастыру қажет болса, соңғы аялдамада интерактивті тақтада көрсетілген бірнеше сөздермен сөйлем құрастырады.
Сабақты бағалау үшін белсенді қатсықан оқушыларға берілген смайликтер есепке алынады.
Қорытындылай келе, сабақтағы жаңа материалды оқушылардың қабылдауы көру, тыңдау, түсіну арқылы жеңіл болды. Ол өз кезегінде оқушылардың сабақты меңгеру деңгейіне әсер етті.
Жоғарыда аталған «Лондонға саяхат» тақырыбын 4 «Ә» сыныбымен оқытудың дәстүрлі формасын қолдану арқылы өткіздім. Нәтижесі келесідей:
4 «А» және 4 «Ә» сыныптарында өткізілген сабақтарды қортындылайтын болсақ, сабақты меңгеру нәтижелері келесідей: АКТ-сын пайдаланып өткізілген сыныпта 29% - өте жақсы, 16%- жақсы, 5%- қанағаттарлық деңгейде тақырыпты меңгерген. Ал келесі 4 «Ә» сыныбында 21% - өте жақсы, 19%- жақсы, 6%- қанағаттарлық меңгерген . 4 «Ә» сыныбының 4 «А» сыныбы сияқты жоғары деңгейде меңгермеудің төмендеуінің бірден-бір себебі сабақтың көрнекілігі тек фотосуреттер мен плакат болғандықтан, оқушылар тек ауызша қойылған сұрақтарға жауап берді, бұл кезде оқушылар сұрақтың мәтінін көрмегендіктен оны түсініп, жауап беру уақыт алды, сондай-ақ Лондонның көрікті жерлерін көру арқылы сөйлем құрастырумен салыстырғанда, тек берілген сөздерге қарап сөйлем құрастыру жаңа сабақты қабылдау барысында қиындық туғызды.
Үшінші аптада 4 «Б » сыныбымен «Food, food, wonderful food» тақырыбында өткізілді. Сабаққа қойылған мақсат тақырып бойынша жаңа лексиканы енгізу.Mach, many грамматикалық құрылымын түсіндіру.
Сабақ Warming upпен басталды. Оқушылар тақтаға шығып шеңбер құрып бейнероликті пайдаланып өлең айтты. Интербелсенді тақтада қимылдар көрсетіліп, айтылды (Make a circle big, big, big; small, small, small; big, big, big;Make a circle small, small, small; Hello, hello, hello) оқушылар қайталады. Келесі кезеңде фонетикалық жаттығу өткізілді. Презентацияда [i:] дыбысына байланысты сөдер шығып оқылды. Жаңа тақырып бойынша лексика және грамматикалық тақырыпта презентация арқылы түсіндірілді. Грамматикалық тақырыпты бекіту мақсатында интербелсенді тақтада екі кесте берілді сол кестелерге оқушылар кезекпен шығып жаңа сөздерді бөліп жазды. Келесі кезеңде сергіту сәті оқушыларға бейнеролик көрсетілді сол жердегі іс-әрекеттерді қайталады.Сабақ соңында оқушылармен ойын ойнатылды. Бұл ойын шарты оқушыларға суреттермен парақтар таратылды. Оқушыларға CD дискіні пайдалану арқылы әртүрлі сөдер қосылды. Егер айтылған сөз парақтарында болса оқушылар өздеріне белгілейді. Айтылған тақырыпты қортындылайтын болсақ оқушылар жаңа лексиканы және грамматикалық тақырыпты өте жақсы меңгерді.Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болды. Ағылшын сабақтарында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: лексиканы оқып үйретеді; сөйлеу ырғағын; диалог, монолог және рөлдік ойындарды; хат жазуға үйретеді; грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. 4 «Б » сыныбы сабақты 55 % - өте жақсы,28 % - жақсы, 17 % - қанағаттанарлық деңгейде меңгерген.
Аталған тақырып бойынша 4 «В» сыныбында сабақ өткізілді. Сабақ шаттық шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы сөздер айтудан басталды. Фонетикалық жаттығу әр оқушыға [i:] дыбысы жазылған парақтар таратылып сол бойынша оқытылды.Келесі кезеңде жана лексика мен грамматикалық тақырып тақтада ілінген кесте бойынша түсіндірілді. Грамматикалық тақырыпты бекіту үшін тақтада 2 бағанға бөлінген кесте болды. Оқушылар жаңа сөздерді бөліп жазды. Сергіту сәтінде оқушылар орындарынан тұрып жаттығулар істеді.Соңғы кезеңде ойын ойнатылды. Бұл ойында окушыларға әртүрлі суреттермен парақтар таратылды. Содан соң оқушыларға әртүрлі тағамдар айтылды, егер оқушыларда сол тағам болса өздеріне белгіледі. Сабақ соңында оқушыларға баға қойылды.
Сабақты 70% - өте жақсы , 17% - жақсы, 13% - қанағаттанарлық деңгейде меңгерді. Бұл көрсеткіштердің төмендеуінің себебі бұл сабақта АКТ қолданылған жоқ. Балалардың саббақа деген қызығушылықтары жоғары болған жоқ және әр тапсырманы түсіндіру үшін уақыт көп жұмсалды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет