Курстық жұмыс Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі Мамандығы: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Бастауыш мектептердегі ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі мен орны



бет5/7
Дата19.12.2023
өлшемі52.25 Kb.
#486903
1   2   3   4   5   6   7
Курстық жұмыс - Жекен Мадияр

2.2. Бастауыш мектептердегі ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі мен орны
Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар жедел ақпараттандыру білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындайтыны анық. XXI - ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына дамыту әрбір ұстаздың міндеті.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияның маңызы ерекше болғандықтан оқушының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект ретіндегі дамуының алғы шартының бірі. Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам. 
Ақпараттық технология:

  1. Объекті үрдісінің немесе құбылыс күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс;

  2. Ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы;

Мектепке жаңа келген бүлдіршін қабілеттерін арттыру, білімге қызығушылығын шығармашыл деңгейге көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бастауыш сынып мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Осы орайда оқыту әдістерін жетілдіруде тікелей білім беру жүйесінде тұтас ақпараттық технология дамытуға үлес қосады [15,45]. 
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық коммуникативтік технологияны таңдау. Білім мазмұны оқушылар негізінен оқулық немесе электрондық оқулық арқылы беріледі. Сондықтан адамның құндылығы, құндылық қасиеттері, оның іс-әрекетінің нәтижелері арқылы бағаланады.
Бастауыш мектептердегі ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:
- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
- Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
- Шығармашылық жұмыстар жасайды;
- Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
- Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
- Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;
- Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.
Ақпараттық технологияларды пайдалану барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады, қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады және білім беру үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетінің дамытуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрi ретінде қарауға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің басты шарттарының бірі оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына мүмкіндік беру, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуін есепке алу [3,58].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет