Кестенің қасиетін беру
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:
2 – кесте Validity Checks қасиеттері.
Required Field
|
Бұл индекаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.
|
Minimum
|
Мәннің минимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
|
Maximum
|
Мәннің максимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
|
Default
|
Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.
|
Picture
|
Енгізілетін мәннің түрін корсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны (## - ## - ##).
|
Assist
|
Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.
|
Table Lookup – бұл бөлім берлген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup – ті таңдағаннан кейін Define – анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.
Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның cол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға мүмкіндік береді:
Unique
|
Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір – біріне ұқсас өрістер болса.
|
Descending
|
Бұл опция кестені кему бойынша реттейді.
|
Case Sensitive
|
Бұл опция енгізілген символдардың регистріне назар аударады.
|
Maintained
|
Егер бұл опция тұрса, онда кестеде өзгерістерден кейін индекс ауысып тұрады.
|
Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |