Курстық жұмыс Тақырыбы: «Пошта бөлімшесінің жеткізу бөлімінің мәліметтер қорын құру»



бет5/14
Дата26.02.2023
өлшемі343.5 Kb.
#470085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1805 83 22-

Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал басқасы – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.
Update rule – радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit – ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс блады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.
Strict Referential индекаторын орнатқанда Paradox – тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жолбермейді.
Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.
Password Security бөлімі Paradox – та құрылған кестелерге және оның әр өріс жазбасына пароль қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын басу керек, сонда диалогтық терезе шығады. Диалогтық терезеде басты парольді (Master password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға (Verify master password) мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша парольдар) батырмасын бассақ қосымша парольдарды тағайындауға және өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.
Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас болуға тиісті емес), бұл пароль арқылы сіз қатынау ережесін құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы) радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.

All

Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.

Insert & Delete

Кестедегі жазбаларға барлық операциялар қолданылады (редактірлеу, қою, өшіру), бірақ кестенің құрамын өзгертуге және жоюға тиім салынады.

Data Entry

Мәліметтерді редактерлеуге және жазбаларды қоюға болады, бірақ оларды өшіруге және кестенің құрылымын өзгертуге, өшіруге тиім салынады.

Update

Кестені көруге және кілті жоқ өрістерді өзгертуге береді.

Read Only

Тек кестені көруге болады.

Table Language – бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет