Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет1/10
Дата15.05.2023
өлшемі376.11 Kb.
#473713
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қойтбай Нұрила


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Жиіліктік модуляциясы бар хабар тарату радиожүйесі үшін жиілік белдеуінің енін бағалау әдістері
Орындаған-Қойтбай Нұрила
Тобы-РТ-211к-21
Қабылдаған-Исмаилос Ж.Т

Қарағанды,2023




МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1 ЖИІЛІКТІК МОДУЛЯЦИЯСЫ БАР ХАБАР ТАРАТУ
1.1 Модуляция туралы жалпы түсінік..................................................................5
1.2 Жиіліктік модуляция.........................................................................................8
1.3 Жиіліктік модуляциялы (ЧМ) радиотарату құрылғылары.........................13
2 РАДИО ЖҮЙЕСІ ҮШІН ЖИІЛІК ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жергілікті радиоарналарда цифрлық теледидарлық хабар тарату.............15
2.2 Радиотарату құрылғысын есептеу әдістемесі...............................................18
2.3 Радиотартқыштардың автогенераторлары мен синтезаторлары................21


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................27


КІРІСПЕ


Курстық жұмыстың өзектілігі:
Радиотарату құрылғылары– радиосигналды генерациялайтын және қалыптастыратын құрылғылар. Сигналды қалыптастыру (модуляция) хабар заңдылығы бойынша жүзеге асырылады.
Болашақта радиотарату құрылғыларының дамуы екі бағытта, яғни жиілік диапазоны жағынан - опто-талшықтық байланыс желілерін, ал элементтік базасы жағынан - шала өткізгіш транзисторлар, Ганн диодтары және осы заманғы электронды шамаларды қолдану арқылы болмақ.
Радиотарату құрылғыларын жетілдіру транзисторларды жасаумен тікелей байланысты. Транзисторлық радиотаратқыштарды пайдалану арзандау түседі, транзисторлар төменірек кернеу қолдануға мүмкіндік береді, ол қыздыруды талап етпейді.
Бүгінгі күні аса жоғары жиілікті транзисторлар мен құралдар кеңінен пайдаланылуда.
Қазіргі радиотехникалық аппаратурада қуаты 10 кВт-қа дейінгі жоғары жиілікті тербелістер транзисторлардың көмегімен генерацияланады. Жеткілікті деңгейде қоздырған жағдайда мұндай генераторлардағы транзисторлардың кедергісі өте кең аралықта, тіпті нµлден шексіздікке дейін өзгереді. Генератордың мұндай режимі “кілттік” деп аталады. Кілттік режимдегі транзисторлық генератор әдеттегі кем кернелген немесе артық кернелген режимде істейтін генераторлардан жоғары ПӘК пен сенімділігімен ерекшеленеді, себебі берілген генерацияланатын қуатта транзисторлардағы шығындар жоқтың қасында болады. Мұнда транзистордың көрсеткіштері генерацияланатын қуатқа аз әсер етеді, сондықтан генераторды өндірісте нақыштауы оңайлап, оның температура мен қоздыру кернеуінің өзгеруіне деген сезімталдығы кемиді. Алайда, кілттік генератордың артықшылықтары тек біршама төмен, транзистордағы процесстердің инерттілігі әсер етпейтін жиіліктерде ғана толығымен ашылады. Жиілік өскен сайын кілттік қасиеттері нашарлайды, ал 100…200 МГц –тен жоғары жиіліктерде кілттік режим мүлде жүзеге асырылмайды. Осылайша кілттік режимді пайдалануға болатын көптеген аралық жиіліктері бар болғанмен ауыстырып қосу процесстерінің инерттілігін де есепке алу қажет.
Отандық және шетел ғалымдарының гармоникалық тербелістер транзистордық генераторларының теориясы мен жобалауына алналған еңбектері аз емес. Осы оқу құралында сырттан қоздырылатын генераторлардың түрлі сұлбаларының теориясы мен оларды есептеу жолдары талқылынады. Радиотарату құрылғыларының теориясында қалыптасқан ортақ методологияға сүйене отырып генератордың комплекстік, оның ішінде жүктемелік және модуляциялық көрсеткіштері жан-жақтылы қарастырылады. Сонымен қатар оқу құралында қуатты каскадтары кілттік режимде жұмыс істейтін таратқыштарды құрастыру мәселелері талданады. Мұнда кілттік режимдерді пайдалану ерекше тиімді болып табылатын бір бүйірлік жиілікте істейтін байланыс жүйелеріне ерекше көңіл бөлінген.
ХХІ ғасыр ақпараттық технологияның ғасыр кезеңі болғандықтан оқытудың дәстүрлі тәсілдерімен бірге жаңа технологиялық әдістерді де пайдалану міндеті тұр. Қайткенде оқу талабы мен деңгейін көтеру , мәселесімен бүгінгі күнннің өзекті мәселесі.
Жаңа технологиялардың түр - түрі әртүрлі тәсілдерді педагог ғаламдар сабақ оқытуда тіиімді пайдалану үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет