Курстық ЖҰмыс тақырыбы:“Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері”



бет2/9
Дата25.05.2023
өлшемі58.72 Kb.
#474258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
araichok 124 2k (1)

Зерттеу өзектілігі. Ағылшын тілі – халықаралық тіл болып табылады. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және кең танылған тілдердің бірі болып табылады. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор сондықтан да оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор болып саналады. Қазіргі кезде ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия секілді көптеген дамыған елдердің мемлекеттік тілі болып табылады. Дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде. Ал оны дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек сондықтан елімізде ағылшын тілін үйрету үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту. Бұл жұмыстың маңызы және пайдасы зор себебі, бала жастайынан тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйренуі өте жеңіл болады.
Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің қажет екендігін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологияларды қолдану ғасыры болып табылады. Сондықтан бүгінде шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шетел тілін тез үйреніп алуға болады. Сол үшінде оқушы мұғалімді ынталандырып, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін сабақты қызықты етіп өткізетіндей жұмыстар жүргізуі керек. Мысалы:

Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең қолданылатын тиімді тәсіл ойын болып табылады. Сабақты бұл әдісте өткізу оқушылардың грамматиканы, фонетиканы, лексиканы, сөзді тез меңгеруіне, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізеді. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сондықтан ойын кезінде оқушылар теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера сезініп, бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге және топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар осындай әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

  1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындық жасауға;

  2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

  3. Сөйлеудің күтпеген жағдайға дайын болуын, оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады;

Сонымен бірге, сабақта электрондық кітаптарды пайдаланудың маңызы зор. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға,ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға және оқушының өзіндік жұмыстарын орындауға көмектеседі. Оқу процесінде жаңа технологияны орынды пайдалану өте маңызды әрі тиімді. Интернет-технологиялар ақпарат іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ағылшын тілінде оқушының оқу-танымдық көзқарасын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру жолдарын ойластыру керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден оқытушыға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет