Курстық ЖҰмыс тақырыбы:“Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері”


II тарау. Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды тиімді орындау тәсілдері



бет6/9
Дата25.05.2023
өлшемі58.72 Kb.
#474258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
araichok 124 2k (1)

II тарау. Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды тиімді орындау тәсілдері
2.1.Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмүкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.Қазір ағылшын тілін білу уақыт талабы болып табылады.
Неден бастаған жөн деген сұраққа ең алдымен жақсы оқулық керек дер едім. Өйткені дұрыс таңдалған оқулық оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, біздің мектепте Макмиллан баспасының оқулықтарын пайдаланды, ал қазіргі бастауыш сынып оқушылары Кембридж баспасының кітаптарын пайдаланады. Бастауыш сынып оқушылары екі топқа бөлініп оқытылады. Оқу-әдістемелік топтамасы ретінде Кембридж баспасының Қазақстан мектептеріне бейімделген “Primary Colours 1” оқулығы алынған. Авторлары Диана Хикс және Эндрю Литлджон. Бұл кітаптардың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген.
Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Бірақ өкінішке орай ата-аналар арасында “ағылшын тілін білмейміз, көмектесе алмаймыз” деушілер көп. Бұндай жағдайда мен интернетті қолдануға, сөздіктерді пайдалануға ақыл-кеңес беруге болады(мысалы: google-переводчик).
Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сейлеу кабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруга болады. Шет тілі пәні бойынша окушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы кажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, жаңа сөз бірліктерін енгізуде міндетті түрде суреттермен көрсету, сөздерді қайталау, жатқа айту сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есте сактауы артып отырады. АКТ құралдарын пайдалану арқылы, балалардын сабаққа деген қызығушылықтары артады, сабақта белсенділік танытады.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім -біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдану керек. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дегендей, әр сабақ барысында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланған жөн. Ойын әдісі аркылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын тындап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылган және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі больп табылады.
Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді, рөлдік ойындарды жиі колдану - тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құрап үйренуге, оқушьның өоздік қорынын көбеюіне ыкпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында, рөлдерге бөліп оқығанда оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.
Қазір қазақстандық, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыруға арналған деңгейлік курстар жүріп жатыр. Сындарлы оқыту теориясына сүйенсек, бүгінгі күні білім дайын күйінде қабылданбай, оқушылар оны өздігімен ізденіп құрастырса,тұлғанын дамитыны, алған білімі ұзак мерзімде есте сакталатындығы дәлелденіп отыр.
Бұл бағдарламаның негізгі кағидаларынын бірі:

  1. оқытушының негізгі рөлдері: «ұйымдастырушы»», «менеджер»

  2. сыныпқа кіргеннен бастап жақсы көңіл-күймен сабақты өткізу, т.б.

Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming uр» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты - сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы муғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы муғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым - қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі.
Бастауыш сынып оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәтін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мумкіндік беру, әр тапсырманы 6-7минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Диалогты сөйлеуде - оқушылар сұрақ - жауап, өтініш айту, нұскау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс әрекеттерді жасай алуы тиіс.
Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы қажет.
Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр - түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы қажет. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет