36 Тақырып. Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтерден табыс пен өзіндік құн есебі
Теориялық бөлім
Кіріспе
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтерден табыс пен өзіндік құн туралы ақпараттың қалыптасуындағы бухгалтерлік есептің ролі
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын анықтау әдістері
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтерден табыстар есебі мен құжаттық рәсімделуі
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны есебі мен құжаттық рәсімделуі
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтерден табыс пен өзіндік құнды анықтау тәртібі мен есебін жетілдіру
Тәжірибелік бөлім
Тапсырма:
Шоттар корреспонденциясын бере отырып, негізгі және басқадай қызметтен табыс сомасын және таза табысты анықтау.
Тапсырма мазмұны:
Сату үшін алынған тауарларды өткізуден табыс қорытынды пайданы ұлғайтуға есептен шығарылған – 1300000
Өткізілген тауарлардың өзіндік құны есептен шығарылған – 800000
Қорытынды пайда (залал) сомасын азайтуға есептен шығарылған:
Тауарларды өткізу бойынша шығыстар – 180000
Әкімшілік шығыстар – 70000
Пайыздар бойынша шығыстар – 30000
КТС бойынша шығыстар – 80000
Төтенше жағдайға байланысты залал – 20000
Есепті жылдың таза табысы - ?
Қорытынды.
Әдебиеттер.
37 Тақырып. Өткізілген тауарлар және көрсетілген қызметтерге кеткен шығыстар есебі
Теориялық бөлім
Кіріспе
Өткізілген тауарлар және көрсетілген қызметтерге кеткен шығыстар туралы ақпаратттың құрылуындағы бухгалтерлік есептің рөлі
Өткізілген тауарлар және көрсетілген қызметтерге кеткен шығыстар құрамы және жіктелуі, және де осы шығыстардың бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы маңызы
Өткізілген тауарлар және көрсетілген қызметтерге кеткен шығыстардың синтетикалық есебі
Өткізілген тауарлар және көрсетілген қызметтерге кеткен шығыстардың аналитикалық есебі
Өнімдерді өткізуге кеткен шығыстардың құрамын, есебін және есептен шығару жолын жетілдіру
Тәжірибелік бөлім
Тапсырма:
Мердігерлік әдіспен орындалған негізгі құралдардың толық жөндеуін шоттарда көрсет
Шаруашылық әдіспен орындалған негізгі құралдардың толық жөндеуін шоттарда көрсет
Құрылған резерв шотынан толық және ағымдық жөндеулерге кеткен нақты және ағымдық шығыстарды анықтау және есептен шығару. Негізгі құралдарды жөндеуге құрылған резерв- 162 500 тг құрайды.
Тапсырма мазмұны:
«Москвич» ЖШС 12 қаңтар күні жазылған № 15 келісім-шарттың негізінде «Урал» автокөлігі толық жөндеуге қойылған. Шарт бойынша автокөліктің моторына толық жөндеу жүргізілуі керек. 27 қаңтар күні «Москвич» ЖШС жөндеудің аяқталғандығы туралы хабар келеді, және № 53 шот төленуге қабылданады- 124 000тг. ҚҚС-сыз. Шотқа сомасы 24 800тг. тұратын № 47шот-фактура қосымшаланған.
27қаңтардан № 37 директор бұйрығы негізінде комиссия құрылады, олар директор орынбасары Саденов Б.С., «Урал» автокөлігінің жүргізушісі Сергеев И.И., «Москвич» ЖШС шебері Нурмагамбетов Ж.С., «Урал» автокөлігін қарап шығып, байқап көрді. Жөндеу жүргізілгеннен кейін қабылданған «Урал» автокөлігіне жөнделген, реконструкцияланған және жаңаланған обьекттерді алу-беру актісін құрды. (№ НҚ-2 нысаны).
28 наурызда «ОКА-2500 бақылау кассалық аппаратына ағымдық жөдеу жүргізілді. Осы аппаратты ағымдық жөндеу үшін №1 дүкеннің меңгерушісі Исина А.Б сомасы 640тг қосалқы бөлшектер сатып алған. Ағымдық жөндеу «Прибор» ЖШС шеберімен жүргізілген және осы үшін 360тг. шот жазылған. ҚҚС-пен. Шебермен есеп-айырысу қолма-қол кассадан 28 наурыздан № 27 шығыс ордерімен берілген.
Шаруашылық әдіспен мамырда №1 дүкеннің ағымдық жөндеуі өткен. Орындау үшін мыналар шығындалған:
Құрылыс материалдары – 35000
Құрылыс жұмысшыларына еңбекақы есептелген – 20000
әлеуметтік салық есептелген 21% ФОТтан
басқа да шаруашылық материалдары – 2000.
Қорытынды.
Әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |