30 Тақырып. Басқа да салықтар бойынша міндеттемелер есебі
Теориялық бөлім
Кіріспе.
Салық түрлері. Қазақстанның салық жүйесі;
Басқа да салықтар бойынша қаржылық және салықтық есепті ұйымдастыру:
жер салығы;
мүлік салығы;
көлік салығы;
басқа да алымдар мен салықтар.
Басқа да салық міндеттемелерінің есебін жетілдіру.
Тәжірибелік бөлім
Тапсырма:
Бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету:
- қолма-қол есеп айырысу арқылы патент сатып алу;
- амортизация есептеу және аудару (сомасын анықтау);
- шеккен залал (сомасын анықтау);
Тапсырма мазмұны:
«Лилия и К» минералды суларды құю бойынша фирма арнайы ерекше қаптауға 600000 тг. (соның ішінде ҚҚС 12%) көлемінде патент салып алды. Патент 10 жыл бойы жарамды. Бірақ фирма мұндай қаптамадағы тауар 6 жыл өтеді деген қорытындыға келді.
4 жыл өткеннен кейін, фирманың негізгі бәсекелесі минералды суды, жоғарғы сұранысқа ие жаңа қаптамада шығара бастайды. Осылайша, «Лилия и К» фирмасының қаптамасы ескіріп қалды, сонымен қатар патент өзінің тәжірибелік құндылығын жоғалтты. Панеттің қалған ағымдағы құны берілген фирманың шығысына апарылды.
Қорытынды.
Әдебиеттер.
31 Тақырып. Жеткізушілер мен мердігерлерге кредиторлық берешек есебі.
Теориялық бөлім
Кіріспе.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер нысаны және олардың сипаттамасы;
Жеткізушілер мен мердігерлерге кредиторлық берешек бойынша төлемдерді құжаттық ресімдеу;
Жеткізушілер мен мердігерлерге кредиторлық берешектің синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру;
Жеткізушілер мен мердігерлерге кредиторлық берешек жағдайын түгендеу тәртібі және мерзімдері;
Жеткізушілер мен мердігерлерге кредиторлық берешек бойынша төлемдер есебін жетілдіру.
Тәжірибелік бөлім
Тапсырма:
Берілген мәліметтер негізінде №9 қабылдау-беру актісін (үлгілік нысаны НОК-1) жасау.
№13 инвентарлық карточка (үлгілік нысаны НОК-2) ашу.
«Материалдық емес активтер есебінің ведомосін» толтыру.
Түскен материалдық емес активтер бойынша, пайдалы қызмет ету мерзімін және бастапқы құнын ескере отырып, амортизация есептеуін жасау.
«Амортизация аудару ведомосінде» жазбалар жасау.
Құжаттарға бухгалтерлік өңдеу жасау.
Тапсырма мазмұны:
«Бұлақ» АҚ директоры Сапарова Б.С. №24 3мамырдағы бұйрығы негізінде, өндіріс орынбасары Берг А.Ф. («Азық-Түлік» АҚ басшысы), «Бұлақ» АҚ директорының орынбасары Пак О.П. және бас бухгалтер Смаилова Г.Б. құрамындағы комиссия «Ноу-Хау» қабылдау жүргізді – яғни «Аромат» шырынды сусынын өндіру технологиясы. «Ноу-Хау» «Азық-Түлік» АҚ-нан қолма-қол ақшасыз төлем арқылы есеп айырысу бойынша 23 сәуір №15 келісім шартқа сәйкес, 3.05. № 47 шот-фактура бойынша және №41 салықтық шот-фактура негізінде жасалды. Бастапқы құны 56000 тг. Пайдаланудың шекті мерзімі 5 жыл.
Актіге техникалық құжаттамасына сәйкес қосымша бекітілген.
«Бұлақ» АҚ 1 мамыр жағдайы бойынша келесі материалдық емес активтер есепте болды:
ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыздандырылуы – бухгалтерлік есеп бағдарламасы «1с: бухгалтерия», баланстық құны 100000тг.
Қорытынды.
Әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |