Курстық жұмыстын міндеттері


Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу



бет5/10
Дата06.07.2022
өлшемі232.5 Kb.
#459618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-synyp-oqushylaryna-adamgershilik-tarbiesin-qalyptastyru

1.3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Балалардың өмірлік тәжірибесін молайтуда тәрбие жұмысын кесте бойынша жүргізілетін сабақтарда, онан тыс уақыттарда да ұйымдастырудың маңызы зор. Балаға бос уақыт өзі үшін де, басқалар үшін де өте пайдалы етіп өткізе білуге үйренуі үшін де беріледі. Моральдық қасиеттерді қалыптастыруға қатысты барлық мәселелерді мұғалім оқытуда да, еңбекте де, шығарамшылык істерде де комплексті шешеді, сөйтіп баланың өзін жан-жақты үйлесімді жетілдіру принципі жүзеге асады. Балалардың адамгершілік туралы білімдері үздіксіз жүргізіледі.
Балаларға адамгершілік тәрбие беруде бастауыш сынып оқушыларына арналған ережелермен жұмыс істеудін маңызы зор. Оқушылар ұжымының өмірі осы Ережелер негізінде құрылады. Ережелердің орындалуы балалардың тәрбиелігі туралы мәлімет беретін көрсеткіш болып табылады. Ережені еске салу үшін қолайлы болған жағдайдың бәрін пайдаланып отыру, әбден дағдыға айналғанға дейін оның орындалуын талап ету, ережелердің орындалғанын атап көрсету және оның бұзылуына жол бермеу қажет.
Ережелер балалардың санасына ұялап, олардың дағдысына айналуы үшін әр түрлі тақырыптарда жүйелі түрде әңгімелер өткізіліп тұрады. Этикалық әңгімелерде белгілі бір бағдарлама бойынша және сыныптағы оқиғаларға байланысты өткіземіз. Ең бастысы ережелерді жаттап алып, сол бойда-ақ ұмыт қалдыратындай болмау керек.
Ережелермен қалай жұмыс істеу керек? Ең алдымен бәрін бірден қолға алмаған жөн. Ережелерді бірте-бірге игеру тәртібін ұстану және адамгершілік мінез-құлыққа жаттықтыру.
Бірінші сыныптағылар ең алдымен мінез-қүлык нормаларына негіз болатын нақты талаптарды білуі қажет. Мәселен «Сергек бол; басқаларға қамкорлық жаса; ықыластылык көрсет» деген ереже бар. Оқушыларға осы ережені нақтылап белгілі бір жағдайларда өздерін қалай ұстауы керектігін айту; Автобуста жасы үлкен кісіге орын бер, үйдегілерді мазалама «Бір нәрсені сұрай қалсаң мархабат деуді ұмытпа» деп, т.б. үйрету керек.
Балалардың өмірін ережелерге сәйкес ұйымдастыруы оны неғұрлым жақсы игеруге көмектеседі. Ережелерді түсіндіру формалары әр алуан: сынып өміріндегі нақты фактіге байланысты әңгімелесіп, оқушының қылығына адамгершілік тұрғыдан баға беру; әңгімелер оқу, қайсы бір ереженің мазмұнын ашып берілетін диафильмдер мен кинофильмдер көріп, одан соң оқыған және көрген оқиғалар жөнінде әнгімелесу; белгілі мақсаттағы экскурсиялар т.б бола алады.
Әдептілік әңгімелер. Бірінші, екінші сыныптарда балалар жолдастықтың, ынтымақтаса жұмыс істеудің, әділ ойынның, сыпайылықтың ережелерімен танысып, жақсылық пен жамандық жайлы біраз түсініктер жинайды.
Үшінші, төртінші сыныптықтарда жалпы моральдық нормалармен таныстырамыз, соларға сәйкес өзінің және жолдастарының іс-әрекет, мінез-құлқын бағалауды үйренеді. Бұл кедергі әдептілік әнгімелердің мақсаты -шәкірттерге жалпы моральдық нормаларды бойына сініруте көмектесу. Әдептілік әңгімелер айына бір рет өткізіледі. Оның төмендегілей тақырыптарын ұсынамыз:

  1. «Жолдастық, достық туралы

  2. «Қайырымдылық, аламдарға ссегектікпен қарау, қайырымдылық туралы

  3. «Әділеттілік туралы

  4. «Адамдық және сөзге беріктік туралы

  5. «Жауыздық пен енжарлыққа тәрбиелеушілік туралы

  6. «Еңбекке, еңбек адамдарына және халық қазынасына қатынасы жайлы

  7. «Адамгершілік мінез-құлқының ережелері жайлы

  8. «Қалай қоғамшыл болу керектігі жайлы

  9. «Мейірімділік және немқұрайлылық жайлы әңгіме т.б.

Әңгіменің басында балалар бұрын өздері оқыған әңгімелердің сюжеттерін еске түсіреді. Мәселен, «Жолдастық, достық туралы әңгіменің басында «Жаман жолдас әңгімесін еске түсіреміз. Содан соң балаларға сұрақтар қойылып, талқылау сол сұрақтар төңірегінде жүргізіледі.


Екі дос орманға барды. Алдарынан аю шыққан кезде сау жолдасы ауру жолдасын тастап қашып кетті. Оның өрекетін қалай атауға болады? Оны шын жолдас деп айта аламыз ба? Аю ауру жолдасына не деді? Сол жерде сен болсаң не істер едің?
Әңгіме мазмұны арқылы (балалармен сатқындық, корқақтық туралы да әңгімелесуге мүмкіндік туғызады. Қалаларға сатқындық туралы түсіндіреміз. Сатқындық деп қиын сәтте қасындағы жодасыңнан теріс айналу, көмектесуден бас тарту. Досына сатқындық жасаған адам, ертең оңай-ақ Отанына, ата-анасына сатқындық жасайды.
Әрине әңгімелесуге мұғалім де, оқушы да дайындалады. Мұғалім әңгіме үстінде қойылатын сұрақтарды алдын-ала ойластырады, оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны еске алып, оған баға беруге (кім дұрыс істеді, ал кім дұрыс істемеді, неліктен) ұсыныс жасаймыз. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай ашық айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе. Мұндай жағдайда қате пікір талқыға салынып, қате пікірі үшін оқушыны жазғыруға болмайтынын есте сақтауымыз керек, және оқушыларды дұрыс қорытындыға келуіне бағыттаймыз. Балалардың өз бетінше адамдардың өзара қарым-қатынастарың оқиғаларды сипаттайтын әр түрлі фактілерді өз бетінше ойлап, салыстыра білуге үйренуінің, олардың қарама-қайшылығын көруге және оны біздің қоғамның моральдык принциптерімен байланыстыра отырып, дұрыс бағалай білуінің маңызы өте зор::




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет