Курстың мақсаты



бет1/9
Дата06.11.2022
өлшемі269.27 Kb.
#464132
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
8 сынып таңдау түсінік хат


Түсінік хат
Курс мектеп бағдарламасындағы жалпы биология курсына негізделіп жасалды, бағдарлама тереңдетіліп жан-жақты түсініктерді қамтиды. Беріліп отырған курс оқушылардың білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін ғана дамытып қоймай сонымен қатар білім сапасын да арттырады.
Курстың мақсаты: адамды биосоциалды түр ретінде толық түсінік қалыптастыру мақсатында, оқушылардың адам анатомиясы және физиологиясы курсы бойынша білім аясын тереңдетіп кеңейте түсу; алған білімдерін оқушылардың функциональдық дайындықтарын жүзеге асырудың негізгі құралдары ретінде пайдалану және денсаулықтарын сақтауға қолдану.
Курстың міндеттері:

  • адам ағзасының өмір сүру принциптері және негізгі заңдылықтарымен танысу;

  • атқаратын қызметіне байланысты адам ағзасындағы жекелеген ұлпаларды, мүшелер және мүшелер жүйесін оқып зерттеу;

  • жалпы биологиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру;

  • адам анатомиясы және физиологиясы ілімінің даму, зерттеу тарихымен және осы салада көп үлес қосқан ұлы ғалымдармен танысу;

  • салауатты өмір салтын ұстануға және гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу;

  • Пән бойынша білім сапасын арттыру.

Бағдарламаның өзектілігі: адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым ол – «Жалпы биология » медицинаға негіз болады.
Сабақтың оқу – әдістемелік қамтылуы: ауызша, көрнекілік плакаттар, жазба жұмыс, қалыптастырушы бағалау, жекелеме сұрау, мәтінмен жұмыс, тақтада мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс, әңгіме, маңыздылығын дәлелдеу, жаппай сұрау, өзара тексеру, өзіндік тексеру.
Күтілетін нәтижелер:

  • білім алушылардың жалпы адамның ішкімүшелерінің құрылысын анықтай білу дағдысын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана біледі.

  • бағдарлама мен оқулықтағы білім негіздерін оқып, үйренеді;

  • адам ағзасының құрылысы туралы біледі;

  • қосымша дерек көздерінен және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді;

  • өзіндік жұмыстарды, тесттік тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана біледі;

  • орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана біледі;

  • биологиялық әдіс-тәсілдер мен терминдерді түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлық танытады;

  • компьютерлік тапсырмалар және зертханалық жұмыстарды орындауда шапшандық, танымдылық таныта біледі, деректерді салыстырады;

  • логикалық ойлау қабілеті дами түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет