Кесте 2.7 – Ірі қара малды өсіріп-жетілдіру және бордақылау
Көрсеткіштер
|
Өсіріп-жетілдіру
|
Бордақылау
|
Бағу түрлерінің +,
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Мал саны, бас
|
|
|
|
Күтуге қойғандағы жасы, күн
|
|
|
|
Жеке бастың тірі салмағы, кг
|
|
|
|
Күтуге қойылған малдың жалпы салмағы, ц
|
|
|
|
Күту ұзақтығы, күн
|
|
|
|
Бір центнер өсімге кеткен шығын, МДж АҚ
|
|
|
|
Күту аяқталғандағы жасы, күн
|
|
|
|
Күту аяқталғандағы жеке бастың тірі салмағы, кг
|
|
|
|
Күту аяқталғандағы жалпы салмағы, ц
|
|
|
|
Орташа тәулікаралық өсім, г
|
|
|
|
Күту кезеңіндегі жалпы салмақ өсімі, ц
|
|
|
|
Тапсырылған, бас
|
|
|
|
Бұның ішінде: жоғарғы қоңдысы, %
|
|
|
|
Орташа қоңдысы, %
|
|
|
|
Ортадан төмен қоңдысы, %
|
|
|
|
Ұсыныстар
Бұл бөлімде сиыр етін өндірудің тиімді технологиясының тәсілдері мен әдістері баяндалады.
Әдебиеттер (Бексеитов Т.К., 2007), (Кусанова Б.Т., 2006) [22], [19], [17], [11], [9] т.б.
3. Курстық жұмысты дайындау
Суреттер және қосымша кестелер (егерде бұндаулар болса) курстық жұмыстың соңында тіркеледі (пайдаланылған әдебиеттерден кейін). Олар нөмірленеді және міндетті түрде аты, нөмері болуы қажет.
Дайындалған курстық жұмыстың тексты А-4 форматының солынан 2,5 см, оңынан 1, жоғарыдан, төменнен 1,5 см орын қалдырып басылған күйде әкеліп көрсетілуі керек. Бет нөмірлерін араб цифрымен беттің оң жақ бұрышында қойылады.
Алғы бетті дайындау талапты ережелерге сәйкес орындалады (Қосымша кесте А), орындаушының қолы қойылады. Алғы беттен кейін аңдатпа беті орналасады. Беттің жаңа жолы 1,25 см кері шегінуден басталады.
Тексте көрсетілген кесте нөмірленеді және аты жазылады. Егер де курстық жұмыстың жазылу барысында суретке жүгіну керек болса, онда жақшаға алынып суреттің нөмері көрсетіліп, аты жазылып сілтеме істелінеді, ал суреттің өзі курстық жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттерден кейін орналасады.
Курстық жұмыстың көлемі – 25-30 парақ, аяғында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Орындалған жұмыс, өзіне берілген вариант бойынша жазылмаса, тексеруге алынбайды. Тексеру барысында курстық жұмыстың қателіктері болса түзетілуге қайтарылады, қате жіберілген жерлері жеке бет, парақ, абзац болып түзетіліп, қайта тапсырылады, тексті түбегейлі өзгертіп түзетуге рұқсат берілмейді.
Орындалған курстық жұмыс тексерілуден өткеннен кейін, студенттер тобының алдында, баяндалынады және қорғалынады. Талқылану, пікір алмасу және жұмысты қорғау нәтижелеріне сүйене отырып оқытушы курстық жұмысқа баға береді.
Емтихан немесе зачет тапсыруға курстық жұмысын қорғаған, жұмысы бағаланған студенттер ғана жіберіледі.
4. Курстық жұмыстардың тақырыптары
4.1 Товарлық (кооперативтік, шаруа қожалығы) шаруашылық-тағы сүт өндіру технологиясы
Бұл тақырыпта баяндалатындар: сүтті сиырларды қысқы, жазғы кезеңдерде күтіп-бағу жүйелері және түрлері, жемшөп қажеттілігін анықтау, дайындау және үлестіріп беру, табиғи және жасанды жайылымдарды пайдалану, көк шөп және жайылым конвейерлерін ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, пішен жинау, сақтау, қиды шығару, залалсыздандыру, сиырды сауу түрлері, сүтті алғашқы тазалаудан өткізу, сүтті тапсыру, сату. Фермада күн тәртібін ұйымдастыру. Малдәрігерлік – тазалық шаралар, малды бос жіберіп және байлап бағу топтарын қалыптастыру принциптері. Товарлық шаруашылықтағы табын құрылымы және оның негізі.
4.2 Фермада сүт өндіру
Бұл тақырыпта талданатындар: өнеркәсіптік сүт өндіру технологиясының зоотехникалық және экологиялық негіздері. Қуат үнемдеу және табиғат экологиялық негізде құрылған сүт өндіру технологиялары. Сүтті сиырларды жазғы және қысқы кезеңдерде күтіп-бағу жүйелері, түрлері, жемшөп қажеттілігін анықтау, дайындау және үлестіріп беру, табиғи және жасанды жайылымдарды пайдалану, көк шөп және жайылым конвейерлерін ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, пішен жинау, сақтау, қиды шығару, залалсыздандыру, сиырды сауу түрлері, сүтті алғашқы тазалаудан өткізу, сүтті тапсыру, сату. Фермада күн тәртібін ұйымдастыру. Малдәрігерлік – тазалық шаралар, малды бос жіберіп және байлап бағу топтарын қалыптастыру принциптері. Товарлық шаруашылықтағы табын құрылымы және оның негізі.
4.3 Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы сүт өндіру технологиясы
Бұл тақырыпта қажетті түрде қаралатындар: сүтті сиырларды қысқы, жазғы кезеңдерде күтіп-бағу жүйелері және түрлері, жемшөп қажеттілігін анықтау, дайындау және үлестіріп беру, табиғи және жасанды жайылымдарды пайдалану, көк шөп және жайылым конвейерлерін ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, пішен жинау, сақтау, қиды шығару, залалсыздандыру, сиырды сауу түрлері, сүтті алғашқы тазалаудан өткізу, сүтті тапсыру, сату. Фермада күн тәртібін ұйымдастыру. Малдәрігерлік – тазалық шаралар, малды бос жіберіп және байлап бағу топтарын қалыптастыру принциптері. Товарлық шаруашылықтағы табын құрылымы және оның негізі.
4.4 Төл өсіру технологиясы
Бұл тақырыпта талданатындар: сиырларды бұзаулауға дайындау, бұзаулауды жүргізу, бұзауды қабылдау. Уыздық кезеңнің бұзауларға маңызы. Ет және сүт өндіретін ірі қара шаруашылығындағы бұзау және төл өсіру әдістері. Төлдердің ауруларымен және өлімімен күресудің зоотехникалық шаралары. Төл өсіруді жоспарлау. Мамандандырылған және фермерлік қожалықтардағы бұзау өсіру ерекшеліктері. Төл өсіруде жайылымды пайдалану.
4.5 Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту
Бұл тақырыпта ашылатын мәселелер: малды өсіру, өсіріп жетілдіру және бордақылау туралы түсініктерді сипаттау. Бордақылаушы шаруашылықтардың түрлері оларды төлдермен толықтандыру, тасу және бордақыланатын басына қарай әртүрлі күту жағдайларындағы технологиялық шараларға экологиялық баға беру. Қызылша сығындысымен және топпенен бордақылаудың ерекшеліктері. Есейген сиырларды бордақылаудың ерекшеліктері. Ірі қараны жайып семірту. Ет өндірудегі мамандандырылған ірі қара шаруашылығындағы «Сиыр – бұзау» технологиясы. Бордақыланған бастарды өткізу. Төлді өсірудегі жоспарлау.
4.6 Аурудан қорғау және оның таралып кетуінен сақтау кезеңдеріндегі төлді өсіру технологиясы
Бұл тақырыпта мәлімделуге қажетті шаралар: сиырларды бұзаулауға дайындау, бұзаулауды жүргізу, бұзауды қабылдау. Уыздық кезеңнің бұзауларға маңызы. Ет және сүт өндіретін ірі қара шаруашылығындағы бұзау және төл өсіру әдістері. Төлдердің ауруларымен және өлімімен күресудің зоотехникалық шаралары. Төл өсіруді жоспарлау. Бұзауларды суару үлгісі.
4.7 Сүт және ет өндіру кешендерін жобалауды дәлелдеу
Бұл тақырыпта баяндалатын шаралар: жоспарлау кезіндегі жүйелі талдау және бап, ірі қара мал шаруашылығындағы өндіріс процестерінің үлгілі әдістері, технологиялық және ұйымдастырушы-технологиялық карталар жасау әдістемесі, сүт және ет өндіру кешендерінің жұмыс нәтижелері, оларды жобалау, жасау және қайта құру. Мал фермаларын және кешендерін құру, пайдалану кездеріндегі қоршаған ортаны қорғау.
4.8 Сүт және ет өндіру технологиясын үлгілі жетілдіру
Бұл тақырыпта талданатындар: сүт және ет өндіру шаруашылықтарын мамандандыру, топтастыру және ынталандыру. Қысқы және жазғы кезеңдерде сүт және ет малдарын күту жүйелері және әдістері. Табиғи және қолтума жайылымдарды пайдалану. Сүт және ет өнімділігін жоспарлау. Сүт фермаларында және кешендерінде өндіруге және еңбек жүйелерін ұйымдастыру. Цехтардағы толассыз сүт өндіру технологиясы. Сүт фермаларында және кешендерінде өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтандыру. Сүтті үстемелі өндіру технологиясының құрамдылары.
4.9 Малды өз төлінен өсіру және сиырларды, құнажындарды қолмен ұрықтандыруға қойылатын талаптар. Төлдерді өсіру әдістерін анықтау.
Бұл тақырыпта қаралатындар: сиыр малының ұдайы, өсіп көбею қабілеттілігінің өлшемі. Әртүрлң мамандандырылған шаруашылықтардағы табын құрылымы, ұрықтандыруға пайдалану алдындағы бұқалар және құнажындардың жастары, тірі салмақтары, жыныстық пісіп жетілуі. Малдарды қолмен ұрықтандыру пунктерін ұйымдастыру және малды ұдайы көбейту кешендерін ашу. Тайынша және ұрықтық бұқаларды малды ұдайы көбейту тиімді пайдалану. Сиырлардың бұзаулағаннан кейін ұрықтанатын мезгілдері. Сиырларды және құнажындарды тууға дайындау, төл қабылдау. Төл өсіру әдістері. Қысырлықпен күресудің зоотехникалық шаралары.
4.10 Табынның сүттік өнімділігін талдау
Бұл тақырыпта қаралатын мәселелер: сүт өнімділігін жоспарлау. Сүт фермаларында және кешендерде еңбек жүйелерін, цехтарда толассыз сүт өндіру технологиясын ұйымдастыру. Фермалар мен кешендерді механикаландыру және автоматтандыру. Сүтті үстемелі өндіру технологиясының құрамдылары. Сүт өндірудің экономикалық тиімділігі.
4.11 Сүт фермаларындағы және кешендеріндегі сиырларды азықтандыру технологиялық процестерді жоспарлау.
Бұл тақырыпта талданатындар: мал азығының қажеттілігін анықтау. Мал азығын дайындау және таратып беру технологиялары, табиғи және қолдан жасалған жайылымдарды, жайылымдық конвейерлерді пайдалану. Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
4.12 Сүт фермаларында және кешендерінде сиыр сауу технологиялық процесстерін жоспарлау
Бұл тақырыптың өзекті мәселелері мыналар: сүт сауу процесын механикаландыру, сауу қойылымдарын (аппараттарын) сипаттау. Сиырларды сауу аппараттарына икемдеу, үйрену және сауылуға дайындау. Сиыр желіндерін қасиеттеріне қарай іріктеу.
4.13 Цехтардағы толассыз сүт өндіру технологиясы
Бұл тақырыпта талданатын мәселелер: цехтардағы толассыз сүт өндіру технологияларын сипаттау, сиырлардың цехтарда болу ұзақтығын нақтылау, цехтағы сиыр орындарын есептеу. Гистограмма. Цехтардың технологиялық жұмыс жүйелерін жасау.
4.14 Мал фермаларын және кешендерін қидан тазарту технологиялық процесстерін жобалау
Бұл тақырыпта қаралатындар: цехтарда орындалатын қи шығару технологиялық процестердің схемасын істеу. Қи шығару, цехтарды қидан тазалау үшін қолданылатын механикалық құрылымдар және штангалы транспортерлар, көлікке тіркелетін арбалар, аспалы электр қуатымен қимылдайтын вагоншалар, арнайы пневматикалық қондырғылар, қиды сумен шығару.
4.15 Сүт және ет өндіру шаруашылықтарында жаунарлар гигиенасын жетілдіру
Бұл тақырыпта қаралатын шаралар: мал қораларына және мал азықтандыруға қойылатын зоогигиеналық талаптар. Мал азығының сапасына және малды күту гигиенасына зоогигиеналық бақылау жүргізу. Сүт және ет сапасына санитарлық бақылау талаптар. Мал сырқаттарының алдын алу.
4.16 Сүт және ет алу, өңдеу және қайта өңдеу технологиясы
Бұл тақырыпта талданатындар: сүт және ет өндірудің интенсивті азық жүйесіне сай қазіргі заманғы технологиялық шешімдер. Малды өз төлінен өсіруді ұйымдастыру. Азық өндіру жүйесін және азықтандыруды ұйымдастыру. Ұйымдастыру және экономикалық тиімді сүт, ет өндіру.
4.17 Сиырлардың сүтті тұқымдарының дене құбылысының сырт пішінін (өлшемдер алу) және сырт пішінінің өлшемдерімен сүт өнімділігінің арасындағы өзара қарым-қатынастарын зерттеу
Бұл тақырыпта айтылатын жағдайлар: сүтті малдардың сырт пішінімен дене бітімінің ерекшеліктері. Дене құрылым индексы. Сиырдың сырт пішінінің өлшемдерімен өнімділігінің арасындағы өзара қарым-қатынас. Сүтті малдарға қойылатын талаптар. Жоғарғы өнімді малдардың сырт өлшемдері.
4.18 Шаруашылықтағы сүт өнімділігін жоспарлау
Бұл тақырыпта баяндалатындар: сиырдың сауылатын кезі, жасы, ақырғы бұзаулау және ұрықтану уақыты, сиырдың суалған және бұзаулаған күндері, алдыңғы сауылған кезіндегі сауым және сүт алу уақыты. Сүтті алғышқы өңдеу және өткізу. Сүт өндірудің өндірістік технологиясының зоотехникалық және экономикалық негіздері.
4.19 Тұқымдық бұқаларды олардың тұқымдарының ұрпақтық сүттік және сүт-еттік сапаларына қарай бағалау және іріктеу
Бұл тақырыпта қаралатын мәселелер: тайынша бұқаларды өз тұқымының өнімділігімен, ал тұқымдық бұқаларды олардың ұрпақтарының сүттік және сүт-еттік сапаларына қарай бағалау. Таза қанды бұқаларды пайдаланудың тиімділігі.
4.20 Ірі қара малының сүттік және еттік тұқымдарының тілекке сай (қажетті) түрлерін тудыру
Бұл тақырыпта сөзге тиек болатындар: ірі қара мал селекция объекті. Мал тұқымын асылдандырудың, оның өнімділігіне тигізетін әсерлері. Қазақстандағы және шет елдердегі асылдандыру ісінің жүйелері. Асылдандыру қызметін ұйымдастыру. Асыл тұқымды және пайдаланылатын табындардағы мал өсіру әдістері.
4.21 Мемлекеттік асылдандыру кітабын пайдаланғандағы асыл тұқымды мал шаруашылығының сиырларының сүт өнімділігінің селекция генетикалық параметрлері
Бұл тақырыпта қаралатын мәселелер: сиырлардың және бұқалардың сүттік, еттік, с.т-еттік өнімділіктерінің басқы және қосалқы селекциялық нышандары. Сиырларды және бұқаларды іріктеу нобайлары (үлгі): фенотип бойынша (даму, өнімділік, өндіру барысын үнемі қозғалыста жаңартып отыру) және генотип бойынша (ата-тек және одан тараған ұрым-бұтақ, ұрпақ сапасы). Әр категориядағы шаруашылықтардың асылдандыру жұмысының ерекшеліктері. Табындағы және тұқымдағы селекциялық жұмысты жоспарлау.
4.22 Сиырлардың сүттік және сүт-еттік тұқымдарының бағалану нәтижелерін талдау (шаруашылық бойынша)
Бұл тақырыпта қаралатындар: сүттік және еттік малдарды жан-жақты бағалау. Тұқымдық еркек малдарды ұрпақ сапасына қарай нарықтау. Таңдау әдістері. Инбридинг және гетерозистикті пайдалану. Үлкен масштабты селекция және оны қолдану шарттары. Әр категория шаруашылықтардың асылдандыру жұмысының ерекшеліктері. Табындағы және тұқымдағы селекциялық жұмысты жоспарлау. Асылдандыру жұмысын есептеу. Мемлекеттік малдарды асылдандыру кітабын пайдалану. Асылдандыру жұмыстарына конкурстар ұйымдастыру. Отандық тұқым малдарды жетілдіру үшін дүниежүзілік генофонды пайдалану.
4.23 Сиырлардың еттік тұқымдарының бағалану нәтижелерін талдау
Бұл тақырып бойынша талданатындар: еттік тұқым малдарын жан-жақты бағалау (генотип және фенотип бойынша). Заманға сай талаптар, селекцияның болашақтағы бағыты, қазіргі еттік тұқым малдарын жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |