Ғылыми тағлымдаманың тапсырмалары:
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін және «Физика» кафедрасын сонымен қатар диссертация тақырыбымды таныстыру.
Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Физика кафедрасының ұжымымен, оқу жоспарымен танысу.
Жоғары беріктігі мен суперпластикалылығы бар алюминий қорытпасын алуды зерттеудиссертация тақырыбы материалдар жинақтау және тағылымдама кезеңіне арналған жұмыс жоспарын талқылау.
Жоғары беріктігі мен суперпластикалылығы бар алюминий қорытпасын алуды зерттеудиссертация тақырыбы материалдар жинақтау.
Тағылымдаманы қорытындылау және есеп жазу.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін және «Физика» кафедрасын сонымен қатар диссертация тақырыбымды таныстыру.
1958 жылы «Физика» кафедрасы ҚазХТИ құрамында ашылған. 2006 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрамында «Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып аталған. Ал 2017 жылдан бастап Жаратылыстану ғылыми – педагогикалық жоғары мектебінің «Физика» кафедрасы болып өзгертілді.
2004 жылдан бастап кафедрада 050110 – Физика, 2009 ж. бастап 5В011000 – "Физика" (педагогикалық бағыт); 050604 – Физика, 2009 ж. бастап 5В060400 – Физика, (ғылымибағыт), 2008 жылдан бастап 6В01521 – Математика – Физика, 6В01522 – Физика-Информатика және 2020 жылдан бастап 6В01523- Physics және мамандығы бойынша бакалаврлар дайындау жұмысы жүргізілуде.
2020-2021 оқу жылында күндізгі бөлімде 474 студент оқиды. Кафедра 2007-2008 оқу жылынан магистратура 6N0110, 6N0604 (2009 ж. бастап 7М01520 және 7М05310), 2016 оқу жылынан бастап 7М01521-Physics және 2020 оқу жылынан бастап 7М01522- «Физика және информатика STEM оқыту негіздерімен» мамандықтары бойынша дайындық жұмысын бастады.
2021-2022 оқу жылында кафедрада 74 магистрант оқиды.
Кафедрада жалпы физика, физика мен техниканы мектепте эксперимент ретінде оқытудың әдістемесі және т.б. зертханалар бар. Барлығы 4 зертхана және 1 компьютерлік сынып жұмыс істейді. Зертхана заманауи физикалық құралдармен, жаңа әдістемелік құралдармен жабдықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |