Ғылыми – зерттеу практикасының құрылымы: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Ахмет Ясауи университеті), «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінде ғылыми – зерттеу практикасын 15.05.2023-26.05.2023 жыл аралығында өттім. Алғашқы күндері ғылыми – зерттеу практикасының мазмұны, оның міндеттерімен және жүргізу ережелерімен таныстым. Кафедранының оқу, әдістемелік, ғылыми – зерттеу және зертханалық жұмыстарын жасау ерекшеліктерін меңгердім.
15.05.2023ж. Ғылыми – зерттеу практикасының алғашқы күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен және «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті мұғалімдерімен танысу жұмыстары жүргізілді.
16.05.2023ж. Ғылыми – зерттеу практикасының екінші күні Тұрмамбеков Торебай Абдурахманоч ағаймен танысып және ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасынан диссертацияға қажетті ақпарат көздерін толықтыру үшін бізге қажетті әдебиеттермен тізімімен сілтемелерді ұсынды.
17.05.2023ж. «Қазіргі білім беруді дамыту тенденциялары» халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік онлайн конференциясына қатысып, қажетті ғылыми ақпараттарды біле алдық.
18.05.2023ж. Ғылыми – зерттеу практикасының келесі күні Сейтов Бекболат Жуманович ағаймен университеттегі зертханалық жұмыс жасау орнымен таныстық және ондағы техникалық аппараттардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп өтті.
19.05.2023ж. Ғылыми – зерттеу жұмыс тақырыбым «Жоғары беріктігі мен суперпластикалылығы бар алюминий қорытпасын алуды зерттеу» болғандықтан ағайдың берген әдебиеттер тізімі бойынша ақпарат іздестіру жұмыстарын бастадым. Алынған мәліметтерді ағаймен бірге талқылап, қажетті мәліметтерді іріктедік.
22.05.2023ж. Кафедраның ғылыми – зерттеу семинарларына, дәрістеріне, практикалық және зертханалық жұмыс сабақтарын қатысып, мұғалімдердің білім тәжірибелерін меңгердік.
23.05.2023ж. «Жоғары беріктігі мен суперпластикалылығы бар алюминий қорытпасын алуды зерттеу» диссертациялық тақырыбыма сәйкес алюминий металының құрамы жайлы ақпараттарды толықтырдық.
24.05.2023ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасынан алынған мәліметтермен мақалаларды салыстырып, жинақтау арқылы біршама диссертация тақырыбына байланысты мәліметтерді топтастыра алдық.
25.05.2023ж. Ғылыми – зерттеу практикасында өтілген он күннің ішінде жинақталған теориялық мәліметтерді іріктеп, диссертация тақырыбын толықтыра алдық.
26.05.2023ж. Ғылыми – зерттеу практикасының соңғы күнінде, жасалынған жұмыстарға қорытынды жасалынып, қажетті құжаттар толтырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |