Мінездемеге байланысты
Жайылу деңгейіне
Жаңалық деңгейіне байланысты
сур. Ойлаудың негізгі түрлері
&&&
$$$002-012-003$3.2.12.3 Сұрақ атауы 3 Ойлау формалары, ойлау тәсілдері.
3. Ойлау ой операциялармен қоса ой формаларын да тұдырады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар арқылыадам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғымдар дара және жалпыболып бөлінеді. Мысалы, “Шымкент қаласы” дара ұғым болса, “кітап”, “адам” жалпы ұғым болады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет.
Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары бейнеленіп отырады.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір – бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мысалы, “Астана – Қазақстан Республикасының орталығы” десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал “Атом – заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлігі” десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бөлім болады. Олар бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мысалы, “Алматы” – логикалық бастауыш, “Қазақстан Республикасының орталығы” – логикалық баяндауыш, байланыс сөздер “деп”, “дегеніміз” т.б. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Пікірлер де шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды щықпайды. Мысалы, “Барлық дельфиндер – жануар”, “Барлық металдар электр өткізеді” деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындыларының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, аналогиялық. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Мысалы, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ, оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап оттегі жоқ ауада “барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды” деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактілерден қорытындылар жасалады. Мысалы, Д.И. Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан.
Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мысалы, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі роль атқарады.
&&&
$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Ойлаудың негізгі мінездемесін ашып көрсетіңіз.
2. Ойлау мен сөйлеудің қарым-қатынасы неден көрінеді?
3. Ойлаудың физиологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
4. Негізгі ойлаудың типтерін ашып көрсетіңіз.
-
Ұғым туралы не білесіз?
-
Ойлаудың жоғарғы формасы ретінде, ой қорытынды туралы не білесің?
-
Интеллект туралы не білесіз?
-
Ойлауды зерттеуде теориялық және тәжірибелік жолдар туралы не білесің?
-
Интеллектіні жан-жақты зерттеуде тест туралы не білесіз?
-
Ойлау операциясы ретінде салыстыру туралы не білесіз?
-
Индукция және дедукция туралы не білесіз?
-
Ойлауды дамытудың негізгі кезеңдерін атаңыз.
-
Ж.Пиаженің ойлауды дамытудың көзқарастары туралы не білесіз?
&&&
$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Сөйлеу және оның қызметтері.
1. Сөйлеудің адам өміріндегі психологиясындағы маңызы.
2.Сөйлеудің түрлері, олардың қызметі.
&&&
$$$002-013-001$3.2.13.1 Сұрақ атауы 1 Сөйлеудің адам өміріндегі психологиясындағы маңызы.
1. Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға топтастырылып қарастырылады:
-
Сөйлеудің коммуникативтік қызметі – тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі;
-
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі – адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады;
-
Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі.
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз екінші сигнал жүйесі арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлініп, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасқан. Мысалы, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан.
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдануына байланысты. Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады.
Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Біріншіден, сөйлеу күрделілігіне, өзінің психикалық және физиологиялық механизмне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі – хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын – жаңғырық сөзі болып бөлінеді. Осы негізде сөздер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын активті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болып жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудің тағы бір түрі қосалқы сөз деп аталады. Сөйлеудің қосалқы түрі сөйлеудің қалыпты құрылысын қатаң талап етпесе де, өздігінен сөйлеу түрі болып саналады. Төртінші негіз бойынша сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріне орай жіктеледі. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз – дауыстап естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу деп екі топқа бөлеміз.
&&&
$$$002-013-002$3.2.13.2 Сұрақ атауы 2 . Сөйлеудің түрлері, олардың қызметі.
2. Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі – коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады. Ауызша сөйлеу – диалогтық және монологтық түрде болады.
Монологтық сөйлеу – сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Мұнда айтылуға тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін қамтиды. Монологтық сөйлеу – бір адамның ойлар, білімдер жүйесінің ұзақ, кезекпен байланысқан мазмұны. Ол әңгіме, лекция, баяндама түрінде болады. Монологтық сөйлеу диалогтық сөйлеу негізінде дамиды. Диалогтық сөйлеуде бір айтушы адамның ақпараты үлкейсе, онда ол жаңа сапалы құрылымға. Яғни монологтық сөйлеуге.
Монологтық сөйлеу де қарым-қатынас жағдайында дамиды. Бірақ қарым-қатынас құрылысы басқаша: монолог үзіліссіз, сондықтан активті экспрессивті-мимикалық және жестикуляциялық әсер ету негізге айналады. Тыңдаушылардың жауап қайтаруы нәтижесінде адам сөйлеудің оларға түсінікті екендігін және қалай әсер ететінің туралы талдайды. Бұдан, монологтық сөйлеу аудиториямен қарым-қатынаста жүреді. Монологтық сөйлеудің дыбысталу мен темпіне бірқатар шарттар талап етіледі. Монологтың мазмұндық жағы мәнерлік жағымен сәйкес келуі керек. Мәнерлік негізінен дауыс құралдары арқылы жүзеге асады. Монолог жесттер ұстамдылығын және сабырлықты қажет етеді.
Монологтың ең көне формасы – ауызша әңгіме. Бұл әңгімеде айтушы адам көрген, естіген, таныған, тыңдаушыға белгісізді айтып береді. Өкілдері – жыраулар.
Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі,оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады. Диалог – екі не одан көп адамдардың тікелей қарым-қатынасы. Ол сөйлеу немесе репликамен алмасу түрінде болады. Адамдардың бірге еңбек етуі және өмір сүруі үнемі пікір алмасуды, іс-әрекетті келісіп шешуді қажет етті.
Диалогтық сөйлеу – ең қарапайым сөйлеу түрі. Біріншеден, диалог – сүйемелдеу болып келеді. Пікірласушы адам диалог барысында нақтылау сұрақтарын қоя алады, басқа біреудің ойын аяқтай алады, өз репликаларын ұсына алады. Бұл – айтып тұрған адамға ойын айтуға, сөйлеу затына қатынасын білдіруге және түсінікті болуына жағдай жасайды. Екіншіден, диалог айтушылар өзара қабылдау жағдайда, эмоционалды-экспресивті байланыста болады. Олар бір-біріне мимика, жест, тембр, дауыс ырғағы арқылы әсер етеді және сөйлеуге негіз болған затты бірге бақылайды.
Диалогтық сөйлеу әдетте бірегей жұмыс барысында айтылатын бөлек репликалардан тұрады. Бұл диалогтық сөйлеудің үшінші ерекшелігі – ситуативтілігі (жағдайлылығы).
Тематикалық бағытталған диалог - әңгімелесу болып табылады. Әңгімелесуде бір адам немесе барлық группа сұрақ қояды да оны шешіп талдайды. Қарапайым диалогта мұндай мақсат көзделмейді.
Диалогтық сөйлеумен салыстырғанда монологтық сөйлеуде мағыналық жағынан өзгеруі елеулі болып келеді. Монологтық сөйлеу – байланысқан, контексті. Монолог логикалық ойдың, жүйелілік пен дәлелдеудің сұраныстарына бағынады. Бұл – ойдың байланыстылығын қамтамасыө ететін бірінші шарт. Ал екінші шарт – сөйлемнің грмматикалық мінсіз (безукоризненное) құрылуы.
Диалогтық сөйлеуде аяқталмаған сөйлемдер, сөздің дәл қолданбауы, байқалмай айтылған сөздер байқалмайды. Барлық кемшіліктерді өзара қарым-қатынас жағдйы шешеді. Монологтық сөйлеуде бұл жағдай мүмкін емес.
-
Үнсіз (іштей) сөйлеу – адамның практикалық іс-әрекеті мен ой-пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Іштей сөйлеуде адамның ерні жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртқа шықпайды. Ішкі сөйлеудің психологиялық мәселелері психолог А.Н. Соколов зерттеулерінде қамтылған.
-
Жазу сөзі – мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге қарағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті етіп білдіре алады.
&&&
$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Сөйлеу процесіне жалпы сипаттама;
2. Сөйлеудің физиологиялық негізі;
3. Сөйлеу қарым-қатынас құралы ретінде:
4. Сөйлеудің құрал ретіндегі рөлін анықтайтын түрлері;
5.Сөйлеу қызметтерінің байланыстылығы;
6.Вербалды және вербалсыз ақпарат беру;
&&&
$$$002-014-000$3.2.14 Дәріс №14. Зейіннің түрлері.
1.Зейін туралы түсінік
2..Зейіннің түрлері. Ерекшеліктері. Т.Рибоның теориясы. Зейін және адамның бағыттылығы. Д.Н.Узнадзенің концепциясы. П.Я.Гальпериннің теориясы
&&&
$$$002-014-001$3.2.14.1 Сұрақ атауы 1 Зейін туралы түсінік
1. Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индуқция заңына байланысты түсінуге болады. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болады. Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскидің доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біруі миға көбірек әсер етеді де мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мысалы, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Зейін табиғатын түсіндіруде Н.Н.Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады.
1.Зейін қимылдық икемделудін нәтижесіні.
Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.
2.Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Сана аумағы мен аумағының қандай мәнге ие екендігін түсіндіріп жатпастан, И. Герберт пен У.Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратының немесе тежейтінін алға тартады.
3. Зейін көніл күй нәтижесі. Ағылшын психологында кең өрісті дамыған бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді.
4. Зейін өткен тәжірибенің нәтиежесі, яғни адам білген, танылған затына ғана ден қояды.
5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылысының ғажайыптывғына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.
6. Зейін әсеріне тітіркенгіштері күшейуі мүмкіннің нәтижесі. Бұл гипотизаға орай зейін орталық жүйке жүйесінің мекенді тітіркену қабілетінін ұлғаюына пайда болады деп түсіндіріледі.
7. Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі себебін төмендегіше пайымдайды: алғашқы физиологиялық жүйке процесінде қаланған елестер соңғы басқа елестер мен қозғалыстардың физиологиялық процестерінен тұрады,басымдау келеді.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процесі пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар оймен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алыбында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухомскийдің (1875–1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге боады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алыбын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің оймыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшеіп отырады. А.А. Ухомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «қозудың оптималдық алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозу бар осы алап – ми қабығының творчествалық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқыраған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды – көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальды қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндіреді. Мидағы тежелудің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бар жерге күшті шоғарланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алыптардың бір–біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
&&&
$$$002-014-002$3.2.14.2 Сұрақ атауы 2 Зейіннің түрлері. Ерекшеліктері. Т.Рибоның теориясы. Зейін және адамның бағыттылығы. Д.Н.Узназденің концепциясы. П.Я.Гальпериннің теориясы
2. Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның басулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды тағы басқа. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің Бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейгкн соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жолды деген қорытынды тумауы қажет. Адам өмірінің барлық кезеңінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырыда. Қызығы – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектілерге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік – жігерді сарқа жұмауды қажет етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:
-
Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс - әрекетке тікелей кірісу қажет.
-
Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерге бойды аулақтатқан жөн.
-
Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
-
Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай–шу, тарсыл–гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұдл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
-
Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс–әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір–бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесі тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақты мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға зейін қояды. Алғашқы уақытта ырықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейіннің пайда бола бастағаны.
Ырықсыз зейін – ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен еріксіз деп атайды. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы, өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
-
күшті тітіркендіргіштер (қанық бояулы заттар, қатты дауыс т. б.);
-
заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы;
адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы). Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық болулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс тағы басқа), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі тағы басқа).
-
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салыпотыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.
Үйреншікті зеін дегеніміз – қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Зейіннің үйреншікті деп аталатыны түрі де бар. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай –ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселе, бұл оның тұрақты әдетіне айнала, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс–әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс–әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын баріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып, шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуге әдетке айналдыруы қажет.
&&&
$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Зейін туралы түсінік
2..Зейіннің түрлері. Ерекшеліктері.
3.Т.Рибоның теориясы. Зейін және адамның бағыттылығы.
4.Д.Н.Узназденің концепциясы.
5. П.Я.Гальпериннің теориясы
&&&
$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №015. Тақырып 15. Зейіннің қасиеттері.
1.Зейіннің тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы, шашыраңқылығы.
2.Зейіннің таным процестерінің қызметіндегі маңызы. Зейіннің дамуы
&&&
$$$002-015-001$3.2.15.1 Сұрақ атауы 1 Зейіннің тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы, шашыраңқылығы.
1. Зейіннің негізгі қасиеттері:
-
Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Мысалы, өндіріс озатының, не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеңе алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектілерге жинақтай алатын болады.
Ересек адамдар жұмы үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10 – 20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік – жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын – оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу – зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатын кітап оқыған адам да анда – санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан – жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне зейіннің тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келед. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, срндай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс – әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу – қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнай – керней тағы басқа адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдатан нәрселер көп болғанымен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аудартатын тітіркендіргіш болғанымен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай–шуы, реніш тағы басқа адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жөюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлықпен жұмыс істеуге болады. Әрине, Бұған ерік – жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П.Чехов жас кезінде көп әңімелерін ойын – күлкі, той – думан үстінде жазса, ал Мусорский мен Бородин өздернің операциялық, опералық шығармаларын қонақта отырып –ақ жаза беретін болған. Қандай жағжайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселетін, кез – келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіге назарымызды көшіруді аайтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген жерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші бір пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен екінші бір түріне үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды таңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру тағы басқа зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөлуге болады.
Зейін бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды тағы басқа. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады, кітап оқып оытырып конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге бернеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль механизимін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және тағы басқа... Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық класс коллективі мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық класты, не жеке оқушылардың, не өһзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан калста сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір–біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И.П.Павлов былай дейді: «.. біз бір ізбен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизімі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен қызмет істейміз, өйткені, біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады».
. Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде орта есеппен әртүрлі 5–9 әріпті қамти алатын, 12–14 әріптен тұратын мағынасы дар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш класс оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір–бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсетіндігін, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейінің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизімімен шұқия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Алаң болушылық адам қатты шаршап, болдырған кезде жиі кездеседі. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.
&&&
$$$002-015-001$3.2.15.2 Сұрақ атауы 2 Зейіннің таным процестерінің қызметіндегі маңызы. Зейіннің дамуы. Балаларда тілдің шығуына байланысты зейіннің санылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады. Мысылы, тазалық сақтауыға, ойыншықтар мен киімдерін жинастыруға, үлкендердің айтқаның тыңдай білуге баулу тағы басқа.
Мектеп жасына дейігі балалардың зейінің қалыптысуына ойын әрекеті еркеше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-біріне ажыратып, оларға назар аудар бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы,бөлінуі тағы басқа) жақсы байқалады.Бұлардың барлығы үлкендердің басшылығымен дамып жетіледі.
Мектеп-оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, мұғалім- балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойынан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға деген бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отырыратыныда осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші класс оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, болуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті- есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініңдегі екінші бір ерекшелік – зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны
дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдардың көмегімен тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негезінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына да жете алмайды. Зейін тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатыны кейбір шаралары мына төмендегілер:
1.Бірінші кластан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларды зейіннің
жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский былай деген: « Балаға оқуды қызықты ете білу керек сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындаған да бір жағынан басым етіп жібермей, екі жағынан теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, белсенді зейін балада шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек».
2. Бүкіл класқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келуі керек.
3. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс. Сол арқылы бала зейіні дамиды.
4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі – ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру керек.
5. Төменгі класс оқушыларының нерв жүйесінің әлде де болса, «қатая» қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігін әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар.
Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе калстағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей, дамыта алмайды. Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: «Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді» дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады. Оқу – тәрбие процесінде балалардың өздерінің басынан өткізетін тәжірибесі арқылы еріксіз зейін ерікті зейінге айналады. Ерікті зейіннің пайда болуы балалардың саналылығымен байланысты. Балалардың ерікті зейіні дамуында мектеп жасына дейінгі уақытта олардың әрекеттеріне үлкендердің тигізетін тәрбиесі зор. Жас балалардың зейіні көбінесе бір заттан екінші затқа тез ауысып отырады. Олар өздігінен бір затқа зейінін бұрып, көңілін бөліп отыра алмайды. Сол себептен тәрбие, оқыту жұмысында балаларды түрлі ойынға қатыстырып, олардың арасында саналы тәртіп құрып, оларды байқаушылыққа үйретіп мектеп жасындағы балалардың зейінін барлық оқу – тәрбие жұмысы арқылы дамытып отыру қажет. Олардың зейінін дәлдігінің өсіп отыруына түрлі шаралар қолданған жөн. Балалардың зейіні көбінесе қызығумен байласыты болғандықтан, оқу процесін қызықты, көрнекті етіп жүргізу керек.
$$$002-015-100$Дәріс №15.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Зейіннің адам өміріндегі маңызы
2.Зейінді дамыту мәселесі
3. Зейіннің физиологиялық негізі
4. Зейіннің түрлеріне сипаттама
5.Зейін қасиеттерін дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |