Kz $$$umkd name$пэоәК атауы$$ |
жүктеу/скачать 458.79 Kb.
|
$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар &&& $$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақ №1 {Сабақтың тақырыбы, жоспары} Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері . Ою-өрнек және оның түрлері. Сәндік-қолданбалы өю-өрнектің жазықтық негіздегі белгі, заңдылықтары. Ою-өрнектік композиция құрастыру.
&&& $$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1 Сабақ мақсаты: студенттерге сәндік-қолданбалы өнері және ою-өрнек түрлері мен тансытыру және олардың заңдылықтарын сақтап композициялар құрастыруды үйрету. Әдістемелік ұсыныстар: Сәндік қолданбалы өнерінің түрлері. Қазақ қолөнері сонау ескі заман тарихымен өсіп біте қайнап келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қолөнері ол көнеден келе жатқан мұра, өнегелі дәстүрі бар өзіндік ерекшелігі мол байырғы өнер. Қазақ ою-өрнектеріне жақын сарынды біз көне сақ, скиф салтының өнерінен көреміз. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Жалпы қазақ халқының қолөнер түрлеріне: кілем, алаша, ши, сырмақ, киіз, тұскиіз, текемет, кесте, желбау, жержастық, құрақ, басқұрлар, өру, шашақ бау, қамшы, қоржын, аяққап жатады. Бұл қолөнер түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекше мәні мен мағынасы және талай ғасырлық тарихы бар. Және жасалу жолдарының да, оларға түсетін ою-өрнек әуендерінің де өз алдына ерекшеліктері болады. Бұл тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ туысқан Орта Азия, орыс халқының қолданбалы өнеріменде ұштасып жатады. Мысалы: Хохлома, Жостов, Петриков көркемсуреттері, Дымков балшық ойыншықтары, Грузияның керамика өнері, Дағыстанның қыштан жасайтын өнері т.б. Қазақ халқының алғашқы ою-өрнек үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларына саяды. V-VII ғасырда зергерлік өнері мен кілем тоқу, VII-XVII ғасырда сән және қолданбалы өнері дамуына байланысты ою-өрнек өнері қазақ топырағында гүлдене түсті Қазан революциясынан кейін Қазақстан көптеген шеберханалар мен өнеркәсіптерінің ашылуна байланысты сәндік қолданбалы өнер жаңа түр, жаңа мазмұнымен байи түсті. Ою- өрнектер түрлері. Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою-өрнектің атқаратын ролі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі –қазақтың ою-өрнегі. Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежілгісі, әрі кең тараған саласы. Бұл –ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден келе жатқан атауылары бар. Қолөнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған, бірінші топқа ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою-өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім –кешекке, түскиізге, т.б.қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Ою-өрнек өнері табиғатында поэзияға, өлеңге ұқсамайтын өнер түрі, соған қарамастан бұлардың екеуі де ырғақ заңдылықтарына бағынады. Ою-өрнектегі ритм заңдылықтары басқаларға қарағанда ақындарға таныс дүние, өйткені өлең жолдарындағыдай ұйқас пен ырғақты оюлар да сақтайды . Ою-өрнектің құрылымы, ырғақ зңдылықтарыбүгінге күнге дейін ғалымдардың назарына тыс қалып отыр, себебі өнертанушылардың оюлар саласына жүргізілген ғылыми зерттеулерінде өрнектің түп-тамыры, пайда болуы мен символикасы бізге қазірше жұмбақ. Соған қарамастан қолөнер саласында ою-өрнек негізгі роль атқарады. Поэзиядағы өлең жолдарындағыдай мазмүн мен ритмді ою-өрнектер берік сақтайды. Ою-өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың бәрінің мазмұны бар. Ою-өрнек өнері мүсін немесе сұңғат сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашн қосалқы роль атқарады. Оны біз сәулет өнерінен, үй жиһаздарына, сандыққа, кебежеге, бесікке, жүкаяқққа, ұлттық киім-кешекке, ер-тұрман, қару-жараққа салынған оюлар ретінде қабылдаймыз, яғни ою-өрнекті қандай да болмасын бір затпен байланыссыз елестете алмаймыз. Қазақ ою-өрнегіне зер салған адам әрбір бұйымда бейнеленген ою-өрнектің тақырыптық мазмұны, құрылымы, тепе-теңдігі мен ырғағы, ең бастысы өзіндік философиялық мәні бар екенін байқау қиын емес. Ою-өрнекті салып не қиып дағдыланған шебер өлең жазатын ақын секілді, табан астында –ақ мағынасы мен құрылымы сәтті үйлескен ою үлгісін өз қиялынан шығарып, сол сәтте бере алады. Ол үшін тәжірибенің молдығымен қоса, ой –қиялдың ұшқырлығы қажет. Қолданбалы өнер түрлері ішінде бір жүйеге келтірілгені ою-өрнек. Өрнектің жай немесе күрделі элементтері бірнеше қайталанса да симметрия заңы берік сақталады. Көне дәуірдегі қолөнершілер «егіз» өрнегін немесе егіз аңды, жануарды бейнелегенде өмірде бейбітшілік пен тепе-теңдік сақтау ұғымын білдірген. Барлық ою-өрнек симметриялық принципті берік сақтайды, әрбір ою-өрнектің негізі, яғни симметриялық осьі болады. Симметриялық ось табиғатта өсімдіктерде көп кездеседі, гүлдердің, өсімдіктердің діңі симметриялық осьті білдіреді. Қолөнерде де заңдылық қатан сақталған. Киізден, ағаштан, темірден жасалған кез келген затты бұйымға бейнеленгенде оның осьіне арнайы салынатын ою-өрнек элементтері болады. Олар- өрнектер: «күн», «күнкөзі», «жұлдыз», «жұлдызгүл» өрнектері. Егер бір осьтің бойына қатар-қатар бірнеше элементті орналастырсақ, шексіздікке ұласатын «шетоюды» алуға болады. Шексіздікке ұласатын бұл ою көбінесе бұйымның жиегінде немесе бірнеше элементтермен қайталана отырып, белгілі бір ретпен орналасады және ою-өрнектердің араларын бөлу үшін қолданылады. Ал көбінесе «шетоюды» аралас элементтерден құралған композицияның жазықтығын қоршау үшін қолданады және көбіне бұйымның жиегіне орналастырады. «Шетоюға» ассиметрия жасап, басқа түрге аударсақ та , «шетоюдың» бастапқы нұсқаларын көріге болады. Қолөнердің барлық саласында оюды қосалқы өнер ретінде пайдаланып келдік, жеке бейнелеу туындысы сияқты өрнек элементтерінің суреті салынып, қабырғаға ілінбейді. Қазір тек «шымши» өнерінде ғана ою-өрнектің абстрактілі түрі бейнеленіп қабырғаға ілінеді. Мүмкін болашақта ою-өрнектің мағынасын, логикалық күшін түсіне отырып, оюдың әр элементін көркем туынды ретінде қабырғаға әсемдік үшін ілетін болармыз. Өйткені ғасырлар бойы «тұмар», «ұмай», «қошқармүйіз» –ою-өрнегінің магиялық күші бар деп сенген ата-баба дәстүрінің әлі де ашылмай жатқан құпия сыр бар. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз халықтың тіліне сіңген термин, мағынасы –сәндеу, әсемдеу. Сан –алуан ою-өрнек әрбір қолөнер туындысында жаңа түрге ие болады және қолданыста бірін-бірі қайталамайды. Қарадүрсін бұл өнер туындысында өнердің басқа түріндей аса талғампаздық пен бай мазмұн кездеспейді. Соған қарамастан ою-өрнектің тілі өте өте күрделі, ал құрылымы аса қарапайым. Ою-өрнектің әрбір тұтас туындысында белгілі бір тақырып бар. Белгілі суретшілер Сапар Төленбаев, Нұрбұлан Өтепбаев бұл өнерге бағыт әкелді, олар ежелгі қазақ оюларын бүгінгі талғаммен сабақтастырып, оның элементтерін пайдалана отырып, мыңдаған жаңа ою-өрнек нұсқасын жасады. Халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа үзбей жалғасып келе жатқан құндылығы –ою-өрнек салу дәстүрі жеке кітап болып шықты. Ою-өрнек өнері эстетикалық жағынан жоғарғы деңгейге көтеріліп, кеңінен қолданыс тапты. Республикамыздың барлық сәнгерлерімізбен өндіріс орындары тоқсаныншы жылдардан бері С. Төленбаевтың және Н.Өтепбаевтың жаңа оюларын өз бұйымдарына кеңінен қолданып жүр. Қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс –аспанның, қызыл- оттың, күн көзінің, ақ түс – ақиқаттың, сары- ақыл-парасаттың, қаыйғы-мұңын, қара- жердің, жасыл- жастықтың, көктемнің символы. Бұйымдағы ою-өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі. Сырмақ сыруда қара мен ақ түсті пайдаоану қалыптасқан, сол сияқты көк пен сары түстің, көк пен жасыл, қара мен ашық қызыл түстің қатар пайдаланылуы ғасырлар бойы дәстүрге айналған. Көбінесе түстер нақ ортадан бастапшетке қарай түрленеді. Сонда ортада қара, ақ, қызыл, жасыл, сары, көк, түс келдеді. Бұл ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың көне мәнері. Өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке ату беру мүмкін емес, әр шебер өзі жасаған ою-өрнекке өзі ат береді. Сол оюдың пайда болу тарихын оюшыдан артық ешкім білмейді. Ою-өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп мынандай топтарға бөлген.
Өрнектің типтері және құрастыру тәсілдері. Ою-өрнектің композициясын құрастыру. Ою-өрнектерді орындауда оның бірнеше типтері бар. БАУЛЫҚ ТИП. Жолақтағы өрнектер тігінен және көлденеңінен кезектесіп отыратын түрін айтамыз Бұнда фризалар, кайма, жиектеу және бордюр жатады. Бордюр қарама-қарсы екі жаққа ритмді қайталанатын өрнекті жиекті жасайтын тұтас композиция. Бордюрды салудың бірнеше тәсілдерін қарастырайық. 1. Бір жақты жолақ. Бір жағына ритмді орналасқан элементтер. а) Қарапайым статикалық ритм /ырғақ/. б) қарапайым динамикалық ритм /ырғақ/. в) күрделі элементтерден тұратын қарапайым статикалық ритм/ырғақ/ д) күрделі статикалық ритм /ырғақ/
а) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келетін қарапайым статикалық ритм/ырғақ/ б) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келмейтін қарапайым статикалық ритм в) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келетін қарапайым динамикалық ритм г) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келмейтін қарапайым динамикалық ритм д) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келетін күрделі статикалық ритм е) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келетін кұрделі динамикалық ритм ж) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келмейтін кұрделі статикалық ритм з) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келмейтін кұрделі динамикалық ритм
а) қарапайым статикалық ритм б) қарапайым динамикалық ритм в) күрделі статикалық ритм г) күрделі динамикалық ритм
а) Статикалық элементтерден құрастырылған жолақ. б) Динамикалық элементтерден құрастырылған жолақ.
Бұл өрнек симметриялы. Калькадан өрнектің трафаретін жасап алып. Жоғарыда көрсетілген бордюрдің түрлері бойынша жолақты композициялар жасаймыз. Өрнектер А4 форматында түстік шешімде орындалады. Табиғи материалдарды қазіргі кезде 4 топқа бөледі. 1. Өсімдік материалдары (дәнді дақылдар, ағаш бүрлері, сүйекті ағаш, түрлі өсімдік ұрықтары) 2. Жануар материалдары (сүйек, жүн, тері) 3. Гоеграфиялық материалдар (тас, ұлутас, құм) 4. Пластмасс материалдар (целофан, пластмасс)
{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек)} 1. Табиғи материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет. 2. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру. 3. Табиғи материалдармен жұмыс әстеуге арналған құралдар. 4. Ою-өрнек түрлері? &&& $$$003-002-000$3.3.2 Практикалық сабақ №2 {Сабақтың тақырыбы, жоспары} Аппликация /жапсырмалау / –сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын көркемдеу техникасы. Шығу тарихы Аппликацияның түрлері.
&&& $$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2 Сабақ мақсаты: студенттерді аппликация техниканың түрлерімен таныстыру, олардың орындау технологиясын игерту. Шығармашылық тұрғыда жұмыстар жасату. Әдістемелік ұсыныстар: Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Осылардың ішінде біз жапсырмалау өнеріне тоқталамыз. Ежелден келе жатқан қолөнердің бір түрі – жапсырмалау өнері. Бұл өнер жылдан – жылға өркендеп, өмірге жаңа түрлермен еніп келеді. Жапсырмалау деп мата түрлерінің құрақтарын басқа матаға әр түрлі бейнеде көркемдік ретпен араластыруды айтады. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай 3-ке бөліп қарастыруға болады. 1) түрлі қағаздармен орындалатын аппликация; 2) әр түрлі мата, тері, шүберек, киіз, т.б. қолданумен орындалатын аппликация; 3) табиғи материал (сабан, ши, қамыс, т.б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация. Сурет ретінде қағаздан орындалған аппликация б.з.д. ертеректе Греция өнерінде пайда болған. Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі І6 – ғасырда Италия мен Испанияда, 17 – ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 – 19 ғасырда Ресейде жақсы дамыды. Өнердегі қара силуэтті аппликация орыс дворяндарының үйлерін әшекейлеуге жиі қолданылған. Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анри Матисс (1869 – 1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше, әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар Орта Азия және Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі, әсіресе ұлттық киімдерді ою-өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі. Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздары, ашық хаттарды безендіруде қолданады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Осы үлгімен әр түрлі түсті қағаздардың алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою-өрнектерден үйлестіріп орындауға болады. Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі тақырыпта тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Бұл өнерден қазіргі кезде, сәндік интерьер үшін панно, коллаж дайындауға болады. Жапсырманы мата қалдықтарынан немесе киізден жасауға болады. Ол үшін ең алдымен қағазға, жасайтын жапсырманың суретін түсіреміз, яғни бейнелейміз, содан кейін оны матадан, қағаздан, киізден жасауға болады. Оны түрлі-түсті жіппен көркем тігіс арқылы кестелеп, әшекейлейміз. Әшекейлеу де үлкен өнер. Жапсырманы желіммен де жасауға болады, оған ПВА желімін пайдаланамыз, бірақ жапсырманың үстінен бастырып кестелеген әдемі көрінеді. Матадан, киізден жасалған жапсырма өнері баланың ой-өрісін, қабілетін, шығармашылық шеберлігін арттырады. Жапсырма өнері оқушыларды үнемділікке, ұқыптылыққа, әсемдікті қолдан жасауға, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелейді. Жапсырма өнерін қазіргі кезде сәндік интерьер ретінде қолданамыз. Жалпы жапсырма (аппликация) өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған. Адам, қоғам үшін жапсырма өнерінің жасалуын зерттей келе, қолөнер байлығымыз екенін білдік. Сол себепті жапсырма өнері арқылы біз осы жұмысты ары қарай жалғастыру өзіміздің міндетіміз деп зерттеп, оны ары қарай, жасалуын дамыту, түрлендіру керек екенін іздестіреміз деген жоспардамыз. Біз жұмысымызды киізден және мата қалдықтарынан жасауды жөн көрдік. Қазіргі киіз өнеріне келетін болсақ, жаңа сұраныстардың салдарынан қолдануы және жасалу технологиясы жағынан көптеген өзгерістерге түскен. Бұл мәселе киіз өнерінің бүкіл әлемдік ассоциясының 2004 жылдың 12-24 тамыз аралығында Венгер елінде өткен симпозиумында қаралды. Бұл симпозиумға Орта Азия және Қазақстан суретшілері алғашқы рет қатысты. Осыдан жиырма жыл бұрын бүкіл әлемнің киіз өнері суретшілерін біріктірген Ұлыбританиялық 76 жастағы Марин Буркет осында болды. Жыл сайын әр елде өткізілетін бұл кездесуде өнер шеберлері шеберлік үлгісін жүргізіп, жаңа технологияларымен танысып, киіз өнерінің көрмесін ұйымдастырады. Мал шаруашылығы дамыған Жапон елінің өзінде осы өнерді кәсіп еткен суретшілер көп. Солардың бірі Джори Джонсон. Киіз өнері ассоциясының әрбір елде жауапты суретшілері бар. Швейцарияда, Венгрияда, Будапештте сәндік қолөнер және арнайы киіз өнері музейі бар. Киіз өнері осы елдерде бала-бақшаларда ойыншық жасаудан бастап үйретіледі. Швейцарияның қатынастарды дамыту агенттігінің Орта Азиядағы Тау программасы шетелдерден киіз өнерінің суретшілерін арнайы шақырып семинарлар өткізуде. Бұл ауыл әйелдерінің қолдарында бар материал жүннен әртүрлі бұйымдар жасаудың технологиясын меңгеріп, табыс табуына мүмкіндік жасау мақсатында болып отыр. Осындай семинарлардың бірі 2002 жылдың 1-10 тамыз аралығында Қырғызстанда өтті. Дәстүрлі өнеріміздің күнделікті тұрмыста қолданылатын саласымен қатар, жоғарғы деңгейдегі шығармашылық киіз картиналары өз дәрежесінде бағаланып, көпшіліктің сұранысына ие болатындығын Венгриядағы симпозиум дәлелдегендей. Киіз келешектің өнері деген сөз жиі айтылады. Бүкіл дүние жүзі халқы қазақ қолөнеріне қызығып жатса, неге бізге өз ата кәсібімізді үйренбеске. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырады. Ата кәсіпті қайта дамыту, ата мұраны қалыптастыру, мәдени дамуымызға үлес қосу деп білеміз. Жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста, орта Азияда жақсы дамыған. «Жапсырма», «Аппликация», латынның «жабыстыру, қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі: - түрлі-түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма; - Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп т.б. материалдарды қолданумен орындалатын жапсырма; - табиғи материалдармен (сабан, ши, қамыс, дәндер т.б.) қолданумен орындалатын жапсырма. Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірі – екі түстен құрақ құрап, жапсырмалау. Негізі жүннен басылған жұқа киіз бетіне түсті барқыттан өрнекті құрақ жапсырып бұйым жасайды. Сондай-ақ ақ, қара киіз арқылы оюлап жасалған сырмақтың өзі жапсырмалау өнерінің бір туындысы. Бұл өнер киімде, әсіресе баскиімде көбірек қолданылады. Ертеде халқымыз бар қажетін өз қолдарымен жасаған уақытта, қолөнерді барынша дамытты, әр бұйымды үлкен өнер көзіне айналдырды, бұйымға салынатын ою-өрнекке терең мән береді, наным-сенімін паш етті. Барынша әдемілікке ұмтылды, ал қазіргі уақытта өнеркәсіп пен техника дамыды, барлық қажет бұйымдар дүкенде бар. Әйтсе де, өз қолымызбен, игерген білімді пайдаланып жасаған дүниелердің орны бөлек. Әр істе өзіңді сынап, шеберлігіңді қалыптастыру өз-өзіңді бағалау үшін қажет. Қолөнер - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Сурет ретінде қағаздан орындалған аппликация б.з.д. ертеректе Греция өнерінде пайда болған. Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі І6 ғасырда Италия мен Испанияда, 17ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18-19 ғасырда Ресейде жақсы дамыды. Өнердегі қара силуэтті аппликация орыс дворяндарының үйлерін әшекейлеуге жиі қолданылған. Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анри Матисс (1869-1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше, әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар Орта Азия және Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі -аппликацияның бір түрі, әсіресе ұлттық киімдерді ою-өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Бұл өнерден қазіргі кезде, сәндік интерьер үшін панно, коллаж дайындауға болады. Жапсырманы мата қалдықтарынан немесе киізден жасауға болады. Ол үшін ең алдымен қағазға, жасайтын жапсырманың суретін түсіреміз, яғни бейнелейміз содан кейін оны матадан, қағаздан, киізден жасауға болады. Оны түрлі-түсті жіппен көркем тігіс арқылы кестелеп, әшекейлейміз. Әшекейлеу де үлкен өнер. Жапсырманы желіммен де жасауға болады, оған ПВА желімін пайдаланамыз, бірақ жапсырманың үстінен бастырып кестелеген әдемі көрінеді. Матадан, киізден жасалған жапсырма өнері баланың ой-өрісін, қабілетін, шығармашылық шеберлігін арттырады. Жапсырма өнері оқушы-ларды үнемділікке, ұқыптылыққа, әсемдікті қолдан жасауға, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелейді. Жапсырма өнері қазіргі кезде сәндік интерьер ретінде қолданамыз. Жалпы жапсырма (аппликация) өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған. Адам, қоғам үшін жапсырма өнерінің жасалуын зерттей келе, қолөнер байлығымыз екенін білдік. Сол себепті жапсырма өнері арқылы біз осы жұмысты ары қарай жалғастыру өзіміздің міндетіміз деп зерттеп, оны ары қарай, жасалуын дамыту, түрлендіру керек екенін іздестіреміз деген жоспардамыз. Аппликация. ЖАПСЫРМАНЬІ (аппликацияны) алдымен қарастырайық. Қаңдай киімге болмасын жылтыраған жапсырма жапсырсаңыз, оның әрі ашы-лып шыға келеді. Халқымыз бұл әшекейді ежелден білген. «Жылтырағанды үстіне жапсырып» деген сез тіркесі кез-келген ауылда естілері анық. Оны сән қуған адамдарға арнап айтады. Демек, жапсырма - ежелден моданың басты талаптарының бірі болып табылған және солай болып қала береді де. Алдымен қандай киімдерге және оның қаңдай тұстарына жапсырма жасауды білу керек. Жапсырма көрік беріп, көңіл қуантып тұру үшін көшеге, кешкі сауықтарға, тойларға киетін салтанатты киімдерге жасалады. Күнделікті үй ішіне киетін киімге жапсырма түсіріп әуре болудың қажеті жоқ. Өйткені, жапсырма қымбатқа түседі және ол үшін қымбат маталар мен жіптер пайдаланылады, оның орындалуы да асқан шеберлікті қажет етеді. Сондықтан да кештерге бір киіп шығатын киімдер қарастырылады. Енді жапсырма киімнің қандай тұстарына орналасуы керек дегенге келсек, оның бірден көзге түсіп тұруы заң-дылық. Сол себепті жапсыр-маны омыраудың жоғары тұсына, кеудеге, алдыңғы қос өңірге, жеңге, етекке және ретіне қарай иыққа, арқаға орналастырады. Қалай болғаңца да ол бірден жарқ етіп, назарды өзіне аудартуы керек. Бұл үшін үшінші талапты ескеру керек. Ол - жапсырманың матасы қандай болуы керек дегенге саяды. Жапсырма үшін тек қана қымбат, жалтыраған, тамсанды-ратын алтын немесе күміс маталар алынады. Кеп ретте алтын немесе күміс паршалар таңдалады. Ешқандай жағдайда да арзан және көз тартпайтын қарапайым маталар жапсырма ретінде пайдаланылмайды. Моданың қатаң талабы осындай. Егер қолыңызда жаңағыдай жал-тыраған, нүр шашып тұрған маталар болмаса, онда жапсырмадан бас тарту керек. Содан кейін жапсырманың қандай формада болуын мықтап ойлау керек. Бұл көбінесе суретшінің немесе үлгілеушінің, болмаса тігіншінің қиялына, ойлау қабілетіне байланысты. Сондықтан да жапсырма тура мынадай формада ғана болады деп кесіп айта алмаймын. Қаншама қиял қанат қақса, жапсырманың да соншама түрі кездесуі зандылық. Бірақ, оның әрқайсысы талғамды болуы керек. Тек ебедейсіз үлкен немесе ретсіз және сансыз кеп жапсырмалар киім әрін кіргізу орнына қашырып жіберетінін ескермей болмайды. Сондықтан оны мөлшермен қолдану керек. Сән әлеміндегі талаптарға және ұлттық киім үлгісіндегі дәстүрлерге қарасақ, жапсырмалардың кеп ретте есімдік тектес болып келерін аңғаруға болады. Суретшілер түрлі гүлдерді - раушанды, қалампырды және басқаларын, кейде тіпті оларды сабағымен, болмаса өсімдіктің бір белшегі - жапырағын, күлтесін жапсырма ретінде қолдануға құмар. Болмаса, жоғарыда біз айтып кеткен ғарыш сипатты жапсырмалар - жұлдыз, шоқ жұлдыз, Ай, Күн, Құс жолы сияқты да жасала береді. Тотықұстың құйрығы, қырғауылдың қауырсыны, тіпті балапанның өзі, еліктің мүсіні түрінде де жапсырмалар кептеп кездеседі. Жаңа айтқанымдай, қаншама қиял болса, соншама жапсырма жасауға болады. Жапсырманың таза орындалу техникасының екі түрі бар. Біріншісінде ол бірден тығыз матаның үстіне келесі жапсырма матаны қою арқылы жасалады. Алдымен жапсырма ретінде қолданылатын жалтырақ матаны арнайы жұқа желімдегіш матамен желімдеп қоямыз. Содан кейін оған суретті немесе бейнені бормен немесе басқа белгілеу құралымен түсіреміз. Содан соң белгіні бойлап машинемен тігіп шығу керек. Осы тігілген өрнекті жалтырақ матадан кесіп бөліп аламыз. Енді суреттің шеттерін ара тісіндей (зиг-заг)тігіспен тығызетіп тігу керек. Бұл үшін матаны кергішке керіп қояды. Өрнек толық жапсырылған соң оны үтікпен жақсылап үтіктеп жіберсе, ол тырысып-бүріспей, біркелкі рең беріп, жайнап тұрады. Жапсырманың екінші орындалу түрінде жұмыстардың реті сәл өзгереді. Алдымен өрнектің өзін алтын не күміс паршадан кесіп алады. Содан кейін ол араның тісіндей, бірақ өте ұсақ тігіспен негізгі матаға тығыз етіп тігіліп шығады. Егер біз жапсырманың одан да бедерлі болуын қаласақ, оны үстінен басып кестелеп те шығудың қиындығы жоқ. Өрнектің шет-шеті тағы да алтын немесе күміс паршаның жіңішке таспасымен әдіптеледі. Жапсырманың сондай-ақ үшінші техникалық орындалу түрі бар. Ол үнемі болмаса да, кейбір киімдерде кез-десіп тұрады. Бұл - желіммен жапсыру. Жұқа полиэтилен түріндегі арнайы пленка жапсырмалық матаның астынан төселіп, матамен бірге ернек бойынша кесіледі. Со-дан кейін қыздыру тәсілімен негізгі матаға жапсырылады. Қыздыру үшін үтік болмаса қысым аппараты қолданылады. &&&
{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда варианты таңдау кілті көрсету керек)} 1.Аппликация және оның түрлері. 2. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация. 3. Аппликация туралы тарихи мәлімет. 4. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар. &&& жүктеу/скачать 458.79 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |