Күздік астық дақылдары (жалпы сипаттамасы) Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі



бет6/9
Дата14.02.2023
өлшемі186.86 Kb.
#469548
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дәріс 2

Масақтану немесе шашақтану кезеңі гүл шоғырының жоғарғы жапырақ қынабынан шығумен сипатталады. Бұл кезең сорттың пісу мерзімін сипаттайтын барынша сенімді көрсеткіш, өйткені ол пісу мерзіміне қарағанда сыртқы орта жағдайларының әсерінен өзгеріске аз деңгейде ұшырайды. Бұл кезеңде өсімдіктер ылғал мен қоректік заттарға жоғары талап қояды. Кезең неқұрлым ұйымшылдықпен өтсе, егін солғұрлым біркелкі піседі де сапасы жоғары болады.
Гүлдену. Бұл масақтану немесе шашақтану кезеңінен соң өтеді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақылдар өздігінен тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) және айқас тозаңданатын (жүгері, шәй жүгері, қара бидай) өсімдіктер деп екі топқа ажыратылады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде өздігінен тозаңдану басым болып келеді, дегенмен оларда айқас тозаңдану мүмкіндігі де бар. Бұл әсіресе ыстық ауа-райы жағдайында байқалады. Арпа тек қана өздігінен тозаңданады. Өздігінен тозаңданатын астық дақылдарында гүлдену масақтанумен бір мезгілде (2-3 тәулік айырмашылықпен) жүреді, ал арпада – масақтануға дейін, бұл кезде масақ әлі жапырақ қынабының ішінде болады. Айқас тозаңданатын өсімдіктерде гүл шоғырының пайда болуымен гүлденуінің арасында 2-3 үлкен айырмашылық бар: қара бидайда ол 7-10 тәулік, кейде 15 тәулікке дейін, жүгеріде – 9-15 тәулік.
Гүлдену кезеңінің басталуы көп жағдайда ауа-райына байланысты, әсіресе айқас тозаңданатын өсімдіктерде. Ыстық ауа-райында масақтану мен гүлдену аралығындағы уақыт қысқара түседі.
Масақты астық дақылдарының гүлденуі масақтың орта бөлігіндегі масақшалардың төменгі гүлдерінен басталады. Осы арадан жоғары және төмен тарайды. Шашақты дақылдарда гүлдену шашақтың жоғарғы жағынан басталады. Масақты дақылдарда масақтың ортасындағы ал шашақты дақылдарда жоғарғы гүлдердегі тозаңдықтар пайда болғанда гүлдену кезеңі белгіленеді. Бір гүлдің гүлдеу ұзақтығы 30-60 минөт, ал гүлдердің барлығы бір мезгілде гүлдемейтіндіктен гүлдену кезеңі 8-12 тәулікке созылады.
Өсімдік тіршілігінде гүлдену маңызды өзгерісті кезең болып табылады, өйткені оның соңына қарай вегетативті органдардың әрі қарай өсімі тоқталады. Көп жағдайда осы мезгілде тамыр жүйесінің де өсуі тежеледі.
Гүлдену кезеңінде астық дақылдары сыртқы әсерлерге өте сезімтал, температураның күрт өзгеруі, ылғалдылық жетіспеушілігі, ұзаққа созылған жаңбыр және кейбір басқа әсерлер тозаңдану жағдайларын нашарлатады және осылардан гүл шоғырының дәнділігі төмендейді. Гүлдену кезеңіндегі қолайсыз жағдайлар айқас тозаңданатын өсімдіктерде ерекше байқалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-80% және температурасы 18-220С болғанда гүлдену барынша жақсы өтеді.
Гүлдену уақытында егістіктерде түпкілікті өнімді сабақтар болады. Агротехникалық шаралармен әсер ету арқылы редукция үрдісінде сорттар барынша жоғары өнім бере алатын масақты сабақтарды қалыптастыруға ұмтылу керек.
Дәннің қалыптасуы және пісуі. Жатынның қалақша аузына түскен тозаң 1-2 сағ. соң өне бастайды және орташа тәуліктік температура 20-26°С-да 1,0-1,5 тәуліктен кейін тозаңдану басталады. 2-3 тәулікте түйіннің (завязь) айтарлықтай өсуі байқалады.
Дәннің қалыптасуы мен пісуі бидай дақылында Ресейдің Омбы облысы жағдайында Н.Н. Кулешовпен барынша толық зерттелді. Оның тұжырымы бойынша ұрықтың даму үрдісі өте шапшаң жүреді және ұрықтанған соң алғашқы онкүндікте толық аяқталады, ал эндосперм баяу қалыптасады. Дән әуелі ұзын бойына, содан соң еніне және кейіннен жуандығына өседі.
Н.Н. Кулешов (1951) дәннің даму үрдісін үш кезеңге бөлді: қалыптасу, толысу және пісу. И.Г. Строна (1966) бұл үрдісті дәйектей түсіп төмендегідей кезеңдерге ажыратты:
1. Түзілуі – ұрықтанудан өсу нүктесі пайда болғанға дейінгі кезең. Ұрық әлсіз өскін бере алады, 1000 санының массасы 1,0 г, бұл кезеңнің ұзақтығы 7-9 тәулікке созылады.
2. Қалыптасуы – дәннің түзілуінен түпкілікті ұзындығы белгіленге дейінгі кезең, ұрықтың оқшаулануы (дифференциясы) аяқталады. Дәннің түсі жасыл, крахмал дәндері көріне бастайды, құрғақ заттар мөлшері әлі төмен, су көп мөлшерде, 1000 дәннің массасы 8-12 г. Кезеңнің ұзақтығы – 5-8 тәулік.
3. Толысуы – эндоспермде крахмал жинақтала бастағаннан бұл үрдістің тоқтағанына дейінгі кезең. Бұл кезеңде дәннің ені мен қалыңдығы ең жоғарғы (максимум) шегіне дейін ұлғаяды, эндоспермнің ткандері толық қалыптасып болады, дәннің ылғалдылығы 38-40%-ға дейін төмендейді және кезең ұзақтығы 20-25 тәулікке созылады.
4. Пісуі – пластикалық заттардың дәнге жинақталуының тоқтауынан басталады. Бұл кезеңде полимеризация және кебу үрдістері басым. Ылғалдылығы 18-12тіпті 8%-ға дейін төмендейді, бейтарап (еркін) судың мөлшері күрт төмендейді, тіпті жоғалып кетеді. Дән піседі және техникалық мақсатқа пайдалануға жарамды, алайда тұқымның дамуы әлі аяқталмайды.
5. Егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі – дәнде (тұқымда) әртүрлі қосылыстардың күрделі биохимиялық өзгерулері жүреді. Жоғары молекулалы ақуыздық (белокті) қосылыстардың синтезі аяқталады, еркін май қышқылдары майларға айналады, көмірсуларының молекулалары іріленеді, өну ингибиторлары басқа заттарға айналады, ферменттердің қызметі төмендейді, тұқымдық қабықтардың ауа, -суөткізгіштігі артады. Дәннің тыныс алуы басылады (баяулайды). Кезеңнің басында тұқымның өнгіштігі төмен, соңында қалыпты деңгейге жетеді. Кезеңнің ұзақтығы дақылдың ерекшеліктері мен сыртқы жағдайларға тәуелді: ол бірнеше тәуліктен бірнеше айға созылады.
6. Толық пісуі – толық өнгіштікке жеткен мезгілден басталады, басқаша айтқанда, тұқым барлық жағынан жаңа тіршілік циклін бастауға дайын. Коллоидтардың баяу тозуы байқалады және ол дәннің әлсіз тыныс алумен қарбалас жүреді. Мұндай күйде тұқым өнгенге дейін болады немесе ұзақ сақтаудың әсерінен өліп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет