Л. Н. Гумилев атындағы



Дата22.02.2016
өлшемі28 Kb.
#126
Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

баспасөз-орталығы

Баспасөз хабарламасы
«ЕКІ ЕЛ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БАСКЕТБОЛ КОМАНДАЛАРЫ КЕЗДЕСУДЕ»
2012 жылғы 9 қараша күні сағат 13-00-де «Алау» спорт кешенінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баскетболшылары Г.И.Носов атындағы  Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің баскетбол командасымен кездесуде.

Бұл Халықаралық студенттiк баскетбол лигасы (ХСБЛ) мүшелерінің қазақстандық алаңдағы тұңғыш кездесуі.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баскетболшылары ХСБЛ-ға кіретін Қазақстандық жалғыз команда.

Еске сала кетсек, 2012 жылғы қазан айында «Сенiң ойының. Сенің келешегің» деген ұранмен Мәскеуде Халықаралық студенттiк баскетбол лигасы ұйымдастырушыларының бiрiншi ресми кездесуіне қатысып, Халықаралық Студенттiк баскетбол лигасына, ТМД елдері арасындағы ЖОО-ның 22 командалар құрамына кiрдi.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерінің баскетбол құрамасы кеңестік баскетбол жұлдыздарымен, ресми тұлғалармен жүздесіп қана қоймай, сондай-ақ, олардың мәскеулік алаңдарында алғашқы ойындары өткен болатын. Студенттік баскетбол Қауымдастығының президенті А.В. Коновалов ХСБЛ құрудың маңыздылығын атап, екі ел арасын біріктіретін байланысқа тоқталып, Халықаралық Студенттiк баскетбол лигасының алдын ала ойын кестесі құрылып, келісім-шартқа қол қойылды. Ал өз кезегінде, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Абзал Талтенов және спорт клубының төрағасы Айдос Уранхаев бастаған студенттік баскетбол құрамасы алаң иелерін Қазақстанға шақырған болатын.

Міне көп ұзамай, еуразиялықтар «Алау» спорт кешенінде Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің баскетбол құрамасын қарсы алмақ. Сонымен қатар, баскетбол алаңында Мәскеу, Казань, Уфа және басқа да қалалардың құрама командаларымен қызықты да тартысты ойындары күтіп тұр.



Өткізу күні: 2012 жыл 9 қараша.сағ:13.00

Өткізу орны: «Алау» спорт кешені, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Г.И.Носов атындағы  Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің баскетбол командалары Ұйымдастырушылар:Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Байланыс үшін: Баспасөз-орталығының жетекшісі
Еркежан Садвакасова, +7-701-366-35-99
журналист-координатор Әсел Сарсенбинова,

+7-701-742-88-24, 70-95-00 (ішкі: 31-326)



э.п. presscenter@enu.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет