Қазіргі кезде Егеменді елімізде жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша рөл атқарады. Ұлы ғалым Шоқан Уалиханов қазақ халқының өнерін арап поэзиясымен салыстыра келіп: «Ӛлеңге, әсіресе өлеңді суырып салма түрінде шығарып айтуға бейімділік, барлық көшпелі елдердің, соның ішінде қазақтардың өзіне тән ерекшеліктері деп айтуға болады» деп бағалайды. Эстетикалық тәрбиені баланы әсемдікке тәрбиелеу деп түсінген жөн. Эстетикалық тәрбиені дамытуда халықтық музыкалық шығармашылық елеулі рөл атқарғаны және әлі де атқара беретіні даусыз. Адам баласы әсемдікті сезіну, ұғыну арқылы рахаттанып, одан қуат алып, адамдық қасиеттерін қалыптастырады. «Әрбір рахат белгілі бір іс-әрекеттен туады» (Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. А, 1975. 27-бет) яғни жеке тұлғаның әсемдік әлемін сезініп, одан рахат табыну үшін, оның әсемдікті түсініп, түйсінуіне, тәрбиелік әсер керек. Ӛйткені, адамның адам болып өмір сүруінің өзі - әсемдік.
Эстетика – көркемдік, (әсемдік) әдептен, дәстүрден, салттан, санадан айқын көрініп, жеке тұлғаның, ұлттың, ұжымның, топтың мәдениетін көрсетеді.
Қазақ халқы жас ұрпағын әсемдікке тәрбиелеу үшін табиғи әсемдікті адам баласы бойындағы әдемілікті, жалпы өмірдегі әсемдікті кеңінен пайдаланған.
Халықтық эстетикалық тәрбиенің мақсаты – табиғатта, адам бойында және өмірде кездесетін сұлулықты қастерлеп, ардақтап, сол сұлулыққа жауапкершілікпен қарап, оны адамның тал бойына жинақтай білу болған.
Табиғи әсемдікке тән құбылыстар:
а) түрлі табиғат көріністері; б) адамның жастық шағы; в) мал-жануарлардың төлі; г) бағалы аң терілері;
д) ерекше құстар қауырсындары;
е) ерекше көркем, көңіл көтерер өсімдіктер;
ж) табиғи байлықтардан, алтын, күміс, мыс, жез және тағы басқа металдардан жасалған әсемдік-сәндік бұйымдар, сондай-ақ асыл тастар – гауһар, інжу, маржан, олардан жасалған – алқалар, безендірілген киімдер, бұйымдар жатады.
Адам бойындағы әдемілікке:
а) мінез-құлық әдептері;
б) қарым-қатынас әдептері; в) сөйлеу мәдениетін сақтау;
г) ән салу, күй тарту және тағы басқа жарасымды қасиеттер де адам бойындағы әдемілікті толықтыра түседі. Ӛмірдегі әсемдікке:
Киім-кешекті, жүріс-тұрысты, тұрмыс-тіршілікті сыпайы, сәнді және таза ұстауға жаттығу жатады. Енді осы әдеміліктерді халқымыз бала бойына немен және қалай сіңірген?
Ата-бабамыз салт-дәстүрлерінде қазақ халқы әсемдікке, сұлулыққа өнерге, талғамдыққа бай болған. Оны біз халқымыздың ауыз әдебиетінен, мәдениетінен және өнерінен көруге болады.
Ауыз әдебиетінің барлық жанрларында сұлулықты, әдемілікті, әсімдікті суреттейтін шығармалар өте көп.
Ұлттық мәдениеттің ән-күй жанрларында халық әндері, күйлері мен билері эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде кең көрініс
береді.
Ұлттық өнердің, әсіресе бейнелеу өнері – қазақ даласында өте ертеден дамыған. Мысалы: тасқа салған таңбалар, мүсіндер, киім
үлгілері, тоқыма және зергерлік өнер, ағаш өңдеу шеберлігі, кескін өнері, сымбат өнері, сәулет өнері. Ӛнерлер атадан балаға мұрат мирас болып қалдырылып отырған.
Жоғарыда аталған эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі С.А.Ұзақбаеваның »Тамыры терең тәрбие» еңбегінде өте жақсы баяндалған. Ауыз әдебиеті жанрларының эстетикалық тәрбие берудегі ролі З.Әбілованың «Әсемдік сенің серігің» еңбегінде кең айтылған. Қазақ халқының музыкасы мен өнерінің тарихы М.Х.Балтабаевтың, Ш.Құмсанованың еңбектерінде өте жақсы нақты мысалдармен берілген. Олар «Қазақ халық музыкасы және өнерлі жастар», «Казахская традиционная художественная культура в системе образования»
және «Елім-ай» бағдарламасы. Эстетикалық тәрбиені дамытуда халықтық музыкалық шығармашылық елеулі рөл атқарғаны және әлі де атқара беретіні даусыз.
М.Х.Балтабаевтың жұмысында халықтық музыкалық шығармашылығы жоғары оқу орындарындағы вокалды-аспаптық ансамбльге қатысушыларға көркемдік-эстетикалық тәрбие беру құралы ретінде қарастырылып, білімгер жастарды тәрбиелеудегі халықтық-музыкалық шығармашылықтың рөлі мен орны белгіленеді, оның өзіндік ерекшеліктері анықталып, Қазақстан жоғары оқу орындарының музыка бөлімдерін ұйымдастырудың толып жатқан проблемаларын кешенді түрде шешу жолдары көрсетіліп, олар жергілікті жерлердегі көркемөнерпаздар ұжымдарының білікті жетекшілерін даярлау мен қайта даярлау мәселесін шешу және халықтық музыкалық шығармашылықтың потенциалдық мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану үшін негіз ретінде қарастырылды.
Р.Дүйсембінова өз еңбегінде қазақтың халық әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне тоқталады, белгілі ғалым – зерттеушілердің ән-жырлар бойынша жасаған жіктеулеріне талдау жасай келіп, солардың негізінде педагогикалық жіктеуді ұсынады. Автор өзінің еңбегінде тиімді әдіс-тәсілдерді, формаларды пайдалана отырып, қазақ әндері, сол сияқты балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып «Қазақ халқының ән және әншілік өнері» факультативтік курсы бағдарламасын, халық әндерін пайдалану жөнінде әдістемелік нұсқаулар мен хрестоматия жасаған.
Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл- күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым»,
«Желсіз түнде жарық ай» т.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген. Абай қазақ ауылының көшіп-қонған көрінісін «Жаз» деген өлеңінде былай деп шебер суреттейді.
М.Жұмабаев сұлулық сезімдері жайындағы ғылыми ұғымдарды да бір қырынан ашып, өнер адамына тән өрнекті сезімдерді тәптіштеп түсіндіреді. М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітабындағы педагогикалық ойлардың негізгі арқауы «адам баласын, әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ата- ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ... Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек »т.б. деген ұлағатты ойларға саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |