Л. Н. Ибраимова этнопедагогика (ОҚУ ҚҰралы) Тараз 2009


ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ КӘСІПТІК ТӘРБИЕ



бет7/15
Дата11.03.2022
өлшемі250.55 Kb.
#456168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
ibraimova-etnopedagogika

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ КӘСІПТІК ТӘРБИЕ


Еңбек - өмір тұтқасы, тіршіліктің көзі, еңбексіз өмір жоқ екенін, жеке және қоғамдық байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалатынын ерте топшылаған қазақ халқы былай деген:


Еңбек - адамның екінші анасы.
Еңбек түбі – береке,
Көптің түбі – мереке. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Ердің атын еңбек шығарар және т.б. мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеген.
Қазақ халқы еріншектіктің, жалқаулықтың адамды аздырып-тоздыратынын, жаман әдет, жат мінез екендігіне жастардың көзін жеткізуді мақсат етті.
Еңбегі аздың – өнбегі аз. Жалқаудың жаны тәтті. Еңбек аздырады.
Еңбексіз өмір – сөнген көмір.-
Еңбекке баулу отбасында өте ерте басталуы керектігін дана халқымыз былай деп ескерткен. «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, 15 жасқа дейін қосшыңдай сана, 15 жастан асқан соң досыңдай бағала»-деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді.
Қазақта баланы жастайынан еңбекке тәрбиелеу отбасынан басталған. Қазақ халқы ұл бала мен қыз балаға еңбек тәрбиесін беруді жеке бөліп жүргізген.
Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік құруға, қолөнер шеберлігін үйренуге, егін салуға, мал тауып жанұяны асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаға сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, кілем тоқу, киіз басу сияқты ұй жұмысына аналары мен әжесі үйреткен.
Қазақ халқы жастарды еңбекке және кәсіби тәрбиелеуді негізінен мал шаруашылығымен, қолөнермен байланыстырған. Ӛйткені, мал
– ішер ас, киер киім, мінер көлік, тұтынар зат, өтелер борыш – бәрі төрт түлік мал төңірегінде болған. Халық мал терілерінен небір киім- кешек тігу, тері өңдеу әдісін жете меңгерген, мал жүнінен барлық тұрмыс жиһазын жасаған.
Халқымыз ағаш өңдеу кәсібін де жақсы меңгерген. Барлық ыдыс-аяқ, ер тұрман, арба-шана, киіз үй– бәрін ағаштан жасаған. Метал өңдеу, әсіресе бағалы металдарды: алтын, күміс, мыстан түрлі қажетті зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, қатты металдардан қару-жарақтар жасаған. Қазақ халқының ертедегі кәсіби мамандықтары: қойшы, сиыршы, түйеші, жылқышы, үйші, тігінші, темірші, саятшы, зергер, саудагер, т.б.
Баланыңбекке тәрбиелеуде егін шаруашылығыда да ерекше әсер еткен. Сол мақсатта халық сұлу және нұрлы жерлерде егіншілікпен
/диханшылықпен/ және бау-бақша өсірумен айналысқан, түрлі өсімдіктер және жеміс-жидектер өсірген. Осы іс-әрекетке баланы жас кезінен баулыған. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ата-ана түрлі амал-тәсілдерді, құралдар мен әдістерді ұтымды пайдалануға талпынған. Мал шаруашылығын кәсіп еткен ата-бабамыз жылқы малын баптап күтуге ерекше көңіл бөліп, оны ердің серігі ретінде тіпті ертегі-аңыз әңгімелердің басты кейіпкері ретінде бейнеленген, оған дәлел Керқұла атты Кендебай, Аяз би ертегілері мен Құлагердің Ақан серінің серігі болғандығы туралы халық аузындағы айтылатын ертегілердің, аңыз-әңгімелердің мазмұны т.б.
Табиғатпен біте қайнасып, ашық аспан астында өмір сүрген халқымыздың табиғатты қорғау дәстүрі де оған байланысты тудырған даналық сөздері де жас ұрпақты еңбекке даярлаудың тәсілі.
Сол секілді ата-бабамыздың өз ақ тілегінде «Ӛркенің өссін», «Көсегең көгерсін» деп тілек айтып, жақсы көруін ботам, шам- шырағым, бұлбұлым, құлыным деп табиғаттағы өзіне сүйкімді құбылыстар мен заттарға теңеуі де осы табиғат анаға деген халықтың шексіз махаббаты деуге болады.
Әлемнің ғұлама ғалымы, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің айтуынша «Ізгі және қажетті жұмыс істеген адам... басқа адамнан жоғары тұруы керек». Бабаларымыздың ізгі ойын мұрат еткен халқымыз адамдық қасиетін білдіретін ең жоғарғы деңгейі ол еңбек екенін түсінген. Ол адамға адамгершілік тұрғыдан күш-қуат беретін құдіретті қасиет деп түсінген. Қазақ ағартушылары да еңбекті молшылықтың, байлықтың көзі деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Тек еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, биік шыңға шығарады деген пікірі бұл күнде де күшін жойған жоқ. Мәселен, мына нақыл сөзін келтіруге болады: «Ерінбеген емер, қажымаған жеңер». Еңбек тәрбиесі оқу мен білім алудың негізі деп түсіндірген Шәкәрім Құдайбердіұлы жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін еңбектен іздеді. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектің тұтастығын, парасаттылық, білімділік, мейірімділік сияқты ізгі қасиеттер жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын арнады.
Адамдық борыш, ар үшін, Барша адамзат қамы үшін,
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл, – деу арқылы жастарды халыққа қызмет көрсетуге, еңбекке үндейді. Ақын еңбектің жекелеген адам өміріндегі емес, бүкіл адамзат баласының биік рөлі мен тарихи маңызына зер салады: «Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбекті анық бақ» деп білді, өзі де адал еңбек етуге ант етеді. Оны «Жолама қулар маңайға» деген өлеңінен көруге болады.
Адамдық борыш ар үшін, Барша адамзат қамы үшін, Серт берем еңбек етем деп, Алдағы атар таң үшін!
Сонымен, еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің негізі, бастамасы, яғни адамның денесінің, ақыл-ойының қалыптасуы, сүйкімді, жағымды болуы – бәрі осы еңбекке байланысты екен.
Қазақ халқы еңбек пен кәсіби өнерді егіз деп санаған. Қолөнер шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібімен айналысудан артық санамаса, кем санамаған. Сол мақсатта баланы жастайынан тері өңдеуге, ағаш өңдеуге, жүн өңдеуге, метал өңдеуге, олардан киім, баспана, түрлі бұйымдар, қару-жарақтар жасау арқылы кәсіби өнерді үйрену, оны халық қажетіне жұмсау, өнермен мұратына жету, онымен байлықтың көзін ашу қазақ халқының негізгі мақсаттарының бірі болған. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдері еңбек тәрбиесінің құралы болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибені қалыптастырады және халықтың даму барысында шешуші рөл атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы еңбек тәрбиесімен қатар жүреді.
Жас ұрпақты еңбекке баулу және оған кәсіби тәрбие беру халқымыздың басты мұраты болған.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет