Қандай халық болса да, оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, ілікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Қай уақытта да адам баласының түпкі мақсаты, қайырымды қоғам орнатып, өзінің тіршіліктегі бақытын табу. Сондықтан, қайырымды іс істеуден артық еш нәрсе жоқ екенін әр адам сезінеді. Бірақ адамдар қоршаған ортаның, жайсыз жағдайлардың әсерінен және тәрбиенің келеңсіз тәлімдерінің салдарынан қайырымдылық жасауға асықпайды, жаман мінез- құлықтарды бойына сіңіреді. Содан келіп, өмірде жиі кездесетін жақсы мен жаман адамдардың пайда болатынын білеміз. Осындай адамдардың бейнелерін суреттейтін көптеген қиял- ғажайып ертегілерден мысал келтіруге болады.
Қазақ халқы жастарды ізеттілікке, кішіпейілділікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді біріншілікке деп санаған,өйткені адамгершілік қасиеттің негізі – имандылық пен ізеттілікте, ал имандылық – адамның сенімі. Халық тәжірибесінде ақылды, парасатты адам – иманды және адамгершілікті болатыны дәлелденген.
Адамгершіліктің негіздері: кісілік, ерлік, табандылық, мақсаттылық, ұлттық намысты қорғау, қоғамшылдық, азаматтық борышты сезіну, құқықтық нормаларды іске асыру, отансүйгіштік т.б. адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі болып табылады.
Кісілік рәсімдер: имандылық- ізеттілікті, сыйласымды, жақсылыққа сенуді, тек жақсылық жасауға бейімделуді; салауаттылық – таза жүруді, есіріктен аулақ болуды, ар-ұятты қастерлеуді, оғаш құлық көрсетпеуді; қайырымдылық – адамға, айналасына жақсылық жасауды, көмек көрсетуді, адам баласына мейірімді болуды, табиғатты қорғауды; перзенттік парыз – Отанға, ата-анаға қызмет етуді, перзенттік борыштар мен міндеттерді өтеуді, Отанын, адамдарды ардақтауды; әдептілік – ізетті, инабатты, қайырымды, мейірімді болуды, әрқашан әдепті сақтауды, әдеппен сөйлеуді, жақсы мінезділікті көздейді.
Адам бойындағы мыңдаған қасиеттердің ішінде негізгі орын алатын қасиет- адамгершілік қасиет. Адамгершілік қасиет жеке тұлғаның бойына игі іс-әрекеттер, әдет-ғұрыптар, әдептілік нормалары, салт-дәстүрлер мен салт-сана арқылы қалыптасады. Жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін, оларға игі іс-әрекеттерді үйрету, елін сүйген ерлердің кісілік (гумандық), адамгершілік іс- әрекеттерін үлгі тұту тәсілдері қолданылады.«Ұлттық тәрбиенің негізі- адамгершілік, еңбек тәрбиесі»,- дейді М.Жұмабаев. Адамгершілік турасында дана бабамыз Әбу Нәсір Әл-Фарабидің : «Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат» деген ұлағатты пікірін мойындай отырып, жас ұрпақты білім нәріне қандыру да ұстаздық парыз екендігі анық.
Қазақ халқында имандылық – адамгершілік тәрбиесі екі бағытта жүргізілген:
ұлттық әдеп негізінде тәрбиелеу;
халықтық салт-дәстүрлер негізінде тәрбиелеу.
Қазақ халқында имандылық өз бастауын әдептен алады. Ал ұлттық әдеп үшке бөлінеді:
мінез-құлық әдептері;
жүріс-тұрыс әдептері;
қарым-қатынас әдептері.
Мінез-құлық әдептері: биязылық, кішіпейілділік, салмақтылық, кеңпейілділік, бауырмалдылық, шыдамдылық, сыйластық, ұқыптылық, меймандостық,тындырымдылық және т.б.
Жүріс-тұрыс әдептері: есіктен сәлем беріп, оң аяқпен кіру, тағамды оң қолмен жеу, нанды екі қолмен сындыру, айға қарап қол шошайтпау, тамақ ішкенде жамбастамау, киімді оң жақтан киіп, сол жақпен шешу, үйге қарап жүгірмеу, есінегенде ауызды оң қолдың сыртымен жабу, босағаны кермеу, есікті қатты жаппау, аяқты айқастырмау, дауыс көтермеу, өтірік айтпау және т.с.с.
Қарым-қатынас әдептері: үлкеннің алдын кеспеу, үлкенге бұрын сәлем беру, екі қолдап амандасу, үлкеннен бұрын дастарханға қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, үлкенге құрмет көрсету, үлкеннің алдында жамбастамау, ата-ананы құрметтеу, ата-анаға қарай аяқ созбау, төрт түлікті қастерлеу, мазаратқа қол шошайтпау, қазаны құрметтеу, дәм-тұзды ақтау және т.б.
Имандылық-адамгершілік тәрбиесін берудің негіздері: халықтың ауыз әдебиеті, діни-рухты тәрбие, халық тарихы, ұлттық мәдениет.
Жақсы адам болуы үшін тек денесінің сау болуы жеткіліксіз, рухани саушылықта болуы да өте қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде : «Аллаһ сендердің сыртқы түрлеріңе қарамайды, сендердің іштеріңе, жүректеріңе қарайды» депті. Ӛзінің борышын жақсы түсінген адам сол – өзін жақсы тәрбиелеген адам. АХЛАҚ – тәрбие, өнеге, адамгершілік, мораль деген мағынаны білдіретін «Ахлақиа» деген арап сөзінен алынған. Адамда мінез-құлық ретінде көріне отырып, ішкі сипатын білдіретін, өмірден сондай-ақ оқу-үйрену әрі отбасы тәрбиесінен қалыптасқан рухани күй /психолгия/.
Сөзімізден, ісімізден, жүріс-тұрысымыздан әрі әрекетімізден жақсылық байқалып тұрса, онда мұны ахлақты, яғни тәрбиелелік деп түсінеміз.Тәрбиелелік - әр адамның алдында тұрған жауапкершілікті білдіретін көрсеткіш.Тәрбиелелік қана өмір сүріп отырған ортамыздың талаптарына лайық болған міндеттерімізді дайындап береді. Осы міндеттерді орындауда, бойымызда болатын биязылық, сыпайы сөз, ілтипаттық, сабырлылық, парасаттылық т.с.с. көркем мінездің шешуші маңызы бар.
Діни рухтық тәрбие арқылы балаларды діни-моральдық ахуалмен таныстыру, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді үйретуге болады.
Осы діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты – баланың өзіне өзінің сенімін тәрбиелеуге баулу және соған қалыптастыру. Адамгершілік қасиеттің ең негізгі мәселесі – қайырымдылық пен достық.
Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен адамгершілік егіздің сыңарындай қатар салыстырыла суреттеледі. Елге қайырымды, жақсылық жасаған адамды:
Ел қамын жеген – ер.
Жақсының жаттығы жоқ.
Жақсы Аймен-Күндей, әлемге бірдей. Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.
Жақсы келді дегенше жарық келді десеңші, – деген мақал-мәтелдермен көрсеткен.
Халық мақалдарында жақсы адам мен жаман адамды салыстыра суреттеп, жақсының жақсылығын, халыққа тигізер пайдасын паш
еткен.
Оны мысалы: Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді. Жаман күліп өтеді.
Жақсыдан әкім қойсаң, Елді түзетер.
Жаманнан әкім қойсаң, Елді жүдетер.
Халық шығармаларында дос пен қасты ажыра білуге меңзейді. Досыңмен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен силас, - деп ескертеді.
Халық адамдармен шынайы дос бол, достықты отбасынан баста, – дейді. Соған арнап мақал-мәтелдер мен ақыл-нақылдар
толғанған:
Жүз сом ақшаң болғанша, Жүз жолдасың болсын.
Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. Мал көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді.
Әйеліңмен дос бол – берекең кіреді, Азаматпен дос бол – қадіріңді біледі, Білімдімен дос бол – ақыл кеңес береді.
«Иман» - араб тілінен алынған сөз, төл тілімізде «сенім» деген ұғымды білдіреді. Діни түсініктер имандылық- Алланың хақ екендігіне, Мұхаммед пайғамбар Алланың елшісі екендігіне сеніп, Алла жолын, пайғамбар ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындау.
Адамгершілігі аса жоғары кісіні халық «иманды» деп құрметтейді, ал адамгершілік қасиетті бұзған адамды «имансыз» деп, одан түңіледі.
Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Жас адамды имандылыққа баулу – олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдет-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңірді.
Адамгершілік қасиетінің ең жоғары түрі – ар-ұятпен ождан сақтау. Халық мақалдарында жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырған, яғни оны
Жаным – арымның садағасы.
Ӛлімнен ұят күшті.
Ақылды болсаң арыңды сақта, Ар-ұят керек әр уақытта.
Жігіттің құны – жүз жылқы,
Ары – мың жылқы, – деп ар-ожданды қастерлеп, адамгершілік туы етіп көрсеткен.
Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген қазақ халқы өзінің мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінде адамгершіліктің мынадай асыл белгілерін бала бойынша сіңіріп отырған: әдептілік, сыпайы адамгершілік, үлкенді силау, достықты уағыздау, кішіпейілділік.
Ал осы қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын – өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақтық сияқты – жаман әдет, жат-мінездерден сақтандырып отырған.
Адамгершіліктің ең негізгі түрі – бауырмалдылық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу. Мысалы, Атаның баласы болма, адамның баласы бол.
Көппен көрген ұлы той.
Көпті жамандаған көмусіз қалады.
Қазақ халқы ағайын туғанмен, ауыл-аймақпен тату-тәтті, ынтымақты, берекелі, бірлікте болуды көздеген. Оған дәлел мына мақал-мәтелдер:
Ырыс алды – ынтымақ.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Шынайы адамгершілік және адамдық қасиет елін, жерін, Отанын сүю, яғни ұлтжандылықтан туады. Батыр туса – елдің ырысы
Жаңбыр жауса – жердің ырысы. Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.
Елін сүйген ер болар. Ерді намыс өлтіреді.
Ерлік білекте емес, жүректе.
Жас ұрпаққа өз елін, жерін, суын, отанын, отбасын сүйетін адам болуды үндеген.Мысалы, Ӛз елің – алтын бесік.
Отан оттан да ыстық.
Туған жерге туыңды тік. Басқа жерде сұлтан болғанша, Ӛз еліңде ұлтан бол.
Отан үшін отқа түс, күймейсің Арың үшін алыссаң, өлмейсің. Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Сонымен, болашақ ұрпақты отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу қазіргі кезеңде өте маңызды басты мәселе. Қазақ халқы ұлтжандылықты: ұлттық қасиетін, елін мен жерін сүю, ер болу, ер-азаматтың ерлігін қастерлеу, халыққа оны мағлұм ету, сол арқылы балаларға үлгі-өнеге етіп ұсыну деп түсінген
Достарыңызбен бөлісу: |