Берілу жолдар болу мүмкін: су жолы; тағам жолы; тұрмыстық-қатынас жолы; парентеральды жолы; жыныстық қатынас жолы; плацентарлы жолы; трансфузия, трансплантация және т.б. - Берілу факторлары - бұл қоздырғыштың бір организмнен екіншісіне таралуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері, элементері және буынаяқтылар.
Берілу факторларына жатады: ауа, топырақ, су, әр түрлі тағамдар, қан, медициналық құрал-жабдықтар, ойыншықтар, лас қол, горшок, сперма, вагинальді бөліністер, үй жабдықтары, қоршаған орта заттары, өндіріс құралдары, буынаяқтылар және т.б. Л.В. Громашевский қоздырғыш адам ағзасында орналасуына байланысты 4 берілу механизмін анықтады: Л.В. Громашевский қоздырғыш адам ағзасында орналасуына байланысты 4 берілу механизмін анықтады: - фекальды-оральды берілу механизмі - бұл кезде қоздырғыш асқазан-ішекте орналасады (ішек инфекциялар);
- аэрозольды берілу механизмі - қоздырғыш тыныс жолдарының кілегей қабатында орналасады (тыныс жолдары инфекциялар);
- трансмиссивті берілу механизмі -қоздырғыш қанда, лимфада орналасады (қан инфекциялары);
- жанасу берілу механизмі - қоздырғыш көбінесе теріде және сыртқы кілегей қабаттарында орналасады (тері және сыртқы қабат инфекциялары).
- Сонымен қатар вертикальды берілу механизмі анықталады, яғни анадан - ұрыққа қоздырғыштардың берілуі.
- Ауруханаішілік инфекцияларда жасанды немесе артифициальды берілу механизмі де кездеседі.
Фекальды-оральды берілу механизмде берілу факторалар болуы мүмкін: Фекальды-оральды берілу механизмде берілу факторалар болуы мүмкін: 1. Алғашқы факторлар – бұл берілу механизмінің 1 фазасын қалыптастырған кезде қоздырғыш науқастан бөлініп түскен сыртқы орта объектісі. 2. Соңғы факторлар – бұлар қоздырғыштарды зақымдалған организімге жеткізеді. 3. Аралық факторлар – бұлар қоздырғыштарды алғашқы факторлардан соңғы факторларға жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |