Enron энергетикалық компаниясы банкротқа ұшыраған ерекше
жағдайда аудитор компаниясы мен оның тұтынушысы-корпорация
арасындағы бейресми тығыз қатынасын белгілеу жағымсыз үлгі
болып
табылады.
Arthur Andersen аудитор компаниясы Enron қаржы есептеріне аудит
жүргізіп қана қоймай, осы корпорацияға
басқа да кеңесші қызметтер
көрсетеді, сонымен қатар, оның бұрынғы басшылары Enron Директорлар
кеңесінің құрамына енген.
Сонымен қатар, Arthur Andersen корпорацияның
қызметін дұрыстап
талдай алмады, ол өз кезегінде сол операциялардың қаржы есептерінде
белгіленбей кейіннен ірі энергетикалық компания Enronды банкротқа
ұшыратты
Дау-дамай туғызған тексеріс қорытындысы
Arthur Andersen өзінің
таралуына әкеп соқты, өйткені инвесторлар мен кредиторлар осы аудитор
фирмасы жүргізген қаржы есептері мәліметтеріне сенбеді, ал тұтынушы-
корпорациялар өздерінің қаржы есептерін тексеру үшін
өздерінің
абыройын жоғалтқан аудиторларды шақырудан бас тартты.
Корпорациялардың қаржы есептерін дұрыс жасағанына сапалы баға
беру үшін аудиторлар:
1.корпорацияның ішкі аудит жүйесінің сапасына баға беру үшін
корпорацияның қызметкерлерімен және менеджерлерімен кездесу;
2.өздеріне тауарлар қалдығы сияқты, корпорация активтеріне түгендеу
мен тексеруді жүргізу;
3. бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығына іріктемелі қайта
тексеру жүргізу;
4. қарыздар мен борыштар көлемінде корпорация сатып алушыларынан
және жабдықтаушылардан
дәлелдеме алу;
5. корпорация басқармасының пайда түсірімділігін, төлем қабылетін
және тиімділігін бағалайтын қаржы коэффициенті есебімен корпорация
есептеріне қаржылық талдау жүргізуге міндетті;
Аудиторлар тексерісті
толығымен аяқтаған соң, олар арнайы тәуелсіз
аудиторлық есепті дайындауы қажет, ол акционерлік компанияның барлық
инвесторлары, кредиторлары және стейкхолдерлері үшін қол жетімді
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: