Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


 тарау. Корпоративті басқару кодексі: тарихы мен тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет150/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

12 тарау. Корпоративті басқару кодексі: тарихы мен тәжірибесі 
 
Гаухар Жайлаубайқызы Көпбасарова
Қазақстандағы АҚШ Сауда министрлігінің Тиімді басқару
бағдарламасының сарапшысы (U.S. Department of Commerce
Good Governance Program) 
 
Корпоративті басқару кодексін құруға ынталандыру. ЭСДМ 
корпоративті басқару ұстанымдары – кодекстерді жасауға арналған 
негіз 
Жеке компанияда корпоративті басқарудың тиімділігіне толық сенімді 
болуға акционерлік коғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық-нормативтік 
актілер жеткілікті мөлшерде болмады, сондықтан, әсіресе 1990-шы жылдардың 
басында ұжымдық басқаруға жүйелі түрде келу өте маңызды мәселе болды.
Инвесторларға компанияны корпоративтік, яғни ұжымдық басқару 
құрылымының жұмыс істеуі туралы толық және нақты ақпарат қажет болды, ол 
корпоративті басқарудың өз кодексін жетілдіруге жетеледі. Акционерлерге 
компанияның қызметі туралы ақпаратқа, қызметі мен жауапкершілік әрекетіне 
шектеу туралы толық ақпаратқа, сонымен бірге орындаушы және бақылаушы 
қызметін бөлу туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей ережелер 
мен рәсімдерін құжаттық тіркеп қою керек болды. 
2009 жылдың басына ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында 
корпоративті басқару кодексі 
«қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында 
бекітілген қоғамды басқару барысында пайда болатын қарым-
қатынастарды, сонымен бірге акционерлер мен қоғам ұйымдары 
арасындағы қатынас, қоғам ұйымдары, қоғам мен мүдделі тұлғалармен 
арасындағы қатынасты реттейтін құжат» деп анықталады. Осы Заңның 4-
бабына сәйкес, 
көпшілік¹ компаниясының Жарғысымен бірлесіп басқарудың 
кодексі міндетті түрде болуын қарастыруы керек. 
Ұжымдық басқару кодексін жетілдіруге дүние жүзіндегі болып жатқан 
жағдайлар, АҚШ, Ұлыбритания мен Канададағы ірі компаниялардың 
проблемалары түрткі болды. Кодекспен биржалар, корпорациялар, 
институтционалды инвесторлар, директорлар мен бірлескен менеджерлер 
қауымдастығы жұмыс жасады. Бірлесіп басқарудың алғашқы кодекстері – 
Ұлыбританиядағы Cadbury Report, АҚШ-ғы General Motors Board of Directors 
Guidelines және Канададағы Dey Report – басқа компанияларға үлгі болды¹. 
_______________________________
Заң бойынша ұжымдық басқару Кодексін қабылдау басқа қалған қоғамдарға ерікті болады. 
226 


Әр елдердегі ұжымдық басқару кодекстерінің құқықтық мәртебесінің бір-
бірінен айырмашылығы болады және ол ұсыным сипатында да болуы мүмкін, 
сонымен бірге ақпаратты ашумен байланысты немесе қор биржасында листинг 
үшін міндетті шарт болатын талап жиынтығының бір бөлігі болып табылады. 
Алайда эмитентке осы жағдайда кодекске сәйкестік деңгейі туралы, сонымен 
қатар ұсыныс жасалған ережелердің орындалмау себебі туралы ашық хабарлау 
талабы ғана беріледі. Осындай жүйе акциялары Лондон және Торонто қор 
биржасында листингтен өткен компанияларға қатысты қызмет етеді. Бразилия 
мен Мексикада ұжымдық басқару кодексі толық ерікті түрде болады. Индия мен 
Таиландта олардың бар екендігін тіпті осы елдің биржасында корпоративті 
қағаздар листингісінің ережесіне қосылған да жоқ. Ал Малайзия, Гонконг мен 
ОАР-да ұжымдық басқару кодексінің маңызды тұстары міндетті түрде 
ашылатын талап құрамына жатады.² 
Кодексте қарастырылатын сұрақтардың мақсаты, қамту көлемі мен нақтылау 
деңгейі бірлесіп басқару барысын реттейтін нормативті-құқықтық базаға 
байланысты өзгешеленуі мүмкін. Ұжымдық басқару органдарының шешімдер 
қабылдау мен дайындалу шаралары және жазылған ережелерінің нақты және 
жеткілікті түрде терең қамтылмауы акционерлер құқығының әдейі бұзылуына 
да, байқаусыз бұзылуына да мүмкіндік береді. 
Осыған байланысты, дүниежүзіне танымал негізгі «ЭСДМ корпоративті 
басқарудың принциптері» (әрі қарай- ЭСДМ принциптері) көптеген ұлттық 
кодекстерді жетілдіруде маңызды рөл атқарды, соның ішінде, қазақстандық КБ 
кодексінің алғашқы нұсқасы, осыған жеке тоқталып кетейік. 
1998 жылғы 27-28 сәуіріндегі ЭСДМ мүше-елдер министрлерінің деңгейінде 
қабылданған шешім нәтижелері бойынша 2004 жылғы ЭСДМ принциптері 
редакциясы әзірленді. ЭСДМ Кеңесі өзінің мәжілісінде мекемені бірлесе басқару 
ұлттық үкіметпен және жеке сектормен, басқа да мүдделі халықаралық 
ұйымдармен ұжымдық басқару бойынша стандарттар жиынтығы мен 
жетекшіліктің нұсқауын әзірлеуге шақырды. Осы мәселені орындау үшін ЭСДМ 
ұжымдық басқаруға Арнайы топ құрылып, оған осы сұрақ бойынша мүше 
елдердің көзқарасын білдіретін орындалуы міндетті емес принциптерді әзірлеу 
тапсырылды. ЭСДМ принциптері 1999 жылы бекітілді де, ЭСДМ елдерінде де, 
ЭСДМ -ге мүше емес елдерде де бірлесіп басқарудың барлық бастамасына негіз 
болды. Сонымен қатар, қаржылық тұрақтылық Форумында қаржылық жүйесінің 
орнықтылығына негіз болатын он екі стандартының біреуі ретінде қабылданды. 
ЭСДМ корпоративті басқару тұжырымдамасы төмендегі 4 негізгі принципке 
негізделеді: 
1. 
Әділеттілік. 
Ұжымдық басқару жүйесі акционерлер құқығын қорғауы керек және барлық 
акционерлерге, оның ішінде миноритарлы және шетел акционерлеріне 
бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз етуі тиіс. 
227 


Акционерлердің барлығы құқығы бұзылған жағдайда қорғаудың тиімді 
жақтарына рұқсаты болуы керек. 
2. 
Жауапкершілік. 
Бірлесіп басқару жүйесі қаржылық жағынан тұрақтылықты қамтамасыз 
ететін жұмыс орындары, жақсы тұрмысты құру мақсатында мүдделі 
тұлғалар мен акционерлік қоғамдар арасында белсенді қызмет етуге 
мүмкіндік жасауға және мүдделі тұлғалардың заңмен қарастырылған 
құқығын мойындауы керек. 
3. 
Айқындық. 
Ұжымдық басқару жүйесі акционерлерге қатысты барлық мәселелер 
бойынша, оның ішінде оның қаржылық жағдайы туралы, қызметінің нәтижесі, 
басқару мен меншіктік құрылымы туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуі 
керек. 
4.Есеп берушілік. 
Бірлесіп басқару жүйесі қоғамды стратегиялық басқару, директорлар кеңесі 
жағынан басқарушыларды тиімді түрде бақылау, сонымен қатар қоғам мен оның 
акционерлеріне директорлар кеңесінің есеп беруін қамтамасыз етуі тиіс.
ЭСДМ принциптері ЭСДМ -ге мүше елдер де, мүше емес елдердің де 
үкіметіне құқықтық, институтционалды және ол елдердегі бірлесіп басқару 
құрылымын реттеуді жетілдіру мен бағалауда, сонымен бірге қор биржаларына, 
инвесторларға, корпорацияларға және басқа бірлескіп басқаруды жетілдіруде 
белгілі бір рөл атқаратын тұлғаларға көмекке келді. Принциптер акциялары 
нарықта еркін айналымда жүрген компанияларға бағытталады. Алайда биржада 
бағаланбаған компанияда, мысалы, жеке және мемлекеттік кәсіпорындарда, 
бірлесіп басқаруды жетілдіру үшін тиімді аспап болуы да мүмкін. 
Принциптер акциялары нарықта ерікті айналымда жүрген компанияларға 
бағытталған. Десе де, қолдануға болады деген өлшемде биржаларда 
бағаланбайтын компанияларда, мысалы, мемлекеттік кәсіпорын, ие жеке 
кәсіпорындарда бірлесе басқаруды жетілдіру үшін қолданысқа ыңғайлы деп 
табылған осы шамада да пайдалы құрал болып табылады. ЭСДМ -ге мүше елдер 
басқарудың тәжірибесін дамытуға қажетті деп тапқан ұстанымдары жалпы 
негізді көрсетеді. Ол халықаралық қауымдастық үшін қол жетімді, түсінікті, 
қысқа болуы керек. Олар басқару саласында «тиімді тәжірибені» мұқият әзірлеу 
бойынша жеке сектор шараларының орнын алмастыруға тиіс емес. 2002 жылы 
ЭСДМ ұстанымдарын кешенді бағалаудың бір бөлігі ретінде ол мемлекеттік 
органдар мен компаниялар үшін бірлесе басқаруды жетілдіруге қажетті іс-
әрекеттер тұрғысынан жоғарыдағы ұстанымның сай келуін дәлелдейтін зерттеу 
жасау туралы шешілді. 
2002 жылы ЭСДМ принциптерінің кешенді бағалауының бір бөлігі ретінде 
бірлесіп басқаруды жетілдірудің компания үшін және мемлекеттік органдарға 
қажетті іс ретінде қарағанда принциптерге сәйкес келетінін құптады. Алайда 
зерттеулер көрсеткендей, бұл принциптерді арнайы іс-әрекеттердің өзіндік 
228 


жоспарына аудару көбіне қиындық туғызады, соған байланысты соңғы 
тәжірибеде көрсетілгендей, Принциптерді қайта қарастырудың қажеттілігін 
құраған бірнеше жаңа саяси мәселелер пайда болды. 
Корпоративті басқарудағы Enron, Parmalat, WorldCom және басқа 
корпорациялардағы болған белгілі жанжалдан кейін, 1999 жылдың принциптер 
редакциясына өзгерістер енгізудің қажеттілігін көрсетті. Принциптердің қолда 
бар тармақтарын жетілдіру мен «Бірлесіп басқарудың тиімді жүйесіне негіз 
құру» 1 Тармағына қосымшалар түрінде 1999 жылдың базалық құжатына 2004 
жылы өзгерістер енгізілді. Енді құжаттың құрылымы мынадай болып көрінеді: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет