тәртібі мәселелері бойынша материалдар; акционерлердің
жалпы жиналысын
өткізу үшін ұсынылып отыратын акционерлердің тізімдері; директорлар кеңесі
отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары,
директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар қоғамның
атқарушы органы орналасқан жерде не соның
жарғысымен белгіленген өзге
жерде соның бүкіл қызмет ету мерзімі бойы сақтауға жатады.
Жалпы жиналысты өткізу қоғамның көптеген мәмілелерін өткізу үшін басты
сәт болып табылады, мысалы, егер сотпен не қоғам акционерлерінің жалпы
жиналысымен соны тарату және т.б. туралы шешім қабылданған болса,
қоғамның акционерлердің алғашқы жалпы жиналысын өткізбейінше өзінің
жайғастырылған акцияларын сатып алуға құқы болмайды.
Қазақстан
Республикасының 2003 жылдың 2 шілдесіндегі № 461-II «Құнды қағаздар
нарығы туралы» заңына сәйкес (12-бап), мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін эмитент егер Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес облигацияларды эмитент акционерлерінің
жалпы жиналысының алдын-ала қабылданған шешімінсіз шығару мүмкін
болмаса, уәкілетті органға акционерлердің жалпы
жиналысының хаттамасын
(хаттаманың үзінді көшірмесін) және өзінде облигацияларды шығару туралы
шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысын шақырту туралы
хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы парағының көшірмесін
ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 2
шілдесіндегі № 461-II «Құнды қағаздар нарығы туралы» заңына сәйкес (30-бап),
құнды қағаздардың қайталама нарығында айналымда жүрген
акциялар
шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган акционерлік қоғам
акционерлерінің жалпы жиналысының акционерлік қоғамды қайта құруға (осы
акционерлік қоғамға өзге заңды тұлғаның қосылуы не осы акционерлік қоғамнан
жаңа акционерлік қоғамның шығарылу жағдайларын санамағанда) не оның
таратылуына байланысты не ҚР заңдарымен бекітілген өзге жағдайларда
акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешіміне сәйкес қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: