елдімекенде өткізіліп отыруы тиіс. Алайда бұл бапта қайсыбір кереғарлық бар.
Егер уақыты мен күні олар акционерлер үшін ыңғайлы болатындай етіп
белгіленсе, Заңда бекітілген орны миноритарлық акционерлер үшін өте қолайсыз
болып шығуы мүмкін, бұл оларды жалпы жиналысқа қатысу мүмкіндігінен
айырады. Қазақстан аумағы бойынша үлкен ел. Бұл жағдайда атқарушы
органдар көбінесе астаналарда орналасады. Атқарушы орган Алматы не
Астанада
тіркелген болып, ал миноритарлық акционерлердің басым бөлігі,
мысалы Маңғыстауда шоғырлануы мүмкін. Миноритарлық акционерлердің
өзінің жиналысқа қатысу және өз мүдделерін қорғау құқығын жүзеге асыру
ықтималдығы қандай болмақ. Мажоритарлық акционерлер атқарушы органды
миноритарлық акционерлердің жиналысқа қатысуға мүмкіндігі
болмайтындай
етіп саналы түрде тіркеп отыруы мүмкін. Корпоративтік басқару тұрғысынан
алып қарағанда «акционерлердің жалпы жиналысын өткізу орны мен уақытын
таңдаған кезде жиналыстың жұмысына акционерлердің түгелдей қатысып
отыруына арнап барынша қолайлы жағдай жасап отыруға тырысу керек».
6
Құрылтай жиналысын (акционерлердің жалпы жиналысын) өткізу орны мен
күні эмитенттің атауы мен орналасқан жерімен қоса құрылтай жиналысының
(жалғыз құрылтайшының) не акционерлердің жалпы жиналысының (барлық
дауыс беруші акцияларды иеленуші акционердің)
жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешімінде көрсетілуі тиіс.
7
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияланып не соларға жіберілуі тиіс. Егер компания
акционерлерінің саны елу акционердің санынан аспаса, хабарлама акционердің
назарына оған жазбаша хабарландыру жіберу арқылы жеткізілуі тиіс.
Акционерлер алдағы уақытта жалпы жиналыстың өткізілетіні туралы
жиналыс өткізілетін күннен кем дегенде отыз күнтізбелік күн бұрын, ал сырттай
не аралас дауыс берген жағдайда – кем дегенде қырық бес күнтізбелік күн бұрын
хабардар етіледі.
Соттық даулар кезінде соттар акционерлердің
жалпы жиналысы шешімінің
заңды екендігі туралы шешім қабылдау үшін осы тарауда көрсетілген барлық
мәліметтерге көңіл аударып отыруы тиіс.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада
мыналар көрсетілуі тиіс:
1)
қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2)
жиналысты шақыртудың бастамашысы туралы мәліметтер;
3)
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны,
жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты, сондай-ақ бірінші
жиналыс өткізілмеген жағдайда өткізілуі тиіс болатын
қоғам акционерлерінің
жалпы жиналысын өткізу күні мен уақыты;
4)
акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің
тізімін әзірлеу күні;
5)
акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
77
6)
қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі
мәселелері жөніндегі материалдармен таныстыру тәртібі;
7)
егер осы қоғам инвестициялық жекешелендіру қоры болып табылса не
инвестициялық жекешелендіру қорын түрлендірудің
нәтижесінде құрылған
болса - қордың толық атауы және соған берілген лицензияның нөмірі.
Егер инвестициялық қордың Жалпы жиналысы өткізіліп отырған болса, онда
Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 7 шілдесіндегі № 576-II
«
Инвестициялық қорлар туралы» заңына сәйкес акционерлік инвестициялық қор
акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарландырулар
басқарушы компанияға, кастодианға, тіркеушіге,
қордың аудиторлық ұйымы
мен уәкілетті органға Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар
туралы» заңы мен акционерлік инвестициялық қордың жарғысына сәйкес
бекітілген тәртіппен жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: