Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет63/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

 
12. 
Жиналысты жабу. 
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібінің барлық мәселелері 
қаралып және солар бойынша шешім қабылданғаннан кейін ғана жабық деп 
жариялауға болады.
88 


 
13. 
Хаттаманы жүргізу
Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген барлық уақыт бойы жалпы 
жиналыстың хаттамасы жүргізіліп отырады, ол жиналыс жабылғаннан кейін үш 
жұмыс күні ішінде әзірленіп және қол қойылуы тиіс. Акционерлердің жалпы 
жиналысының хаттамасында келесі мәселелер көрсетілуі тиіс:
1) 
қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
2) 
акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күні, уақыты мен орны;
3) 
акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан қоғамның дауыс беруші 
акцияларының саны туралы мәліметтер;
4) 
акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
5) 
акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) 
акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;
7) 
акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (президиум) мен 
хатшысы;
8) 
акционерлердің жалпы жиналысына қатысып отырған тұлғалардың 
сөйлеген сөздері;
9) 
акционерлердің дауысқа салынған акционерлердің жалпы жиналысы күн 
тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыстарының жалпы саны;
10) 
дауысқа салынған мәселелер, солар бойынша дауыс берудің 
қорытындылары;
11) 
акционерлердің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер; 
12) 
жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар 
кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе қаралған жағдайда жалпы 
жиналыстың хаттамасында директорлар кеңесінің сайланған мүшесінің қай 
акционердің кім болып табылатыны және (не) директорлар кеңесінің сайланған 
мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі. 
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына төмендегі тұлғалар қол 
қояды:
1. 
акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы; 
2. 
акционерлердің жалпы жиналысы президиумының мүшесі
3. 
акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы;
4. 
акционерлердің жалпы жиналысының есептеу комиссиясының мүшелері; 
5. 
қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан артық пайызын 
иеленіп отырған және акционерлердің жалпы жиналысына қатысып отырған 
акционерлер. 
Осы тұлғалардың қайсыбірі хаттаманың мазмұнымен келіспеген жағдайда 
ол тұлға содан бас тарту себебін түсіндірумен, жазбаша түсініктеме ұсынумен 
содан бас тартуға құқылы, аталмыш түсініктеме хаттамаға қосарлауға жатады.
Хаттамаға қол қоюға міндетті тұлғаның соған қол қоюы мүмкін болмаған 
жағдайда хаттамаға соның өкілі кейінгісін берілген сенімхатқа негізделумен қол 
қояды.
89 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет