өткізілетін күннен кем дегенде қырық бес күн бұрын жіберілуі тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізусіз сырттай
дауыс берген жағдайда
акционерлерінің саны бес жүз және одан асатын қоғам жарғымен белгіленген
бұқаралық ақпарат құралдарында акционерлердің жалпы жиналысында сырттай
дауыс беру бюллетенін акционерлердің жалпы жиналысының өткізілетіні
туралы хабарламамен бірге жариялауы тиіс. Сырттай дауыс беру бюллетенінде
мыналар көрсетілуі тиіс:
1)
қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
2)
жиналысты шақыртуға бастамашы болған тұлға жайлы мәліметтер;
3)
сырттай дауыс беру бюллетендерін ұсынудың ақырғы күні;
4)
акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн не акционерлердің
жалпы жиналысын өткізусіз сырттай дауыс беру үшін дауыстарды санау күні;
5)
акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6)
егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар
кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселелер көрсетілген болса, сайлауға арнап
ұсынылып отырған кандидаттардың аты-жөндері;
7)
өздері бойынша дауыс жүргізіліп отырған мәселелердің пайымдамасы;
8)
акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша
«жақтау» «қарсы», «қалыс қалу» сөздерімен көрсетілген дауыс беру нұсқалары;
9)
күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру тәртібін түсіндіру
(бюллетеньді толтыру).
10) егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне директорлар
кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселелер енгізілген болса,
сырттай дауыс
беру бюллетенінде жекелеген кандидаттарды жақтаумен берілген дауыс санын
көрсетуге арналған жолдар болуы тиіс.
Қоғамның жекелеген акционерлерге дауыс беру бюллетеньдерін
акционерлердің жалпы жиналысында дауыс берудің нәтижелеріне ықпал ету
мақсатында жіберіп отыруға құқы болмайды.
Көпшілік
компанияларды
санамағанда,
қоғамның
жарғысымен
акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібінің барлық не жекелеген
мәселелері бойынша шешімдерді сырттай дауыс беру арқылы қабылдауға тыйым
салынуы мүмкін.
Егер алдында сырттай дауыс беру бюллетенін жіберген акционер өзінде
аралас дауыс беру қолданылатын акционерлердің жалпы жиналысына қатысу
және дауыс беру үшін келген болса, оның бюллетені
акционерлердің жалпы
жиналысының кворумын белгілеу мен күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс
санын есептеу кезінде ескерілмейді.
Сырттай дауыс беру бюллетеніне акционер – өзінің жеке басын
куәландыратын құжат жайлы мәліметтерді көрсетумен жеке тұлға қол қоюы
тиіс. Акционер – заңды тұлғаның сырттай дауыс беру бюллетеніне соның
басшысы қол қойып және ол заңды тұлғаның мөрімен бекітілуі тиіс. Акционер –
жеке тұлғаның не акционердің – заңды тұлғаның басшысының қолы
86
қойылмаған, сондай-ақ заңды тұлғаның мөрі басылмаған бюллетень жарамсыз
деп саналады. Дауыстарды санау кезінде өздері бойынша акционерлер
бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін ұстанған және дауыс берудің
ықтимал нұсқаларының тек біреуі ғана белгіленген мәселелер бойынша берілген
дауыстар ғана есепке алынады.
Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру «Акционерлік
қоғамдар
туралы» заңының 50-бабымен белгіленеді, дәлірек айтқанда: «1. Акционерлердің
жалпы жиналысында дауыс беру келесі жағдайларды санамағанда, «бір акция –
бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады:
1)
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ескерілген
жағдайларда бір акционерге берілетін акциялар бойынша дауыстардың ең көп
саны шектелген жағдайды;
2)
директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезіндегі кумулятивтік дауыс
беруді;
3)
акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқылы әрбір тұлғаға
акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір
дауыс ұсынылған жағдайды.
2.
Кумулятивтік дауыс беру кезінде акция бойынша ұсынылған дауыстарды
акционер директорлар кеңесінің бір мүшесіне толығымен беріп не директорлар
кеңесінің мүшелігіне бірнеше кандидат тұлғаларға үлестіріп беруі мүмкін.
Директорлар кеңесіне сайланған деп өздері үшін ең көп дауыс саны берілген
кандидаттар танылады.
3.
Егер көзбе-көз түрде өткізіліп отырған акционерлердің жалпы
жиналысындағы дауыс беру жасырын түрде жүргізіліп отырған болса,
мұндай
дауыс берудің бюллетеньдері (бұдан әрі бұл мақалада – көзбе-көз жасырын
дауыс беру бюллетеньдері) өзі бойынша дауыс беру жасырын түрде өткізіліп
отырған әрбір жеке мәселе бойынша әзірленуі тиіс. Бұл жағдайда көзбе-көз
дауыс беру бюллетенінде мыналар көрсетілуі тиіс:
1)
мәселенің пайымдамасы не жиналыстың күн тәртібіндегі соның реттік
нөмірі;
2)
әрбір мәселесі бойынша «жақтау» «қарсы», «қалыс қалу» сөздерімен
көрсетілген дауыс беру нұсқалары, не қоғам органына әрбір кандидат бойынша
дауыс беру нұсқалары;
3) акционерге тиесілі дауыс саны.
4.
Көзбе-көз жасырын дауыс беру бюллетеніне өзінде акционер бюллетеньге
қоғамға осы Заңға сәйкес өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы талабын
ұсыну мақсатында өзі қол қоюды қалаған жағдайларды санамағанда,
акционердің қолы қойылмайды.
Көзбе-көз жасырын дауыс беру бюллетеньдері бойынша дауыстарды санау
кезінде өздері бойынша дауыс беруші бюллетеньде
белгіленген дауыс беру
тәртібін ұстанған және дауыс берудің ықтимал нұсқаларының біреуі ғана
белгіленген мәселелер бойынша ғана ескеріледі».
87
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (Жалпы бөлімі),
95-
бап «3. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың
бір-бірінің жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбір жарғылық
капиталдың жиырма бес пайызынан аспауы тиіс. Бір-бірінің шығарылған
(төленген) жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлік қоғамдар басқа
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма бес пайыздан артық
дауысты пайдалана алмайды».
Достарыңызбен бөлісу: