Акционерлердің жалпы жиналысының бірқатар шешімдері қоғамның
дауыс беруші акцияларының білікті көпшілігімен (инвестициялық
жекешелендіру қорын түрлендірудің нәтижесінде құрылған қоғамда –
жиналысқа қатысып отырған қоғамның дауыс беруші акцияларының білікті
көпшілігімен) қабылданып отырады, бірқатар шешімдер қоғамның дауыс беруші
акцияларының жалпы санының қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданады.
Мұнысы заңнамалық актілер мен қоғамның жарғысымен белгіленеді. Мысалы,
«Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 73-бабына сәйкес, «2. Қоғамның өзін
жасасуға мүдделі болып отырған мәмілені жасасу туралы шешімі келесі
жағдайларда акционерлердің жалпы жиналысында соны жасасуға мүдделі емес
акционерлердің дауыс көпшілігімен қабылданады, яғни:
1) егер директорлар кеңесінің барлық мүшелері мүдделі тұлға болып отырса;
2) директорлар кеңесінің осындай шешімді қабылдау үшін қажет болатын
дауыс санының болмай отырғанына байланысты мұндай мәмілені жасасу туралы
шешімді қабылдай алмайтындығына орай.
3. Қоғамның келісім жасасу туралы шешімі егер оның соңында директорлар
кеңесінің барлық мүшелері және қарапайым акцияларды иеленіп отырған
акционерлердің барлығы мүдделі тұлғалар болып есептелінсе, акционерлердің
жалпы жиналысында қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы саны дауыс
көпшілігімен қабылданады.
Бұл жағдайда акционерлердің жалпы жиналысына негізделген шешім
қабылдау үшін қажет болатын ақпарат (құжаттарды қосарлаумен) ұсынылады.
4. Қоғамның жарғысында ол өздері келісім жасасуға мүдделі болып отырған
мәмілелердің жекелеген түрлерін жасасудың өзгеше тәртібі белгіленуі мүмкін».
Дауыс берудің қорытындылары бойынша есептеу комиссиясы дауыс берудің
қорытындысы туралы хаттамаларды әзірлеп және соларға қол қояды. Дауыс
берудің қорытындысы өзінің барысында дауыс беру жүргізілген акционерлердің
жалпы жиналысында жарияланады. Акционердің дауыс беруге ұсынылған
мәселе бойынша ерекше пікірі орын алған жағдайда есептеу комиссиясы
хаттамаға тиісті жазба енгізуге міндетті.