Қорытынды
Директорлар кеңесін сайлау және жұмыстың ұйымдастырылуы акционерлердің
меншіктерін,
құқықтарын, және мүдделерін қорғаудың маңызды факторы болып
табылады.
Компанияның жұмысында директорлардың рөлі артып келеді.
Қазақстанда
директорлар кеңесінде жұмыс тәжірибесі және жақсы атағы бар адамдар тобы
қалыптасты. Директорлар кеңесінің мүшелерінің кәсіби деңгейі екі-үш жыл
бұрынғы деңгейге қарағанда жоғарырақ. Акционерлер
директорлар кеңесіне
«маңызды тұлғаларды» шақырғылары келмейді,
барлығы кеңес қызметіне шын
мәніндегі кәсіби үлес қосқанын көргілері келеді.
Тәуелсіз директорлардың рөлі де артып келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз өкілді
ұсынуға миноритарлы
акционерлер ғана емес, компаниялар да,
олардың
бақылаушы және стратегиялық акционерлері де мүдделі. Бұл компаниялардың
директорлар кеңесіне тәуелсіз директорларды қосудан
пайда сезінгендігімен
байланысты, инвестициялық тартымдылығы мен капитализацияның өсуінен көрініс
тапты.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.
Директорлар кеңесі дегеніміз не?
2.
Директорлар кеңесінің негізгі міндеттері қандай? Олар қалай реттеледі?
3.
Директорлар кеңесінің мүшелеріне қойылатын талаптар қандай?
4.
Директорлар кеңесінің мүшелерінің сайлауы қалай жүргізіледі?
5.
Директорлар кеңесінің құрылымы қандай?
6.
Директорлар кеңесінің қандай түрлері болуы мүмкін? Олар неге тәуелді?
7.
Директорлар кеңесінің жұмысының тиімділігіне не ықпал етеді?
8.
Директорлар кеңесі туралы ережеде нені көрсету керек?
9.
Тәуелсіз директор дегеніміз кім? Директорлар кеңесіндегі оның рөлі қандай?
1
Қ. Мәжібаев «ТМД елдерінің тәуелсіз директорлар саммиті» 27.11.2007
119