Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Дивидендтер төлеу бойынша Заң талаптары



Pdf көрінісі
бет87/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

 
Дивидендтер төлеу бойынша Заң талаптары 
Заңның 35-бабына сай акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында
табыс көлемі қоғамның жай бір акциясына есептеле отырып анықталады.
Заңның 53-бабына сай, егер қоғамның жарғысы мен Заң аясында басқаша 
белгіленбесе, директорлар кеңесінің ерекше құзырына – жай акциялар бойынша 
үлеспайда төлеу туралы шешімді қабылдау, есеп беретін қаржылық жылға 
төленетін үлеспайданы қоспағандағы бір жай акцияға үлеспайда көлемін 
анықтау жатады. 
36-
бапқа сай, жай акциялар бойынша дивидендтер (үлеспайда)төлеу туралы 
шешімді қабылдау, жыл қорытындысы бойынша қоғамның бір жай акциясына 
есептелген үлеспайда көлемін бекіту; 
Заңның 22-бабының 5-тарауында 
көрсетілген жағдай бола қалғанда қоғамның жай және ерекше акциялары 
бойынша үлеспайда төлемеу туралы шешім қабылдау акционерлердің жалпы 
жиналысының ерекше құзырына кіреді. 
 
Директорлар кеңесі үлеспайда төлеу туралы және бір жай акцияға үлеспайда 
көлемі туралы шешімді қабылдайды, ал акционерлердің жалпы жиналысы бұл 
шешімді бекітеді. 
36 және 53-баптар арасындағы белгілі бір қарама-қайшылықты көруге 
болады, яғни үлеспайда төлеу туралы шешімді директорлар кеңесінің және 
акционерлер жиналысының қабылдайтыны туралы екеуінде де жазылған.
Мұндай қарама–қайшылықты үлеспайданы және олардың бір жай акцияға 
есептелген көлемі туралы шешімді қабылдау тәртібін қоғам жарғысында анық 
көрсету арқылы шешуге болады. Заңның 23-бабында жоғарыдағы қарама-
қайшылықты шешуге кейбір жеңілдіктер беретін төмендегі қағидалар бар:
«Тоқсан немесе жарты жылдық қорытындысы бойынша қоғамның жай 
акциясының үлеспайдасын төлеу, егер ол қоғам жарғысында көрсетілген болса, 
директорлар кеңесі шешімімен жасала береді. Қоғамның жай акциясының жыл 
қорытындысы бойынша үлеспайдасын төлеу туралы шешімді акционерлердің 
жалпы жиналысы қабылдайды.» 
121 


Ерекше басымдығы бар акциялар туралы Заңның 24-бабында төмендегіше 
анықтама береді: «Қоғамның ерекше басымдығы бар акциялары бойынша 
үлеспайдасын төлеу осы Заңның 22-бабындағы 5-тарауында көрсетілген 
жағдайлары болмаса, қоғам органдарының шешімін талап етпейді.
Дивидендтерді төлеудің мерзімділігі, үлеспайданың бір ерекше басымдығы 
бар акцияға есептелген көлемі қоғам жарғысымен белгіленеді. Ерекше 
басымдығы бар акцияға қоса есептелетін үлеспайда көлемі дәл осы кезеңге жай 
акцияға қоса есептелетін үлеспайда көлемінен аз болмауы тиіс. 
Дивидендтерді төлеу тәртібін Заң анықтайды. Қоғамның ерекше басымдығы 
бар акцияларының үлеспайдалары түгел төленіп болмай тұрып, оның жай 
акцияларының үлеспайдаларының төлемі жасалмайды. 
Ерекше басымдығы бар акциялардың үлеспайдасының кепілді көлемі -
белгіленді немесе мәнінің көпке қолжетімділігіне орай және тұрақтылық 
жағдайындағы қандай да бір көрсеткішке салыстырмалы түрде индекстеумен 
белгіленді. 
Акцияның әрбір категориясы бойынша төлеудің формасы мен көлемі
аралық (тоқсандық, жартыжылдық) үлеспайдаларды төлеу туралы шешімді 
Директорлар кеңесі егер Қоғам жарғысында басқаша бекітілмесе, жай көпшілік 
дауыспен қабылдайды. 
Ерекше басымдығы бар акцияларға арналған үлеспайда көлемі, жай 
акциялар бойынша үлеспайда көлемін анықтау тәртібі, ерекше басымдығы бар 
акцияларға және жай акцияларға үлеспайда төлеу тәртібі туралы қоғамда 
Дивиденд саясаты сияқты құжатта айтылуы тиістігін айту қажет. Бұл 
құжат әлеуетті инвесторлардың қоғамнан не күтуге болатынына бағыт 
алуына жол ашып, шешім қабылдауына көмектеседі. Әрине, сөз жоқ, Қоғамның 
үлеспайда саясаты – ашық құжат. 

22 бап. Қоғам акциялары бойынша дивиденд (үлеспайда) 
1. Қоғам акциялары бойынша үлеспайдалар тек төмендегі жағдайда 
үлеспайданы төлеу туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қоғам 
акцияларының жай көпшілік дауысымен қабылданған жағдайында, ерекше 
басымдығы бар акциялардың үлеспайдасын қоспағанда, ақшамен немесе құнды 
қағаздармен төленеді. 
2. Қоғам акцияларының үлеспайдаларын төлеу мерзімділігі қоғам 
жарғысымен және (немесе) акциялардың шығарылу проспектілерімен 
анықталады... 
…4. Қоғамның өзі сатып алмаған немесе орналастырмаған акцияларына 
үлеспайдалар есептелмейді, төленбейді.
5. Қоғамның жай және ерекше басымдығы бар акцияларына үлеспайда төлеу 
төмендегі жағдайларда жүргізілмейді: 
122 


1) меншік капиталының жетімсіз /теріс/ жағдайында немесе қоғамның 
меншік капиталының көлемі оның акцияларының үлеспайдаларын төлеу 
нәтижесінде жетімсіз /теріс/ болып қалса;
2) егер қоғам Қазақстан Республикасы заңнамасындағы банкроттық туралы 
тұжырымдарға сай мүмкіндігі жоғын, төлеу қабілеті жоғын білдірсе немесе
қоғамда жоғарыда айтылған себептер акциялары бойынша үлеспайда төлеу 
нәтижесінде болса; 
3) егер сот немесе акционерлік қоғамның жалпы жиналысы оны жою туралы 
шешім қабылдаса. 
6. Акционер қоғамның қарыздарының мерзіміне қарамастан алынбаған 
үлеспайдаларды төлеуін талап етуге құқылы...
…7. Ұйымдастырылған-құқықтық формадағы акционерлік қоғам ретінде 
жасалған коммерциялық емес ұйымдар, өз акциялары бойынша үлеспайда 
төлемейді, есептемейді.
Дивиденд мөлшері туралы шешім шығару үшін Директорлар кеңесі күн 
тәртібіне акциялардың барлық категориялары бойынша жылдық үлеспайда 
жариялау туралы, белгілі бір категориялардың акциялары, барлық немесе тек 
белгілі бір категориялар бойынша үлеспайда жариялау туралы жеке мәселе 
қояды. Бұл жағдайда қабылданған шешімді акционерлердің жалпы 
жиналысының хаттамасы көрсетеді.
Барлық орналастырылған акциялар бойынша үлеспайда төлеу туралы шешім 
(хабарландыру) қоғамның міндеті емес, құқығы екенін ескеру керек. Егер қоғам 
шешім қабылдамаса, тіпті қоғамның Жарғысында акцияның барлық немесе бір 
түрінен үлеспайда көлемі кесіп көрсетілсе де, акция егелерінің оны төлеуді талап 
етуге құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет