Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмысты лауазым иесі жасаса, оны  өзгеден бөлек қарайды. Мұнда  сыбайлас



Pdf көрінісі
бет131/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмысты лауазым иесі жасаса, оны 
өзгеден бөлек қарайды. Мұнда 
сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстың 
мақсаты лауазым иесі біле тұра заңсыз әрекет етуінде, өз қызмет жағдайын 
біреудің мүддесіне пайдалануында, бұл жерде әрекет лауазым иесінің өзгеден 
мүліктік не одан басқа пайда табу арқылы заңсыз өзіне де, өзгеге де басымдық 
беруінде. 
11.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты аса қауіпті қылмысты лауазым 
иесінің бұл қылмысты топпен не күш көрсетіп, сондай-ақ ұйымдастырылған 
қылмыстық топтың, не қылмыстық қоғамдардың заңға қайшы мүддесін 
материалдық құндылық т.б. басымдыққа ие болу мақсатында қанағаттандыру үшін 
жасауы болып табылады.
12. Заңға сай, сыбайлас жемқорлық туралы фактіні хабарлаушы не сыбайлас 
жемқорлықпен күресуге басқаша әрекет етуші мемлекет қорғауында болады. 
Сондықтан соттар мүлік не т.б. материалдық құндылық т.б. басымдық беруші тұлға 
егер оны лауазым иесін күшпен алса,егер ол тұлға органға олардың жасағандарын 
пара алу туралы қылмыстық іс қозғауға құқылы органға өз еркімен хабарласа онда 
ол тұлға қылмыстық жазадан босатылады. 
16. Заң бұзу жолымен тұлғаның қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен тапқан 
байлығы, заңсыз мүлігі айналымға жатқызылып, заңсыз қызметтердің құны 
мемлекет табысы ретінде іздетіп, алынады. Соттар бұл мәселені ҚР 51-бабы
талаптарын сақтау арқылы, мұндай тұлғаларға мүлігін кәмпескелеу түрінде 
қосымша жаза қолдануды талдау керек.
ҚР «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 ж.10 
желтоқсанындағы Кодекске (Салық кодексі) сай, ҚР Парламентінің депутаттары, 
соттар, сондай ақ ҚР Конституциясының «ҚР сайлауы туралы» Заңына сай, ҚР 
қылмыстық атқару кодексі және ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» 
Заңына сай декларация көрсету туралы міндет жүктелген тұлғалар ҚР аумағында, 
одан сырт жерде тұратын, салық төлеу объектісі болып табылатын табыстар және 
мүлігі туралы декларация береді. 
ҚР 2007 жылдың 15 мамырындағы №251-III Еңбек Кодексіне сай, 
қызметкер сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзған жағдайда, сот актісіне сай жұмыс 
беруші бастамасымен жасалған еңбек шарты бұл қызметкермен бұдан әрі еңбек 
шарты бұзылуы мүмкін (54-бап). 2001 жылдың 31 қаңтардағы №155- II ҚР 
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің «Әкімшілік сыбайлас 
жемқорлықпен құқық бұзу» атты 30 тарауы бар,ол бойынша төмендегі құқық 
бұзушылықтар жазалануы тиіс: 
• 
Мемлекеттік лауазымға, мемлекеттік не оған теңестірілген функцияларды 
орындайтын лауазымға кандидат тұлғалар, өзінің және әйелінің мүлігі, табысы,т.б. 
басқа да сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңмен қаралған мәліметтері 
туралы декларацияны біліп тұрып бермесе, не толық емес болса, не анық емес етіп 
берсе ( 532-бап); 
• 
Мемлекеттік лауазым иелері өзінің және әйелінің мүлігі, басқа да сыбайлас 
жемқорлықпен күрес туралы заңмен қаралған мәліметтері туралы декларацияны 
біліп тұрып бермесе, не уақытында бермесе, болмаса толық бермесе, анық емес 
мәліметпен берсе ( 532-бап); 
201 


• 
Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті не оған 
теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сый, ақы не жеңілдікпен қызмет 
көрсетсе, бұл істе қылмыстық жаза қолданатын белгілері болмаса (533-бап); 
• 
мемлекеттік қызмет орындауға өкілетті не оған теңестірілген тұлғаларға, 
егер ол әрекет (не әрекетсіздік) қызметтік өкілеттігіне кірсе, осы қызметті 
орындаған тұлғаға заңсыз материалдық сый, ақы біреу арқылы не өзі мемлекеттік 
функцияларды орындауға өкілетті не оған теңестірілген тұлғалардың алуы, егер 
жасалған істе қылмыстық жаза қолдану белгілері болмаса (533-1 бап); 
• 
мемлекеттік қызмет орындауға өкілетті не оған теңестірілген тұлғаларға 
заңды тұлғалар заңсыз материалдық сый, ақы не жеңілдікпен қызмет көрсетсе, бұл 
істе қылмыстық жаза қолданатын белгілері болмаса (534- бап) (мемлекеттік 
қызмет орындауға өкілетті не оған теңестірілген тұлғаларға заңды не жеке 
тұлғалар заңсыз материалдық сый, ақы не жеңілдікпен қызметті көрсетсе, 
мемлекеттік қызмет орындауға өкілетті не оған теңестірілген тұлғалар оны күшпен 
талап ету арқылы алса, егер осы заңды не жеке тұлғалар өз еркімен он күн ішінде 
болған жайды құзырлы органдарға білдірсе, бұл заңды, не жеке тұлғалар 
жауапкершілікке тартылмайды); 
• 
Заңмен бекітілген өз функцияларынан бөлек мемлекеттік органдардың, 
жергілікті өзін өзі басқару органдарының кәсіпкерлікпен айналысуы және 
материалдық құнды зат алу не басымдық, бекітілген қаржыландыру көзінен басқа 
(535-
бап) алуы; 
• 
Лауазымын ҚР Президенті анықтайтын, мемлекеттік органдардың 
басшылары, не жауапты хатшылары өз құзіретіндегі шараны сыбайлас 
жемқорлықпен заң бұзған кінәлі өзінің қол астындағы қызметіне қолданбаса 
немесе көрсетілген шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын бұза отырып 
қолданылса, немесе салық органдарына кінәлінің тұрақты мекені туралы дұрыс 
ақпарат бермеген жағдайда (537-бап); Мемлекеттік органның, мекеме,кәсіпорын 
басшыларының немесе ұлттық компаниялардың, ұлттық холдинг басқармасы
ұлттық даму институттарының, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарының 
басшыларының жұмысқа бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс 
істегендерді алуы; Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс деп осы Кодекстің 176 
бабының үшінші бөлімі г) тармағы, 177-бабының үшінші бөлімі г) тармағы, 192-
бабының екінші бөлімі в) тармағы, 193-бабының үшінші бөлімі а) тармағы, 209-
бабының үшінші бөлімі а) тармағы ,307-бабымен, 308-бабының төртінші бөлімі в) 
тармағы, 310-315 баптарында, 380 бабымен қаралатын қылмыстар айтылады, егер 
ол қылмыскер мүлік не оған қатысты басымдықты алса. Мемлекеттік 
функцияларды орындауға өкілетті тұлғаға не оған теңестірілген тұлғаларға жеке 
өзіне біреу арқылы пара беру, лауазымды тұлғаларға пара беру, пара беру айқын 
заңсыз әрекет істегені үшін қылмысты дегенге тең, мемлекеттік жауапты лауазым 
иесіне пара беру қылмыстық жазасы бар іс (312-бап), сондай-ақ пара беруде 
делдалдық, яғни пара беруші мен алушы арқасындағы келісімге жету мен оны іске 
асыруда пара алып беруді мәміле……(313-бап). ҚР Қылмыстық Кодексінің 349-
бабына ерекше көңіл бөлу қажет, ол бойынша қылмыстық іс деп саналады: 
«Коммерциялық пара беруге арандату, яғни коммерциялық не басқа да ұйым 
басқару функцияларын орындаушы тұлғаға қылмыс жасалғанының дәлелін қолдан 
жасау не бопсалау мақсатында оның келісімінсіз ақша, мүлік, басқа да нәрселерді 
(басымдық) алып беруге ұмтылу»; «Сыбайлас жемқорлық қылмысына арандату
202 


яғни мұнда да сол әрекет, мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаға, 
не оған теңестірілген тұлғаларға қатысты жоғарыдағыдай әрекет істеу»; 
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар блогы әзірленген, ол 
бәрінен бұрын 1998 жылдың 2 шілдесіндегі № 267-I «Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес», ол азаматтардың еркіндігі мен құқығын қорғауға бағытталған, ҚР 
Ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық салдарынан туатын қауіп қатерден 
қорғауға, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын, басқа да мемлекеттік 
функцияларды орындауға өкілетті тұлғаға не оған теңестірілген тұлғаларды, 
қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлыққа байланысты 
құқық бұзуды ашуда, жолын кесу, табу, ескерту жұмыстарын жасайды; Оның 
салдарын жойып, кінәлілерді жауапқа тартады, сыбайлас жемқорлықпен күрестің 
негізгі ұстанымдарын анықтайды. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзу 
түрін белгілеп,жауапкершілік шартын, сондай-ақ ол демократиялық бастаманы 
кеңейтуге бағытталған, мемлекетті басқаруда бақылау мен жариялылықты 
кеңейтуге, елдің мемлекетке, оның құрылымдарына сенімін нығайтуға, компетентті 
мамандардың мемлекеттік қызметке келуін ынталандыру, мемлекеттік 
функцияларды орындайтын тұлғалардың параға берілмеу шартын жасау. 
Бұл Заң сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіреді. «Сыбайлас 
жемқорлық деп Заңда мемлекеттік функцияларды орындайтын тұлға, не оған 
теңестірілген тұлғалардың өзінің қызметтік құзіретін пайдаланып, оған 
байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, мүлік не басқа да пайданы өзі не біреулер 
арқылы, Заңда қаралмаған, бұл тұлғаларды құқық жолына қарсы жеке не заңды 
тұлғалардың пайда ұсынуы пара алумен тең». Қазақстанда 2006-2010 жылдарға 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, 
(бағдарлама 1995 жылдан бері бар) ол Қазақстанның 2030 жылға дейінгі 
стратегиялық дамуын жүзеге асыруға бағытталған, ҚР 1998 жылдың 2 шілдесіндегі 
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, ҚР 2005 жылдың18 ақпанындағы 
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси модернизацияны жеделдету 
жолында» 10.25 тармағын. ҚР 2003 жылдың 5 қыркүйегіндегі Қаулысымен 
бекітілген) ҚР Үкіметінің 2003-2006 жылдарына арналған бағдарламаларын 
жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспарын жүзеге асыруға бағытталған. 
Бұл бағдарлама еңбек, қаржы ресурстарының тепетеңдігін сақтау, іс 
шаралардың қайталануын болдырмау мақсатында «ҚР 2005-2010 жылдарындағы 
көлеңкелі экономиканың көлемін азайту бойынша экономикалық саясат пен 
ұйымдастыру шараларының негізгі бағыты» және «ҚР 2005-2007 жылдарындағы 
экономика саласы құқық бұзушылықпен күрес» бағдарламаларымен 
құрылымдастырылған. «2001-2005 жылдарындағы сыбайлас жемқорлықпен 
күреске арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында қол жеткен 
табыс, оң нәтижелермен бірге шешілмеген мәселелер де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет