Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет133/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Бесіншіден, соңғы жылдардағы тәжірибе азаматтық қоғамда мемлекеттің 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесінде белсенділік пен хабардар 
болудың қажетті деңгейі жоғын көрсетеді. Осыған байланысты, азаматтық қоғам 
институтының осы бағдарламаны жүзеге асыруда қатысуының механизмі талап 
етіледі. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барысында қоғамды хабардар етудің көпке 
жетімді, тиімді шараларын енгізу де маңызды.
Алтыншыдан, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында халықаралық 
ынтымақтастық деңгейі төмен. Осыған байланысты, құқық қорғау органдарының 
ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңсыз табылған қаржы легализациясына 
қарсы әрекеттің негізін қалаған халықаралық конвенцияға халықаралық 
ынтымақтастығы формаларын кеңейту қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қажет:
• 
Ұйымдарға электронды мемлекеттік қызмет жолын енгізу жолымен 
азаматтарға қызмет көрсетудің мерзімін қысқартып, сапасын жақсарту. 
Мемлекеттік электронды деректер базасына енуді қамтамасыз ету.
• 
Қабылданған сот шешімдерінің мезгілінде орындалуының айқындығына 
әсер ететін іс-шара енгізу; 
• 
Бюджеттің орындалуы мен әзірленуінің ашықтығын қамтамасыз ететін 
әкімшілік және құқықтық механизмдерді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік 
қаражатты пайдалану мен бөлу туралы ақпаратқа ұйымдар мен азаматтардың 
енуін қамтамасыз ету.
• 
Азаматтық қоғам институттарының арнайы рұқсат ететін функцияларының 
бірқатарының жүйелілігін қамтамасыз ету; 
• 
Жеке кәсіпкерліктің субъектілерін тексеру, өткізуде құқықтық 
регламентацияның анықтығын қамтамасыз ету.
204 


• 
Мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуінің ережелерін әзірлеу. 
• 
Мемлекеттік қызметтің мүддесінің жанжалы мен сыбайлас жемқорлық 
көрінісін болдырмау үшін жергілікті атқару органдарында және орталық 
мемлекеттік органдарында ішкі бақылау жүйесін жасау; 
• 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның сақталуы үшін құқықтық мәдениет 
және құқықтық сана қалыптастыру іс-шараларын жүзеге асыру; 
• 
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды жүзеге асыру бойынша 
мемлекеттік органдардың қызметінің нәтижесі туралы ақпарат беріп, 
хабарландырып отыру.
Алайда осы қабылданған шараларға қарамастан «көбіне сыбайлас 
жемқорлыққа сонымен күресуі тиіс орындар барып отыр. 2008 жылы істі болған 
692 тұлғаның сот шешімі күшіне енгізілгені, ІІМ – 99 қызметкері, кеден – 29, 
әділет органының – 28, сот орындаушылары – 21, қаржы полициясының 
органдары – 15, прокуратура органдарының – 4, сот қызметкерлері – 3». (ҚР Бас 
прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында Елбасының сөйлеген сөзінен, 
200
8 жылғы 25 қаңтар)
«Қаржы полициясы деректері бойынша, 2007 жылы мемлекеттік сатып алу 
саласында 133 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, ал үстіміздегі жылдың
10 айы бойынша осыған ұқсас қылмыстық жаза қолданылуы тиіс іс 76 % өсті, 
235 фактіні құрап отыр. Кеңес төрағасы осылай деп хабарлады. Одан басқа 
сыбайлас жемқорлық бойынша 114 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 25 адам 
жауапқа тартылды». (2008 жылы мемлекеттік тапсырыс саласында сыбайлас 
жемқорлық бойынша қылмыс саны 76% өсті. О.Абдыкаримов.) 
Жеке зерттеулер бойынша, «ШҚО «моральды адамгершілік» тұрғысынан 
азғындаудан» бірінші орынды сот қызметкерлері алып отыр. Мұнда әр фемида 
қызметкері орташа есеппен әрбір «дұрыс» шешімі үшін 9372 доллар алады. 
Екінші орынды оңтүстік облысының білім және денсаулық сақтау саласының 
қызметкерлері алады. Олар тіпті ІІМ қызметкерлерін шаң қаптырып кетті. 
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жол полициясын тіпті 
дәрігерлер мен оқытушыларды қуып жете алмады. Тұтастай алғанда елде жеті 
аймақ сыбайлас жемқорлыққа толы болып отыр: Алматы қаласы, Ақмола, 
ШҚО, СҚО, ОҚО, Жамбыл, Павлодар облыстары. Қарағанды көшбастаушы 
тізімде жоқ, алайда ол да құралдақан емес. Ол сыбайлас жемқорлықтың жоғары 
көрсеткіштері бар келесі аймақтар тобына енеді. Ал, Павлодар облысы өзін 
сыбайлас жемқорлықпен күресуде ең тиімсіз етіп көрсетті. Пара алушылардың 
ішінде алдыңғы сапты бермейтіндер орта буындағы шенеуніктер. «Білім және 
қорғаныс» ҚБ халыққа сауалнама жүргізу нәтижесінде жинаған жауабының 
қорытындысы бойынша пара алушылардың тізімінде бірінші орын – дәрігерлер 
деген тоқтамға келеді. Әсіресе Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан 
облыстары, Алматының медициналық ұйымдары ерекше көзге түскен. Екінші 
орында - жол полициясы. Үшінші орында- білім мекемелері. Парақорлардың 
сайранында бәріне орын табылыпты –университет мұғалімдері, соттар. 
Қазақстан халқының сұралғанының ⅔ өздерінің аса маңызды мәселелерін тиімді 
әрі тез шешудің лауазым иелеріне пара беруге тікелей тәуелділігін айтқан.
-
Сыбайлас жемқорлық бәрінен бұрын жеті аймақта көбірек кездеседі: 
Алматы, Ақмола, ШҚО, СҚО, ОҚО, Жамбыл , Павлодар облыстары, - дейді 
Нина Еркаева. - Қарағанды көшбастаушы тізімде жоқ, алайда ол да құралақан 
емес. Ол сыбайлас жемқорлықтың жоғары көрсеткіші жайлаған келесі топтағы 
205 


аймаққа жатады. «Нұр Отан» партиясының қарағандылық филиалынан тек 
биыл ғана сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 7 мүшесі шығарылды. Олардың 
ішінде аудан әкімі, екі елді мекен басшысы, сондай-ақ ұйымдар басшылары 
бар.» 
Қоғамдық бірлестіктердің тағы бір қызықты бақылауы мынадай: Нарықтағы 
тұрмыстық сыбайлас жемқорлықта қызмет ететін, оны «тудырушы» 
тойымсыздар:
1. 
Соттар (орташа парасы -2092,1 доллар). 
2. 
Жер телімдерін алып, рәсімдеуге көмектесуші шенеуніктер –( ≈1319,8 
доллар) 
3. 
Мемлекеттік қызметкер, қызметте жоғарылауға, лауазым алуға 
көмектескен – (≈1049,4доллар) 
4. 
Әскери комиссариат қызметкерлері – (≈819,6 доллар) 
5. 
Тұрғын үй рәсімдеп, алуға көмектескен шенеуніктер – (≈764,2 доллар) 
Ең бай соттар ≈орташа парасы 3000 доллардан асатын – ШҚО, СҚО, Астана, 
Алматы қ. Ең «қымбат» пара – жер алу, оны рәсімдеу де –Алматы облысында 
тіркелген, орташа ≈2121,4 доллар; Лауазым алу, қызметте ілгерілеу Астанада 
(орташа 4656,4доллар).Әскери комиссариаттың сыбайлас жемқорлықтағы қызметі 
бәрінен ШҚО қымбат (3307,7доллар). Тұрғын үй рәсімдеп, алуға көмектескен 
шенеуніктерге ең көп төлегендер Маңғыстау облысында (3772,5доллар). 
Есептеулерге сенсек, бір реттік сыбайлас жемқорлықтағы қызмет соңғы жылы 
республика бойынша 547,5 доллар шамасында. Ағымдағы тоқсанда бұл көрсеткіш 
Қызылорда облысында жоғары, бір реттік сыбайлас жемқорлықтағы қызмет 1607 
доллар тұрады. Жоғары деңгейдегі пара беру ШҚО облысында (1411доллар), 
Астанада (937 доллар).
Параның орташа көлемінен, сыбайлас жемқорлық қарқынынан соңғы жылдағы 
пара берушілердің орташа шығыны 2190 доллар. Бұл көрсеткіш бойынша 
Қызылорда көш басында (орташа жылдық сыбайлас жемқорлық жарнасы 6751,1 
доллар). 
Көшбасындағы топқа ШҚО кіреді – (6067,7 доллар), Астана (≈ 5154,6 доллар). 
Зерттелген 16 аймақтың 6 ғана сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік қатер деген 
пікірді ұстануы өкінішті. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті 
әлсіреу үстінде. Бұл «соғыста» әзірге сыбайлас жемқорлық жеңіп тұрған сыңайлы. 
Қазақстанның оңтүстігі кез келген мәселені «шешуімен» қай кезден аты 
шыққан өлке. Нәтижесінде, елде сыбайлас жемқорлықпен күрес кампаниясы 
басталғанда Оңтүстік Қазақстан парақорлар мен тізеге салушылардың ұсталған 
саны бойынша көшбасшы үштікке енді. Ол сонда қалды, ара арасында бірінші 
орында көрініп қалады. Бұл аймақтың тұрғындарының 75% мемлекет 
қызметкерлерімен контактіге түсуді пара беру деп ұғады. Олар оған сенімді. Бұл 
жылдың жаңалығы мемлекеттік қызметкерлер мен полиция бірінші орынды 
оқытушыларға берді. Бірақ Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан 
политологтары мен әлеуметтік зерттеушілері қауымдастығының жылдың III 
тоқсанында өткізген әлеуметтік мониторингі нәтижесіне сай, ел ең сыбайлас 
жемқорлыққа белшесінен батқан полиция мен қаржы полициясы деген сенімде. 
Олардың ізінде кеденшілер мен салық жинаушылар. Одан әрі соттар, денсаулық 
сақтау мекемелері,прокуратура, лицензия беретін органдар. Ең соңғы сегізінші 
орында ЦОН тұр. Бұл саладағы құрылым туралы сұралғандардың 54-62,9% 
сыбайлас жемқорлықтың ең қауіптісі санайды.Облыстар ішінде аса айырма жоқ
206 


тек қалалықтар айтылғандарға әскерді,ауылдықтар әскер мен әкімдікті қосады. 
Қаржы полициясы мен ҰҚК сыбайлас жемқорлықты ұстаумен айналысуда. Биылғы 
ашылған қылмыстық істер саны былтырғыдан 50% көп...» (Қарағандыдан Айнұр 
Балакешованың, Шымкенттен Юрий Елисеевтің, Өскеменнен Иван Петровтың, 
Петропавлдан Зәуре Жұмалиеваның, Тараздан Ирина Кимнің, Павлодардан Гүлнұр 
Мұқажанованың материалдары бойынша) .
«Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қызметінің көлемі 156 млрд. теңгені 
құрайды» бұл туралы 2008 жылдың қарашасында ХДП «НұрОтанның» Алматы 
қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында ҚазҰУ заң 
факультеті кафедрасының меңгерушісі, «НұрОтанның» саяси кеңес мүшесі 
Есберген Алауханов мәлім етті. 
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті бөлімінің жетекші 
маманы : «Сыбайлас жемқорлық азаматтардың құқығын жүзеге асыруға кедергі» 
және «Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның қызметі 
ерекше. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс азаматтардың құқығын 
аяққа таптайды, мемлекет пен адамның мүддесіне үлкен зиян келтіреді. Оны бірден 
жеңу мүмкін емес, алға ұмтылу керек-ақ. Бұл жағдайдың аса қауіпті, маңызды, 
ойланарлық екені , онымен күрестің қаншалықты қиындығы мемлекеттің оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет