11 Тарау. Компания мәдениеті және оның корпоративті басқарумен байланысы. С.А. Филин, Іскерлік әкімшілігі докторы
Адамдар бұқаралық насихаттауға өздерін мәжбүрлейтін көзқарастарға соңында
өздері сене бастайды.
К.А.Гельвеций
«
Корпоративті мәдениет» термині – бизнес – пән мұғалімдерінің, басқару
мамандықтарында оқитын студенттердің және басшылардың аузынан жиі
айтылатын сөз. Термин танымал бола бастады, тек оның соңында келесідей мән
жатыр. Өзімнің тренингтерімде мен осы тақырыпқа жиі назар аударамын. Және
мен оны «Мәдениет деген не?» деген сұрақтан бастаймын. Егер де білімді оқырман
бірден жауапты құрастыра алатын болса, онда ол кісінің алдында басымды иемін.
Қанағаттандыратын анықтаманы бере алатын адам өте сирек кездеседі. Оның
үстіне біз өз «мәдениетімізбен» мақтанамыз. Алайда біз «мәдениетке» анықтама
бере алмасақ, ұйымдастырылған мәдениет және ол қалай «жұмыс істейтіні» туралы
әңгіме қозғай аламыз ба. Сонымен, алдымен анықтамалардан бастайық.
А. Кребер және К.Клакхон жеткілікті көлемді анықтама береді:
«Мәдениет эксплицитті және имплицитті шамалардан тұрады, ол белгілердің
көмегімен меңгерілетін және ортаға байланысты мінез – құлықтарды анықтайды;
ол бір топ адамдардың іс - әрекеті нәтижесінде пайда болады, соның ішінде оның
амалдарға айналуы да жатады. Мәдениеттің мазмұнды өзегін дәстүрлі тарихи
қалыптасқан және ерекше идеялар құрайды, соның ішінде ерекше құндылық
белгіленген идеялар. Мәдени жүйелер бір жағынан адамдар іс - әрекетінің нәтижесі
ретінде, ал екінші жағынан – оны реттеушілері ретінде қарастырылуы мүмкін».
1
Шынымен де анықтама көлемді, алайда оны қарапайым деп айта алмайсың.
Г. Ховштед мәдениетті «адамдардың бір дәрежесін екіншілерінен ажырататын
ойларды біріктіріп бағдарламалау» ретінде анықтайды. Осы анықтамада негізгі
түйін – ұжымдық бағдарламалау.
2
Бұл анықтама анағұрлым қарапайым және
түсінікті. Тек бағдарламалаушылар кімдер деген бір ғана сұрақ қою қажет.
Мәдениеттің субъектілері және мәдениеттің объектілері бар екендігі туралы сөз
қозғау әбден ықтимал.
А.И. Пригожин мәдениетті адамзатпен жинақталған ең құнды нәрсені
білдіретін ең жалпы түсінік ретінде анықтайды, басқаша айтқанда адамдар өздері
құнды деп санайтындар: материалдық, рухани, әлеуметтік құндылықтар.
3
Тағы да бір анықтаманы әлемет тану пәні бойынша Халықаралық Бизнес
Академиясында (Алматы) профессор Гуревичтің дәрісінде естідім: «Мәдениет –
бұл біздің түйсіктерімізді шектейтін жүйе». Сірә, мен осы анықтамамен де
келісемін.