1.
Оқу кейсі. Супермаркеттер жүйесінің өсу қиыншылықтары
i
А. Саматдин
Іскерлік әкімшілігі докторы
Кіріспе
Супермаркеттердің өзіне тән «ерекшелігі» болуы тиіс. Бүгінгі күні
Қазақстан нарығында және Алматыда, атап айтқанда супермаркеттер жүйесі
жеткілікті. Алайда, олардың ешқайсысы тұтынушылар пікірінше «менің
супермаркетім» имиджі деген атаққа ие болған жоқ. Анығырақ айтқанда, мәселе
Алматы қаласының басқа ауданына немесе Қазақстанның басқа қаласына барса
іздеуге тұрарлық супермаркет туралы болып тұр.
Мәселен,
осындай
«халықтық»
имиджге
Швейцарияның
"Tesco",
Ұлыбританияның "Safeway" н "Sainsbury", Германияның "Aldi " и "Lidl
и ''Metro, аса үлкен гипермаркеттер жүйесінің бірі Carrefour және басқалары ие.
Мысалы, "Aldi" неміс жүйесінің бір өнегелі ісін үйренуге болады, жүйе
орташадан төмен, қатардағы тұтынушыларға арналған.
Бұл компания
тауарларын басқа бәсекелестерге қарағанда төмен бағамен сатады, барлығын
үнемдейді, мысалы қорабына (сапасына зияны келмейді) қарасаң негізсіз қымбат
болып көрінуі де мүмкін. Жүйе сауда алаңдарының аумағын кішірейтіп, соның
есебінен жалға алу төлемдерін қысқартады. Шығынды дұрыс үнемдеудің
нәтижесі тұтынушылар үшін бағаның төмендеуіне ықпал етуде.
Соның
нәтижесінде, "Aldi" дисконтты супермаркеттер жүйесі—Германиядағы ең ірі
және танымал супермаркеттердің біріне айналып,
оны қоғамның барлық
тобының өкілдері ұнатады, тіпті ауқаттылардың өзі онда жүйелі түрде барып,
сауда істегенді өздеріне ұят деп есептемейді.
"Aldi" империясының әлемде 6.000 мыңнан астам супермаркеттері бар
және әкімшілік бойынша екі салаға бөлінеді: “Aldi Солтүстік” және “Aldi
Оңтүстік”. Екі «жарты саланың», есте ұзақ сақталатын
өздерінің фирмалық
логотиптері бар. Дүкендердегі басқару жүйесі қатаңдау болса да, көпшілік
талабынан шығуда. Мысалы, дүкен директоры
аптасына бір рет сатушы
қызметін атқарады. Мұның өзі компания басшылығына тұтынушылардың көбіне
нені қалайтындарына, ал қызметкерге компания үшін өзінің құндылығы мен
маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді. «Бұл корпоративтік күшті
нығайту
тәсілі»- дейді супермаркет басқарушыларының бірі.
Автордың “Aldi”баға саясатының тиімділігіне жеке көз жеткізуіне қолайлы
сәт туды. Туристік сапар кезінде Германия қалаларының бірінде бірнеше
дүкендерді аралап, алғашқы сауда палаткасындағы туристік жабдық заттарының
бағасы – 199 евро, екіншісінде-163 евро тұратындығына көз жеткізді. Ал
i
Кейс бірқатар компаниялар жұмысын үйрену негізінде жасалған, оқу сипатында және бірде бір нақты
жұмыс істейтін жүйелерге ешқандай қатысы жоқ.
279
үшіншісінде (сапасы алдыңғылардан бірде бір кем емес) 56 евродан ұсынды.
Адамдар оны ыстық күлше тәрізді бірден сатып алып жатты. Неміс
дүкендеріндегі мұндай акцияларды «Angebot» деп атайды
Достарыңызбен бөлісу: