Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Директорлар кеңесінің жұмысының сапасын бағалау



Pdf көрінісі
бет33/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Директорлар кеңесінің жұмысының сапасын бағалау. Директорлар 
кеңесінің жұмысын бағалауға тек акционерлердің ғана құқы бар. Шашыраңқы 
капиталға қарағанда, шоғырланған акционерлік капитал кезінде ірі акционерлерге 
мұны жүзеге асыру оңайырақ. Бірақ кез-келген жағдайда бағалау әдісі қажет. 
Мұндай әдістерді қоғамдардың өзі де, бірлесіп басқарудың методикасын 
дайындауға қатысатын түрлі институттар да дайындайды. Осындай әдістердің 
бірін Ресей директорлар кеңесі дайындады және қазақстандық қоғамдарда 
қолдануы әбден мүмкін, өйткені біздің іскерлік мәдениетімізге анағұрлым 
жақынырақ.  
47 


• 
Акционерлердің меншігінің өсуін басқа компаниялардағы меншіктің 
өсуімен салыстыру. Шындығында да акционер мен инвестор өздерінің 
капиталдарын қайда құюды таңдауға құқылары бар. Әрине, саналы, білікті 
инвестор салымның тартымдылығын бағалайды. Бұл компанияның басқару 
органдарын тиімді жұмысқа ынталандырады.
• 
Акционерлердің жиналыстарына қатысу кезінде, ақпаратақа қол 
жеткізу кезінде акционерлердің белсенділігінің артуы. Көптеген миноритарлық 
инвесторлар жалпы жиналыстарға қатысуға бейім емес, өйткені олар жағдайды 
өзгертуге өздерінің мүмкіндіктеріне сенбейді. Институциялық инвесторлар сондай-
ақ, әсіресе капиталдың аз үлесі салынған қоғамдардағы жиналысты елемеулері 
мүмкін. Бірлесіп басқарудың әдістері мен қатынастары акционерлерді қатысуға, 
соңғысының басқарудың тиімділігін арттыру үшін компаниямен серіктестікке 
ынталандыруы тиіс.
Қазақстандағы бірлесіп басқарумен байланысты мәселелер туралы әңгімені 
қорытындылау есебінде келесі мысалды келтіргіміз келеді. Тиімді басқару 
бағдарламасы және ICC Business Advisors 2006-жылы Қазақстандағы листингті 
компаниялар арасында ұжымдық басқару бойынша зерттеу жүргізді, 49 
компанияларда сауалдама жүргізіп, тек 11-нен жауап алды. Қатысудың мұндай 
төмен деңгейі компания туралы ақпарат беруге дайын еместіктерін көрсетеді, бірақ 
тіпті осындай жағдайда компанияларда қолдану үшін ұжымдық басқару туралы 
білімнің жетіспеушілігі туралы дерек анықталды. «Сіздің ойыңызша, корпоративті 
басқару принциптерін енгізу кезінде сіздің компанияңыз қандай қиындықтармен 
бетпе-бет келеді?» деген сұраққа бұл салада білімнің жетіспеушілігі туралы жауап 
максималды баллға ие болды.
Әрі қарай рейтинг деңгейінің төмендеуі бойынша жауаптар:
• 
«қиын сұрақтардан» қашу үшін таңдаулы түрде енгізу,
• 
Енгізу үшін негіздің жоқтығы,
• 
Жетекшілер мен акционерлерде қазіргі кездегі жағдайды өзгертуге мықты 
ынта мен дәлелдерінің жоқтығы,
• 
Қызметтің басқа да артықшылықтарына қайшы келуі,
• 
Қызметкерлердің қарсылығы,
• 
Акционерлердің қарсы болуы.
16
Осы тарауды аяқтай келе, Қазақстанда нақты бір АҚ да корпоративті 
басқаруды құру негізінде төмендегі қажеттіліктер жатқанын атап өтеміз:
• 
Заңнама; 
• 
Әлемдік тәжірибеге негізделген бірлесіп басқарудың ең үздік тәжірибесі; 
• 
Ішкі ережелер мен компания саясаты; 
• 
Компанияда ұжымдық басқару мәдениетін құру. 
Корпоративті басқарудың тәжірибесін бекіту үшін компания бірнеше 
құжатарды дайындап, бекітуде. Оның ішінде:
• 
Ұжымдық басқару кодексі; 
48 


• 
Акционерлердің жалпы жиналысы туралы ереже; 
• 
Директорлар кеңесі туралы ереже; 
• 
Директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелер; 
• 
Қоғамның атқарушы органы туралы ереже; 
• 
Корпоративтік хатшы туралы ереже; 
• 
Ақпараттық саясат туралы ереже; 
• 
Дивидендті саясат туралы ереже; 
Әрине, құжаттардың тізімі жоғарыда көрсетілгендермен ғана шектелмейді.
Осылайша, біз ұжымдық басқарудың не екенін, не үшін маңызды екенін, АҚ 
басқару кезінде қандай қиындықтар мен қауіптер туындайтынын және осы 
мәселелер мен қауіптерді қалай шешуге болатынын қарастырдық. Қазақстандық 
компанияларда ұжымдық басқаруды енгізу мен дамыту олардың инвестициялық 
тартымдылығын арттырады, бұл өз кезегінде тұтас алғанда Қазақстанның 
инвестициялық тартымдылығын да арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет