Лабасы ауылдық округінің әкімі Б. Егінбаевтың Лабасы ауылдық округінің 2013 жылдың 9 айындағы



жүктеу 65.42 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі65.42 Kb.
Лабасы ауылдық округінің әкімі Б.Егінбаевтың

«Лабасы ауылдық округінің 2013 жылдың 9 айындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті

баяндамасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысындағы кезекті Жолдауында 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің санатына енгізу туралы мақсат қойды. Бұл үшін барша қазақстандықтар бар мүмкіншіліктерін пайдалану керек деп санап біздер ауылдағы Президенттің өкілдері Қазақстанымыздың қарқынды дамуына бар күшімізді салуымыз қажет. Сонда Қазақстан экономикасында қалыптасқан жоғары даму қарқыны еліміздің, ауылымыздың қиындықтардан күйзеліссіз шығатындығына сенімімізді арттырады. Осы мақсатта ауыл тұрғындарын еңбек етуге жұмылдыру жолында төмендегі жұмыстар атқарылды.

Ең алдымен тұрғындарды жұмысқа орналастыру және жұмыссыздық деңгейін азайту үшін «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы негізінде Мәмбет ауылында бұрынғы мектеп-интернат күрделі жөндеуден өткізіліп, (50 орындық) пайдалануға берілсе, оған 112 млн. 407 мың млн. теңге жұмсалды. Бүгінде 15 адам жұмыспен қамтылды. Осы бағдарлама аясында кәсібін кеңейтіп мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Медет» жеке шаруа қожалығы 3 млн. теңге несие алды.

Сонымен қатар бюджеттен 2 мл. 98 мың теңге бөлініп Мәмбет ауылының қоқыс төгетін орнын толық абаттандыру құрылыс жұмысы жасалып, қоршалды және жоғарғы тоғанға су келетін көмейдің және 5 бөгеттің құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Талапты ауылында егістікке су келетін жоғарғы, орта тоғанды қазу жұмысы жүргізілді.


Еңбекшіқазақ ауылындағы ескі мектеп ғимаратын қайта жөндеу жұмысына 79 млн. 316 мың теңге бөлініп, 50 орындық бала бақша пайдалануға беріледі. Сол сияқты Талапты ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын да күрделі жөндеуден өткізіп бала бақшаға пайдалануға беру үшін қаржы бөлініп, жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту мақсатында

- Жамбыл ауылының ауыз су құбырын толық жаңадан салу құрылысына 199 млн. теңге бөлініп, бүгінде жұмысы аяқталып үйді-үйге су кіргізілді.


Бүгінгі күнге әлеуметтік 36 жұмыс орны ашылып, жұмысқа орналасуға ниет білдірген 61 жұмыссыздың 55-і жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі 90 пайызды құрды. 1 адам кәсіби оқуын аяқтап жұмысқа орналастырылды, 32 адам қоғамдық жұмыс атқарды. Жастар тәжірибесіне 2 түлек жіберілді.

Шағын несие алуға ниет білдіргендердің ішінде 1 азамат (Төлебаев Абай ) 2,5 млн.теңге несие алды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тұрақты.

2013 жылғы бекітілген жылдық және тоқсандық жұмыс жоспары бойынша округте жыл басынан бері 13 тұрғындар жиыны, Елбасының халыққа арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында 11 жиын өтті.

Жыл басынан есепті мерзімде 30 өкім, жеке құрам бойынша 14 өкім қабылданса, жеке мәселе бойынша 312 адам қабылданды, оның ішінде 17-сі ауызша, ауыл тұрғындарына 295 анықтама берілді. Жоғары органдардан 144 құжат келіп түссе, 174 құжат жөнелтілді. 51 ауылшаруашылық кітабы бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарына және 1 шілдесіне мал, жан санағы жүргізіліп, барлық бағамдары мен бөлімдері толық толтырылды.



Округтегі әлеуметтік салаға тоқталсақ округте 543 зейнеткер жасы бойынша зейнетақы алатын болса, 164 адам І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады, оның ішінде 1-2 топтағы 103, 3 топтағы 61 адам. 10 және одан көп бала туған батыр аналар саны бүгінгі күнге– 30. 7,8,9 бала туған батыр аналар саны 95. 6 бала туған 58 ана “Күміс алқа” алқасының иелері. 4 және одан көп балалы аналар саны - 49, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткендер саны қазірде 45, теңестірілгендер – 3.

Президентіміздің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты тапсырмасын қолдау мақсатында халықты әлеуметтік қорғау жағынан көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен тұрмысы төмен отбасыларына берілетін тұрғын үй жәрдемақысы 2012 жылы 64 отбасына тағайындалып, 1 млн.300 мың теңге алса, ағымдағы жылы 10 жанұя 177 мың 983 теңге, 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы 2012 жылы 435 балаға тағайындалып, 6 млн теңге көмектер берілсе, ағымдағы жылдың 9 айында 118 жанұядағы 342 балаға 4 млн. 350 мың теңге тағайындалды.



Жер қатынастары және ауылшаруашылық саласына келетін болсақ, округ бойынша барлық жер көлемі 125,792 га, егістік жер – 3,982 га, оның ішінде суармалы 2,248 га, тәлімді егістік жер – 2,045 га, жайылым – 117,346 га, шабындық – 933 га, бақ – 51 га, бақшалық жер – 45 га, ауыл шаруашылығына жарамсыз жер – 3052.6 га.

Дәнді дақылдар 1820 гектар, орташа өнімділігі әр гектардан 19 центнерден, түскен өнімі 35380 тн. Қант қызылшасы – 235 гектар, орташа өнімділігі 234 центнер, түскен өнімі 55000 цн. Май бұршақ 1224 гектар, өнімділігі 23 центнерден, түскен өнімі 28671 цн. Картоп – 139 гектар, өнімділігі 193 цн. түскен өнім 26827 цн. Көкөніс – 86 гектар, өнімділігі 318 цн. Түскен өнім 27348 цн.


Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер көрсетілуде. Мәселен көктемгі және күзгі егіс жұмыстарына арзандатылған жанар-жағар май, тыңайтқыш бөлінсе, субсидияланған көмектер берілді.

Мал шаруашылығының сапалық көрсеткішіне келетін болсақ,

Округте жыл басынан 4 елді мекенде 4100 бас ірі қара малдан қан алып тексеру нәтижесінде 1 бас бруцеллезге /2012 жылы 2 бас/ оң нәтиже берсе, 21 мың 820 бас ұсақ мүйізді малдан бруцеллезге қарсы тексеру мақсатында 77 бас /2012 жылы 38/ оң нәтиже берді. Ол малдар дер кезінде оқшауланып, жойылды. Орны тазартылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Аллергиялық туберкулезге 7750 бас мал тексерілді. Әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу жұмысы жүргізіліп жатыр. Округ бойынша малдар арасында аса қауіпті жұқпалы аурулар байқалған жоқ.

Жыл басынан ірі қара малды қолдан ұрықтандыру бойынша тапсырма 1161 бас, орындалғаны 1054 бас, яғни 91 пайыз. Өлексе тастайтын орын мен мал соятын орын қарастырылып жер телімдері белгіленіп, құжаттары заңдастырылуда.

Асыл тұқымды малдың үлесін арттыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы «Азиз-Cұлтан» жеке шаруа қожалығыны 29 млн. теңгеге 164 бас асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара мал алса, ағымдағы жылы «Жоламанов» шаруа қожалығы 110 бас ірі қара мал алды.

Шаңырақ ЖШС-і асыл тұқымды етті ірі қара малдарын сатып, ауыл шаруашылық малды асылдандыру жұмысы жандандыруда өз үлестерін қосуда. Биылғы жылы 28 бас асыл тұқымды бұқа сатылды. Бұл шараның барлығы шаруа қожалықтарының ірі қара малдарын асылдандыру үшін бағдарламасын іске асыру мақсатында жасалып жатыр.

Жыл басынан жалпы жер және мүлік салығының жылдық жоспары: 480 мың 606 теңге болса, бүгінде жоспар толығымен орындалды.
«Балапан» бағдарламасы аясында ашылған 100 орындық «Ер Төстік» бала бақшасында қазірде 50 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Биылғы жылы 3 мектепте ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілсе, Егінбаев мектебіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

2012-2013 оқу жылында мектеп бітірген 51 оқушының 40-ы Ұлттық бірыңғай тестке қатысып орташа көрсеткіш көрсетсе, 11 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырды.



Денсаулық сақтау аясында халықтың демографиялық ахуалын жақсартуға, ана мен баланың денсаулығын нығайтуға арналған профилактикалық шаралар атқарылды. Қайтыс болған адамдардың санынан (28) дүниеге келген балалардың саны артты (98), нәтижесінде округте оң демографиялық ахуал қалыптасып отыр.

2012 жылмен салыстырғанда биылғы жылы туберкулез және бруцеллез ауруының көрсеткіші азайды.



(туберкулез 2012 - 7жағдай, 2013 жылы -1 жағдай, бруцеллез 2012 жылы 2 жағдай, 2013 жылы 1 жағдай)

Мәмбет дәрігерлік амбулаториясы мен фельдшерлік пункттерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Мәдениет және спорт саласына келетін болсақ, округте 2 Мәдениет

үйі, 2 кітапхана, 2 клуб, 3 спорт залы, 1 Жастар спорт кешені, 4 стадион

бар. Мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік мәртебелі мерекелердің барлығы аталып өтуде.

Сонымен қатар аудан көлемінде өтетін мәдение іс-шараларға округ тұрғындары белсене қатысуда.

Бүгінде 2 ауылдағы ауылдық кітапхана өз деңгейінде жұмыстар атқаруда. 1000-ан астам оқырмандары бар кітапханаларда округ тұрғындарымен, жастармен кездесулер, жиындар, байқаулар, дөңгелек стөлдер өтіп тұрады.

Қоғамдық тәртіп саласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Кәмелетке толмағандар арасында заң бұзушылықтың, қылмыскерліктің алдын

алу мақсатында округте мектеп ұжымдары, ардагерлер алқасы, әйелдер кеңесі тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Мектептерде балаларға арналған сын-ескертпелері, ұсыныстары және

өтініштері мен тілектеріне арналған аудан әкімінің «Сенім жәшіктері»

орнатылған. Әр он күн сайын ауыл әкімінің жанында құрылған

комиссия мүшелері жәшікті акт жасап тексеріп отырады. Бүгінгі күнге «Сенім жәшігіне» ешқандай хат, өтініш, пікір, ұсыныс түскен жоқ.



Ағымдағы жылдың басындағы елді мекендердегі тұрғындар алдында есеп беру кездесуі жиынында тұрғындардан түскен ұсыныс, пікірлерін орындау үшін іс-шаралар жоспары бекітіліп бақылауға алынған болатын. Оларды орындау мақсатында жұмыстар жасалды:

1. Жамбыл ауылынан сиырды қолдан ұрықтандыру пунктін ашу мәселесі шешімін тауып, Жамбыл ауылының сыртындағы «Мырзахан» шаруа қожалығының автотұрақ ауласынан /гаражынан/ сиырды қолдан ұрықтандыру пункті ашылып, жұмысын бастады.

2. Мәмбет ауылындағы Ардагерлер кеңесіне бір бөлме қарастыру туралы көтерілген мәселе де шешімін тауып, Мәмбет ауылының Мәдениет үйінің бірінші қабатынан Ардагерлер кеңесіне 1 бөлме беріліп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды. Округте жасалып жатқан шаралармен қатар алдағы уақытта ауылды көркейту, халықтың тұрмыс тіршілігін арттыру мақсатында көптеген маңызды істер жасау және жылды табысты аяқтау мақсатында қолда бар мүмкіншіліктерді толық пайдалану міндеті тұр. Сол міндеттерді орындауда баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін!
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет