Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі Жүргізуші Алтынгул



бет4/6
Дата03.10.2023
өлшемі39.31 Kb.
#479651
1   2   3   4   5   6
Сценарий Ш.Х.

Жүргізуші Гүлнар:
Құрметті қонақтар, республикалық деңгейде алғаш Білім бейіні оқу-әдістемелік бірлестігін ашып, педагогикалық колледждермен үнемі байланыс жасап, үлкен әдістемелік қолдау көрсетті. Бүгінгі кездесуге Алматы облысы, Есік қаласы, Есік гуманитарлық экономика колледжінің ұжымының құттықтауына құлақ түрелік.


ВИДЕО қосу.


Жүргізуші Гүлнар:
«Құзыретті маманға бағытталған сапалы білім» ұранын ұстанатын колледжде оқытушылар мен оқушылар үшін электронды оқыту орталығы, ақпараттық білім беру ортасы, электронды оқу залы, компьютерлік техникалық құралдар паркі, теледидар арқылы оқыту белсенді жүргізілді. Автоматтандырылған жұмыс орны жа­сақталды, болашақ мұғалімдердің әдіс­темелік жұмысқа дайындығы диаг­нос­ти­ка­сының автоматтандырылған бағдарламасы, ақ­параттық-коммуникациялық технология оқу үрдістеріне енгізілді, жаңа қоғам мұ­ғалімі – ұйымдастырушы моделі жа­сақ­талды, қашықтықтан оқыту, кредиттік технология бойынша тәжірибе алаңдары ашылды, онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамыту мақсатында оқу теледидары жобасы, өзге жұмыстар үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырылды. Шетел және қазақстандық серіктестермен байланыс жасауға, оқытудың интерактивтік моделі және қашықтан оқыту жүйесіне үлкен мән беріледі. Ресей Федерациясы Астрахань қаласының әлеуметтік-педагогикалық колледжімен меморандум жасалып, озық педагогикалық тәжірибе алмасу туралы келісім жасалды.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей осы жетістіктерге жетуде ұжым мүшелерін алға бастап, моральдық және материалдық тұрғыда қолдау көрсетіп, оқытушылардың шығармашылықпен, ғылыммен айналысуына бастамашы болған Шалқыма Хайроллақызына әріптестері зор алғыс білдіреді.

Құттықтау сөз Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж ұжымына беріледі.

Жүргізуші Гүлнар: 2010 жылы колледж жанынан Құрманалина Шалқыма Хайроллақызының басшылығымен халықтық дәстүрдегі отбасылық тәрбие негізінде қыздарға адамгершілік тәрбие беру, үлгілі отбасыларды насихаттау, олардың бойында көшбасшылық қасиеттерді, құзыреттілікті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті, қоғамдық белсенділікті дамыту, ұлттық сана мен патриотизмді қалыптастыру, қоғамдық – саяси саладағы болашақ әйел-көшбасшыларды қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Ажар» қоғамдық бірлестігі құрылды. «Ажар» қоғамдық бірлестігінің мақсаты – қыз балалардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту, жастар мәселесі, отбасылық адамгершілік құндылықтарды насихаттауға негізделеді. Халықтық дәстүрдегі отбасылық тәрбие негізінде қыз балаларға адамгершілік тәрбие беру, ұлттық сана мен патриотизмді қалыптастыру бағытында жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде бойында жалындаған қуаты, жүрегінде оты бар намысты қыздарымыз көбейері сөзсіз. Қыздар, әйелдер проблемасы, қоғамдағы әйелдердің статусын көтеру, гендерлік саясатты әйелдер арасында дұрыс пайдалану сияқты әлеуметтік мәселелердің оң шешімі табылып, «Ұрпақтар сабақтастығы», «Жас саясаткер», «Дарын», «Аналар», «Әкелер» клубтары, «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы», «Серпін» жастар ұйымымен, «Ажар» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет