Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі Жүргізуші Алтынгул



бет2/6
Дата03.10.2023
өлшемі39.31 Kb.
#479651
1   2   3   4   5   6
Сценарий Ш.Х.

Жүргізуші Алтынгүл: Шалқыма Хайроллақызының қайраткерлік қасиеттерінің өзі бір төбе. Басшылық қызметпен қатар қоғамдық істерге қосқан үлесі зор. "Нұр Отан» партиясының міндеттерін атқаруда осы ұйымға басшылық жасап, бағыт сілтеп, үнемі жаңа бастамаларды жүзеге асырып отырды. Сапалы жұмыс нәтижесінде колледждегі бастауыш ұйымның жүргізген жұмыстары ескеріліп, 2012 жылы «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» қалалық байқауында «Педагог» БПҰ жеңімпаз атанды. Депутаттық қызметте Шалқыма Хайроллақызы халықтың әл-ауқатын арттыруға, қаланы абаттандыруға, жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлді.
ҚР Білім қызметкерлері I, II, ІІІ съездерінің делегаты
ҚР Іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі
Орал қалалық мәслихатының 4 (1999-2012 ж.ж.) шақырылымы бойынша депутаты
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы депутаттар Фракциясының жетекшісі
Батыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлары Кеңесінің төрағасы. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясы жанындағы аналар Кеңесінің төрағасы. БҚО әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары
Бүгінгі кездесуге кезінде Шалқыма Хайроллақызының ұсынысымен құрылған «Ұрпақтар сабақтастығы» клубының төрағасы, тарихшы өлкетанушы Жайсаң Ақбай Досболатұлы қатысып отыр.
Сөз тарихшы-өлкетанушы Жайсаң Ақбай ағамызға беріледі.
Домбырашылар ансамблі. Дәулеткерей «Көреұғлы». Жетекшілері Есқайров Қанат, Габбасова Мейрамгүл.


Жүргізуші Гүлнар: Шалқыма Хайроллақызы республика көлемінде білім беру жүйесіне талмай сүбелі үлес қосқан ғалым. 4 монография, 26 ғылыми еңбек, 50 басылым, 11 педагогикалық мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім стандарттары, 89 үлгілік оқу бағдарламалары, типтік оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлері, мектеп директорлары, бастауыш мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері үшін бірнеше авторлық курстар жасақтап, Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты жоспарына сай Батыс аймақ және облыс көлемінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында дәріс оқыды.
Шалқыма Хайроллақызы математика, педагогика саласындағы озық тәжірибелері республика, облыс көлемінде таратылды. Ендеше сөз кезегі ұстаздың оқулығын практикада күнделікті қолданып жүрген колледж студенттеріне беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет