Үлгі №3. Қай саланың болмасын хас шебері. Жүзушілер жақсы
менеджер немесе əртүрлі міндеттері бар директорлардың көмекшілері
бола алады.
Менің досым Оля халықаралық саммиттер өткізетін компанияның бас
директорының көмекшісі болып жұмыс атқарады. Күн сайын оған
түрлі тапсырмалар міндеттеледі. Бұл – дербес «жүзушінің» жан
дүниесіндегі қалауларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бір күні ол қоңырау шалып:
Мен бүгін не істегенімді білесің бе, қазір айтып беремін:
• Гвинея өкілдері үшін үстелге белгілер жасадым. Сен əлемде қанша елде «Гвинея» деген сөз
бар екенін білесің бе?
• Менің бастығым Біріккен Араб Əмірліктеріне ұшып кетті, ол менен БАƏ-де қандай іскерлік
əдеттер бар екендігін білуімді сұрады. Олар құжаттарды тек қана оң қолымен береді екен.
• Мен Суздалада карримен ұсынылған қой етін жеуге болатын мейрамхана іздедім. Бұл
үндістер делегациясы үшін. Қалай ойлайсың, мен таба алдым ба?
• Мен сондай-ақ БҰҰ веб-сайтында бір кішкентай елдің аты жазылған мəтіннен қате таптым.
Оларға хат жолдадым. Олар бір жарым минут ішінде жауап берді.
Мұның бəрі біз туралы. Қарапайым «жүзушілер» жайында. Бүкіл
өмірін əлемді танып білуге деген өзінің үлкен талпынысын қоғам
дайындаған шектеулерге бағынудан бас тартқан адамдар.
Мен бала кезде Аяз атадан Жаңа жылға сыйлық ретінде қорап толы
шоколад алдым. Сонда ересектер барлық тəттілерді жеп көре
алмайтынымды айтты. Тек біреуін ғана алып, тынышталуым керек
екендігін түсіндірген болатын.
25 жыл өтсе де, мен əлі де түсінбей келемін: неге?
Барбара Шер: арманға қалай қадам басу керек?
Міне, «Армандаудың зияны жоқ», «Не армандау керек», «Мен
таңдаудан бас тартамын» кітаптарының авторы, керемет тұлға Барбара
Шермен сұхбат. Бұл кітаптар адамдарға өз қалауын табуға көмек
берген, шетелдік бестселлерлердің қатарын толықтырады.
Бір кездері Барбара екі баласымен жалғыз қалған. Жеті жыл бойы
отбасын асырау үшін даяшы болып жұмыс істейді. Сол жылдар ішінде
ол күн сайын арманына қарай қадам баса берді.
Барбара – ашық, ақкөңіл адам əрі қайталанбас тұлға. Көптеген жылдан
бері қалаған кəсіпті анықтау жөніндегі АҚШ-тың бас маманы. Онымен
сөйлесу мен үшін үлкен мəртебе болды. Сізге Барбараның арманға
қалай жетуге болатыны жайында, мүмкін еместі мүмкін етіп,
отбасыңыз бен сүйікті ісіңіздің арасында таңдау жасау керек болса не
істеу керектігі жайлы сөз етілген сұхбатты оқыған қызық болар.
– Барбара, сіз «Армандаудың зияны жоқ» кітабы жарық
көргенде (35 жылдан бері супербестселлер) өзіңізді Күлше қыз
сияқты сезінетіндігіңізді айттыңыз. Сізде бұл сезім əлі де
сақталып қалды ма?
– Жоқ, бұл «бір реттік» сезім болды. Мойындаймын, менде ешқашан
айқын арман болған емес. Мен өзімді бір істе ерекше екенімді
сезінетінмін, бірақ дəл қай істе екені белгісіз. Бұл ой айналамдағылар
құдды бір менің тірі жан екендігімнен бейхабар сынды жеңіл
алаңдаушылық туғызатын. Арманға жету үшін оған қарай қадам басу
жеткілікті екен.
Мен «Армандаудың зияны жоқ» кітабын алғаш қолға алғанда, өзіме:
«Міне, дəл қазіргі сəттен бастап, менің бұл əлемде бар екенімді барша
адам баласы білетін болады», – дедім. Шыны керек, бұл кітап
соншалықты көп сатылады деп күткен жоқпын. Адамдар менің үнімді
естіп, əлемге не айтқым келетінін білгендеріне қуаныштымын.
– Арманы бар, бірақ оларды жүзеге асыруға қауқары жеткіліксіз
адамға не істеу керек? Мысалы, ол істің мəнін түсінбейді
немесе нəтиже шығынды ақтамайды деп есептейді. Не істеу
керек: кітабыңызды жауып қоя салу ма əлде жеке дамуға бет
бұру ма? Ондай болған жағдайда қандай əдістер ұсынасыз?
– Мен арманымды қалаусыз я болмаса белгілі бір мағынасыз елестете
алмаймын. Бірақ көпшілік олардың армандары орындалмайды деп
санайды. Өмір бойы адамдарға бір шындықты жеткізу үшін бар
күшімді салып келемін: егер сіз өз арманыңызды таба алсаңыз, жасап
жүрген ісіңізді ұнатсаңыз, соны жүзеге асыруыңыз қажет. Ол үшін:
1) өзіңізге ұнайтын нəрсені жасаңыз;
2) ол үшін бір затты құрбан етуім керек деген ойдан арылыңыз.
Армандар ақша əкелмейді деп ойламаңыз, жігеріңіз тез суынып қалуы
мүмкін. Немесе көбірек ақша табу үшін қай мамандықты таңдау керек
деп бас қатырмаңыз. Осы ойлардың барлығы созылмалы депрессияға
əкеліп соқтырады. Өзіңізге ұнайтын істі жасаңыз. Сонда жетістік
өздігінен келеді.
Кейбіреулер: «Бірақ мен өзім жақсы көретін нəрсені істесем, менде
тіпті жеп-ішер ештеңем қалмай қалады! Қалай ақша табуға болады?» –
деп жатады. Алғашқы кезеңдері сізді бақытсыз етпейтін кез келген
жұмысты істеп ақша табуға болады. Мүмкін, ол зеріктіретін болар,
бірақ жаман жұмыс емес қой. Қаласаңыз, оны «өнерге субсидия» деп
атаңыз.
– Сіздің арманыңызға жету жолындағы қай кезең сізге қиын
болды жəне неге?
– Менің балаларым енді ғана дүние есігін ашқан кезең шығар. Мен
жалғызбасты ана едім. Жұмысым көп болатын, шаршап, əркез кешігіп
жүретінмін. Бірақ мен балаларым мен жұмысымды жақсы көрдім.
Қолымнан келгеннің бəрін аянбадым.
– Арман мен қалауды міндетті түрде балалық шақта
айқындап алу қажет пе? Олар жастық шақта немесе ересек
кезеңде қалыптаса алмай ма?
– Əрине, оларды ересек кезеңінде қалыптастыруға болады. Бірақ кейде
олар біз бала кездегі ұнатып жасаған нəрселерге қарама-қайшылық
тудырады. Егер сіз бір істі жақсы көрсеңіз, онда сіз таланттысыз,
сондықтан оны дамыту керек деп сенемін. Мысалы, жылқылар жас
кезінде де, жастық шағында да, өмір бойы жүгіруді ұнатады.
Өскенше сіздің əлдеқандай талантыңыз жасырын болуы да мүмкін.
Мысалы, сіз кенеттен сурет салғанды немесе əн айтқанды жақсы
көретініңізді түсіндіңіз. Бұл сізге бала кезіңізде ұнатпаған əрекеттер
сияқты көрінеді. Бірақ егер сіз өзіңіздің өткеніңізге қарар болсаңыз,
балалық шағыңызды есіңізге түсіре алсаңыз, онда сіз өз
талантыңыздың алғышарттарын міндетті түрде көре аласыз.
– Əлем сіздің күшіңізді жиі сынай ма? Күш-қуатыңыз азайып,
көңіліңіз құлазыған сəтте өзіңізді не деп жігерлендіресіз?
– Əлем күшімізді жиі сынайды. Осындай сəттерде мен сабырға келіп,
сезімдерімді сыртқа шығарамын. Егер мен қорыққан болсам немесе
жылағым келсе, жылап аламын. Егер ашуға мінсем, онда арыстан
сияқты ақырып шығарып аламын. Кейіннен өзімді жақсы сезініп,
ойым да ретке келіп қалады. Сезімдерім мен көңілім тынышталғанша
сөйлемеуге тырысамын.
– Ричард Бах: «Армандарды бұзатын жалғыз нəрсе – ымыраға
келу» – деген екен. Сіз келісесіз бе?
– Келісемін. Бағыма орай, мен мұндай шарттарға ешқашан жолыққан
емеспін. Өйткені ешкім арманымды ақшаға «сатуды» талап еткен жоқ.
Менің «ақша толы қалталарға» əуес болмағаным өте жақсы болды.
Кейбіреулер: «Менің алдымда таңдау тұр: не отбасым, не сүйікті ісім»,
– дейді. Бірақ мен өзің үшін маңызды саналатын нəрсені құрбан
етпестен-ақ, өзіңе ұнайтын нəрсені істеудің мың əдісін білемін. Сіз
өзіңізге ұнайтын нəрсені оңай жасай аласыз жəне отбасыңызбен бірге
бола аласыз. Мысалы, мен суретшілерге қонақ үйде отбасыңызбен
бірге теледидар қарап отырып сурет салуды кеңес беремін. Жарнама
басталған кезде сіз жеті минут ішінде қалаған ісіңізбен айналыса
аласыз.
– Адам үшін мүмкін емес нəрсе бар ма?
– Адам үшін көп нəрсе мүмкін емес. Мысалы, мен ешқашан жүзуден
олимпиада чемпионы немесе əйгілі пианист бола алмаймын. Себебі
мен 70 жастан асқанмын жəне ешқашан фортепианода ойнаған
емеспін. Алайда мен бір нəрсені нақты білемін: егер сіздің сүйікті
ісіңіз болса, оны əрдайым жасаудың бір жолы табылады.
– Көптеген адамға бала кезінде жеткілікті түрде көңіл
бөлінбеген. Мұндай балалар өсе келе көзге түсер
мамандықтарды таңдауға бейім: актер, модель,
тележүргізуші. Сіздің ойыңызша, тəрбиеде кеткен қателіктер
өмірлік жолыңызды табуға себеп болып жүр ме?
– Иə, бала кезден өзіне көңіл бөлінбеуі бізді жетелеуші күш болуы
мүмкін. Сонда көңіл бөлінбеуді мұнай деп алсақ та болады. Ал сол
мұнаймен жүретін көлік – біздің талантымыз. Нағыз математик немесе
шахматшы «маған көңіл аудармады» деп актер, модель немесе
тележүргізуші болғысы келеді деп ойламаймын.
– Сіз қалай ойлайсыз, өзгелермен өзімізді салыстыру дұрыс па
əлде бұрыс па?
– Егер сіз бəсекеге қабілетті мамандықта болмасаңыз, өзіңізді
ешқашан басқамен салыстыра алмайсыз. Сізге үлкен спортшылар
сияқты жұмыс істеу керек. Күн сайын тек өзіңізді ғана сынап, өз
рекордыңызды жаңартуға тырысыңыз. Сол кезде жеңістер де өз
жалғасын табады.
|