Қорытынды
Қадірлі достар!
Бұл – «Өміріңді өзгертетін 100 əдіс» дилогиясының алғашқы бөлімі.
Мен сенімді түрде: бұл кітап та, бұл кітаптың жалғасы да – кез келген
адамға сыйлауға тұрарлық керемет сыйлық деп айта аламын (иə, мен
бұған сенімдімін).
Бұл – өмірдегі кез келген келеңсіздік пен тығырықтан шығаратын
жолбасшыңыз болатын құрал. Осы кітап арқылы сіз өз өміріңізді, ең
бастысы, арманыңыздағы ӨЗІҢІЗДІ, толыққанды мəн мен бақытты
таба аласыз.
Егер сізге бұл бос сандырақ болып көрінсе, онда тоқетерін айтайын:
«Өміріңді өзгертетін 100 əдіс» дилогиясын оқығаннан кейін:
1.
Өзіңіздің не қалайтыныңызды түсінесіз;
2.
Қай бағытқа қадам жасау керектігіңізді анықтайсыз;
3.
Қалай дұрыс қадам жасау керектігін үйренесіз.
Келесі кітаптан сіз:
• Ғалам кестесі қалай жұмыс істейді, сіз оның қай жеріндесіз, соны анықтайсыз.
• Неге адамдар өз қалауымен-ақ өзгере алмайды?
• «Өз нəпсіңмен» қалай күресуге болады?
• Табысты тұлғаларды не нəрсе табысты етеді?
• Өзіңді табуда жалқаулықты қалай пайдаланамыз?
• Бəрін
байқап көріп, қолыңнан келмесе не істеу керек?
Тағы бір нəрсе бар...
Мен бұл кітапқа бүкіл жанымды салдым. Тіпті артығымен салдым.
Егер сізді осы айтқандарым қызықтырса онда ғаламтор желісінде
#өмірімдіөзгертетін100əдіс хэштегін пайдаланып өз пікіріңізбен
бөлісіңізші.
Кез келген цитата жəне ойды жазып, өзіңіздің сезіміңізбен бөлісіңіз.
Алғысым шексіз, əрқашан жолыңыз болсын!