Жүзушілер мен сүңгушілер. Сіз қайсысыз?
Сүйікті ісім көп болса, не істеу керек?
Танысу: Оля. Ол 29 жаста, оның проблемасы: «Мен біртүрлімін. Үнемі
жаңа нəрсені үйренуге жəне мамандықты өзгертуге қызығамын. 20
жасымда биден сабақ бердім, 22 жасымда кеңсе меңгерушісі болып
жұмысқа тұрдым, 24 жаста риэлтор болдым, 26-да сурет түсіре
бастадым, 28-де макияжбен айналыстым. Бəрі маған отызыма дейін бір
мамандықты таңдау керектігін айтады. Бірақ мен таңдай алмаймын!
Не істеуім керек?»
Сіздің өміріңізде ақыл тоқтатып, белгілі бір істің тізгінін ұстап, шешім
қабылдаудың уақыты келді деп айтқандар болды ма? Немесе сіз
өзіңізді бір қызығушылықтан екіншісіне секірдім деп кінəлі сезінесіз
бе? Жаныңызға жақынын таңдай алмай, уақытыңыз өтіп жатқандай
ма?
Олай болса, сіз жүзуші типіне жатасыз. Сіздің жақындарыңыз еркелік
немесе желөкпе деп атаған қасиеттеріңіз – сирек кездесетін ерекше
қабілет.
Жүзушінің дүрбелеңі
Егер жүзушілер қоғамы болса, онда олардың жиналысы мынадай
болар еді:
– Сəлеметсіз бе, менің атым – Вера. Мен 28 жастамын, мен (дірілдеген
дауыспен) жүзушімін. Сонымен қатар маркетинг, процесті басқару,
Гауди сəулеті, заманауи көше өнері, итальян киносы, тату-суреттердің
тарихын зерттеймін, кейде веб-дизайнмен айналысамын,
жылжымайтын мүлік нарығын зерттеп, үлкен деректерді талдайтын
маман болғым келеді. Айтпақшы, демалыс күндері мен сальсаға
барамын, банжо ойнап, кемпингтік саяхаттарды ұйымдастырамын.
Барлығы хормен:
– Сəлем, Вера!
Есіңізде болсын, «Форрест Гамп» фильмінде: «Менің анам əрдайым:
«Өмір шоколадқа толы қорап сынды: өзіңе қандай шоколад түсетінін
білмейсің», – деп айтатын. «Жүзушілер үшін өмір емес, бүкіл əлем –
бір қорап шоколад. Олар əртүрлі кəмпиттердің дəмін татып көргісі
келеді. Егер олар қандай да бір түрін ұнатпаса, оны шетке ысырып,
тағы басқа түрін байқап көруге дайын тұрады.
«Сүңгуші» өздері үшін бір хобби немесе кəсіп тауып, өмір бойы
сонымен айналысады. Оларға бұл ұнайды! «Сүңгуші» «жүзушіні»
сирек түсініп жатады. Оларға жетілу керек деп айтады.
Байқасаңыз, «сүңгушілер» біздің əлемді басқарады.
Барбара Шер осы ұғымды енгізген кезде, оған уайымынан арылып,
жеңілдеген адамдардан мыңдаған хаттар келе бастайды: «Арқамнан
ауыр жүк түскендей болды! Мен өзімнің «бір шешімге келе алмайтын
ақымақ» емес екенімді білдім. Бір кездері менің жақын досым мені
солай атаған еді. Мен жүзушімін. Енді не істеуім керек?»
Осыдан кейін Шер «Мен таңдаудан бас тартамын»
20
кітабын жазады,
еңбекте ол 50 кəсіптің түрін жəне «жүзушіге» арналған 40 түрлі өмір
сүру салтының моделін сипаттайды.
20
Шер Б. Отказываюсь выбирать! Как использовать свои интересы, увлечения и хобби,
чтобы построить свою жизнь. М.: Манн, Иванов жəне Фербер, 2015.
Ұлылардан үлгі сабақ
Гете, Аристотель, Михаил Ломоносов, Леонардо да Винчи, Томас
Джефферсон, Бенджамин Франклин, Альберт Эйнштейнді не
байланыстырады?
Дұрыс: олардың барлығы «жүзуші» санатынан бола тұрып, тек бір
ғана саладағы жетістікпен шектелген жоқ. Олардың ешқайсысы
əлемнің: «Саған тек бір саланы таңдау керек!» деген қатаң шартына
көнген емес.
Бұл ұғымды ауқымды түрде тану үшін Ресейдің бас «жүзушісі»
Михаил Ломоносовтың мамандықтарының тізімін əліпби ретімен
қойып оқыса да болады.
Сонымен, Михаил Ломоносов – ақын, аспап жасаушы, астроном,
генеалог, географ, геолог, металлург, суретші, тарихшы, физик,
филолог, химик, энциклопедист. Мəскеу университетінің жобасын
жасады, Шолпан ғаламшарының атмосферасын тапты. Шыны
ғылымының негізін салды. Молекулалық-кинетикалық теориясын,
орыс тілінің стилистикалық жүйесін жасады. Тікұшақтың
прототиптері, мозаикалық суреттер жинау бойынша шеберхана ашты.
Ол химия саласының профессоры əрі мемлекеттік кеңесші болды.
Одан бөлек географиялық атлас құру жұмыстарына жетекшілік етті.
Жалғастыра берейін бе?
Бенджамин Франклин – жүз долларда бейнеленген адам. Алайда
көпшілік адамдар оны Америка Құрама Штаттарының президенті
болған деген қате пікірде. Ол дипломат, жазушы, журналист,
өнертапқыш, АҚШ тəуелсіздік соғысының жетекшісі болған. Парсы
шығанағын зерттеген, тербелетін орындыққа жəне бифокалды
көзілдірікке патент алған. Электр қозғалтқышы идеясын ұсынып,
уақытты басқарудың өзіндік жүйесін жасаған. Оған қоса, əңгімелер
жинағын жазған.
Альберт Эйнштейн – «қос агент» атанғандардың бірі. Оның екі
құмарлығы болған: ғылым жəне музыка. Бірде ол қайырымдылық
концертінде скрипкада ойнап, өнер көрсетеді. Сонда бір жас
журналист оны танымай, тындаушылардың бірінен: «Бұл кім?» – деп
сұрайды. Əлгі журналист оған ашуланған түрмен: «Құдайым-ау, сен
шынымен білмейсің бе? Бұл ұлы Эйнштейн!» – дейді. Келесі күні
газетте «Ұлы музыкант, скрипка виртуозы Альберт Эйнштейн» атты
мақала пайда болады.
Осы жерде «олар бəріне қалай үлгерді екен?» деген орынды сұрақ
туындайды.
Мынадай əзіл бар: егер Чеховтың теледидары болғанда, ол қарапайым
дəрігер болып қана қалар еді. Мүмкін, Ломоносовта iPhone болса, ол
Мəскеуге де жете алмайтын еді.
«Жүзушінің» жеке тəжірибесінен
Мен қарапайым жүзушімін. Мен барлық құбылыстарды, оқиғаларды,
кəсіптерді байқап көргім келеді жəне əлемдегі барлық адамдармен
танысқым келеді. Өткен жылы мен тек спорт саласының өзінде көп
нəрсеге қол жеткізе алдым: аква фитнесіне, спортзалға бардым, бидің
екі түрін үйрендім, жүгіру, велосипед айдау, кроссфит жəне тай боксын
игердім.
Мен 25 жасқа толғанда достарымның барлығы дерлік қандай да бір
саланың жетік маманы болып үлгерген еді: бірі банк саласында,
екіншісі қоршаған ортада, үшіншісі саудада.
Ал мен ештеңені толық əрі жақсы меңгермеген едім. Сол уақытқа
дейін мен ірі жобалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында
журналист болып жұмыс істей алсам да, үнемі өзімді тұрақсыздық пен
балалық қылықтарым үшін айыптап, өмірімді нақты бір жоспарға
негіздеуім керек деп ойлайтынмын. «Мүмкін маған өзгелердің назары
жетіспей ме?» «Не болмаса қолымнан түк келмейтін бір ауруға
шалдықтым ба?» деген ойлар да келетін.
Кейде мені 9:00-ден 19:00-ге дейін кеңсе құлдығына жұмыс жасауға,
миллиондаған жалақысы бар, бір мұнай компаниясы шақырса, мен
қуана келісіп жатқанымды елестететінмін. Бірақ сол кезде дереу өзіме:
«Жоқ, одан да өлгенім артық» – дейтінмін.
Кейде мінсіз өмірімді елестеткенде, бойымды кінəлі сезім жаулап,
өкініш кернейтін. Мінсіз өмір мен үшін: əр түрлі адамдармен сөйлесіп,
олармен жүздесу үшін түрлі қалалар мен елдерге ұшып, өмір туралы
ойлармен бөлісіп, серуендеп, сол туралы жазу болатын. Мені адамдар
мен өмірдің өзінен басқа ештеңе қызықтырмайтын еді.
Сол кезде ата-əжелерімнің қайнаған фабрикаларда жұмыс жасап
жатқандары жəне дүкендердегі сатушылардың 12 сағаттан жұмыс
істегендері көз алдыма келетін де тұратын. Көмір мен үгінділерге
көмкерілген əлемдегі барлық шахтерлер, барлық супермаркеттердің
кассирлері жəне əлеуметтік қауіпсіздік қызметкерлері маған: «Мұның
əділеттілік пе? Ұялмайсың ба?» – деп сөгіп тұрғандай болатын.
Сонда ұялып, қызарып сала беретінмін.
Бірнеше жылдар өтті. Жеңілістің алдын алу мүмкіндігін жоққа
шығарудың бес сатысынан өтіп, мен өз табиғатыммен күресуді
доғардым. Менің «жүзушілік» қабілетім əлемді барлық жағынан
қызықтап көруге 100% мүмкіндік берді. Калейдоскопқа айналған
əлемге деген көз-қарасымды, шексіз махаббатымды жасыруды
доғардым. Күн сайын жаңа қырларымды байқай бастадым.
Қазір мен өмірді, мотивацияны, шабытты кəсіби түрде зерттеймін
жəне ол туралы жазамын. Менің мəтіндерімді ондаған мың адам
оқиды. Мен адамдармен көп сөйлесемін, серуендеймін, олардың
бастан өткен оқиғалары туралы толғанамын. Кейде менің жасап
жатқан ісім үшін ақша алу – бұл ел естімеген ессіздік сияқты көрінеді.
Дегенмен мен еш қысылмаймын.
«Күте тұрыңыз, енді не істеуім керек?»
«Əр адам өз қызығушылығын мына өмірге сыйғыза алады», – дейді
Барбара Шер. «Мен таңдаудан бас тартамын» кітабының мағынасы –
таңдаудың қажеті жоқ екендігін білдіреді. Ең бастысы – дұрыстықты
ұстану.
Ал ең дұрыстықтың үш үлгісі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |