сұрауымызда жатыр. Бұл – өз-өзіңді іштей тексере отырып тану жəне
өміріңді дұрыс арнаға бұра отырып жоспарлау.
Бұл бөлікке нелер жатады?
•
Бір апталық жəне
айлық жоспар құрып, өміріңді ретке келтіру.
•
Бойыңдағы өзгерістерді байқап отыру үшін күнделік жүргізу.
•
Аффирмация мен медитация (адам ішкі диалогтан бас тартып, яғни ойларынан алшақтап,
өзін белгілі бір толқынға сəйкестендіруі).
•
Өзінің үлкен бір нəрсеге қатысы бар екенін сезіну үшін рухани тəжірибелер мен дұғалар.
Кейбіреулерге жоғарыда аталған барлық
компоненттердің қатысуы
керек болса, енді біріне біреуі де жеткілікті болады. Дегенмен бұл факт
күйінде қалады. Жалғыз қалып,
өз ойларымызбен оңаша болып,
ойланып-толғануға, дұға жасауға жəне өзіміз жайлы не білетініміз бен
біз үшін ненің маңызды екендігін қайта жаңалап,
ойды жинақтауға,
белгілі бір уақыт арнауымыз керек.
Бұлай жасамайтын адамдар өз-өздерін жоғалтып алғандай күй кешетін
болады. Менің бір танысым үнемі: «Мен күнделікті таңғы сағат
сегізден кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істеймін.
Тіпті өзімнің нені
жақсы көретінімді түсінуге де уақытым жоқ», – деп шағымданады.
Бұл – өте қайғылы жағдай. Өйткені адам бақытты ғұмыр кешу үшін
өмірдің мəнін түсінуі керек емес пе? Нақтырақ айтқанда, «не себепті
өмір сүріп жатырмын?» деген сұраққа жауап беруі тиіс.
Бұл сұраққа
жауап бере отырып, бақытты сезіну үшін адамзат əрқашан
құндылықтары, арман-мақсаттары мен бастысы өзі жайлы
ақпараттарды ой
елегінен өткізіп, жаңартып отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: