Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


разы болмасаңыз, оны ауыстырыңыз. Сіз қозғалмайтын



Pdf көрінісі
бет39/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

разы болмасаңыз, оны ауыстырыңыз. Сіз қозғалмайтын
ағаш емессіз ғой».
Бірде біз Галя есімді қызбен əңгімелескен едік. Ол анасы мен əпкесіне
қатты ренжулі еді. Кейін анасына əкесінің жасаған əрекеттерінің
зардабы тигенін анықтадық. Галя болса отбасының барлық
мұрағаттары мен күнделіктерін ақтарған. Содан ол өз отбасындағы
бесінші ұрпақтан басталған зұлымдықтың тізбегі тұқым қуалаумен
жалғасып келгендіне көз жеткізеді.
Мұның бəрін біле тұра, Галя қатты таңырқап маған: «Біздің үлкен
отбасында талай ұрпақ бір-біріне зəбір көрсетіп келеді. Олай болса, не
себепті бұл тізбекті мен ғана тоқтатуым керек?» деген сұрақ қойды.
Жауабым қарапайым болды: «Галя, Ғалам сенің көзіңді ашқандықтан,
сен бүкіл суретті толығымен көру мəртебесіне ие болдың. Сондықтан
да осы іс сенің жауапкершілігіңде. Бұл – сенің таңдауың».
Дұрыс сұрақты өзіңе қалай қоюға болады?


Джон Миллер «Пять принципов проактивного мышления» кітабында
33
QBQ (ағылш. the Question Behind the Question, «Сұрақ артындағы
сұрақ») дұрыс сұрақтар қоюға үйрететін əдіс жайында баяндайды.
Аталған əдіс маған қатты ұнады. Себебі барлығы үшін жауапкершілікті
өз мойныңа алуға үйретеді.
33
 Миллер Дж. Пять принципов проактивного мышления. М.: Манн, Иванов жəне Фербер,
2015
QBQ əдісі өте қарапайым. Сұрақтарды құрастыруда үш қарапайым
ережені білу керек. Əрі оны практикаға да айналдыруға болады.
1.
QBQ сауалдары «неге», «қашан», «кім» емес, «не», «қалай» немесе «қалайша» деген
сұрақтардан басталады.
«Неге» деген сұрақ шағымдануға үйретіп, құрбандық кейпіне ендіреді.
Мəселен, «Неге бұл жағдай менің басымнан өтіп жатыр?» Бұл қате
сұрақ (ҚС).
«Қашан» сұрақтары кідірісті əкеледі: «Олар маған қашан
хабарласады?» Бұл қате сұрақ (ҚС).
«Кім» деген сұрақ басқаларды айыптауға мəжбүрлейді: «Кім кінəлі?»
Бұл да қате сұрақ (ҚС).
2.
QBQ сұрақтарында «олар», «біз» немесе «сіз» емес, жеке есімдік «мен» бар, өйткені cіз тек
өзіңізді ғана өзгерте алатыныңызды ұмытпаңыз.
3.
QBQ сұрақтары əрқашан алдыңғы орынға əрекеттерді қояды.
Мысалы, сіздің жасасқан мəмілеңіз бұзылды. Қате сұрақ қалай
болады?
ҚС: Мен қашан табысқа жетемін?
QBQ: Өз клиенттерімді жақсы түсінуді қалай үйренуім керек?
Немесе жұмысыңызда қалаған лауазымды иелене алмадыңыз.
ҚС: Неге бұл менің басымнан өтті?
QBQ: Қазіргі қызметімде қалай ерекшеленсем болады?
Біреу қателік жасады.
ҚС: Бұның бəрін кім бүлдірді?
QBQ: Мəселені шешу үшін не істеуге болады?
Баланың мектепте қиындықтары бар.
ҚС: Неге бұл мектептерде барлығы мұқият ойланып барып
жасалмаған?
QBQ: Баланың табысқа жетуіне қандай көмек бере аламын?
Біреу сізді ренжітті делік, сонда туындайтын қате сұрақтар: «Ол маған
қалайша бұлай жасады?» «Неге бұл менің басымнан өтті?» «Бұның
барлығы қашан тоқтайды?» – дегендей болуы ықтимал. ҚС біздің ішкі
əлемімізді жəбірленушінің жағдайына қарай ауыстырады. Ал QBQ


əдісі өз өміріңе деген жеке жауапкершілікті алуға үйретеді. Міне,
дұрыс құрылған сұрақтар.
• Бұл жағдай мені не нəрсеге үйретуі керек?
• Мен қандай сабақ алуым керек?
• Мен қайтсем атқарар істерімді парасатты əрі саналы əрекетке айналдыра алам?
• Мен бұл жағдайды пайдаланып қайтсем жақсы бола аламын?
Осы сауалдарға жауап беріп көріңіз.
Егер ересек болсаңыз, не себепті ренжудің қажеті жоқ?
Өз өмірімізді өзіміз өкпе-ренішке қалай толтыратынымыз жайында сөз
қозғайық.
Ескерту: тарауды аяғына дейін бəрі емес, тереңінен ойлай білетін
жандар ғана оқиды. Менің ойымша, дəл осы материалда табыс пен
бақыт басталатын əлем құрылысы һəм іргетасы туралы барлық
маңызды ойлар жасырылған. Өйткені ондағы əрбір сөз – жеке
жауапкершілік туралы.
Жаңа туған адамды шар түріндегі ермексаз ретінде елестетейік. Бұл
мінсіз пішіндегі керемет шар əлемге деген сүйіспеншілікке толы жəне
сол құндылықты тануға дайын.
Біздің өсуімізге қарай шар пішінін өзгерте бастайды. Мəселен, біз
əртүрлі жағдайға немесе əртүрлі жандарға кезігіп жатамыз. Ал біздің
шарымыз түсініспеушілік пен жақтырмаушылық жартасына
соқтығысса, шарда қыртыстар пайда болады. Шартты түрде айтсақ:
бізді басқалар жақсы көрмесе, біздің жан-дүниемізде де шардағыдай
майысулар мен қыртыстар пайда болады. Егер бізді тым артық жақсы
көрсе, біздегі қыңыр мінез күшейіп, «өзімшілдіктің» өрісі де кеңейе
береді.
Ғаламның əрдайым үйлесімділікке ұмтылатыны барлығымызға мəлім.
Сондықтан біз есейген сайын, шар қайтадан өзінің мінсіз пішініне
оралғысы келеді. Бір қызығы, біздің өмірімізге жан-дүниеміздегі
қыртысты «түзетуге» тырысатын адамдар, көптеген тəжірибе мен
оқиғалар бірінен кейін бірі келе бастайды.
Бұл қалай жүзеге асады?
• Мысалы, жауапкершілігі мол адамға жауапсыз адамдардың жолығуы сияқты жағдайларда
Ғалам екіжақты теңестіруге тырысады. Жауапкершілігі мол жанға босаңсуың керек десе,
керісінше тым жауапсыз адамдарға барынша күш түсіреді.
• Өзіне берілген тапсырмадан бас тарта алмайтын адамдар «жоқ» деп айтып үйренбейінше,
оларға түрлі міндеттемелер мен шаруаларды жүктей береді.


• Тез өкпелегіш адам өзін ренжітетін жағдайға тап болды делік. Мысалы, супермаркеттегі
кассалық таспаның (лента) тура сол адамға жеткенде таусылып қалуы немесе ол жұмысында
бірінші қысқарған қызметкерлер қатарына түседі.
• «Жəбірленуші» əрқашан өзіне «зəбір көрсеткенді» кезіктіреді.
Жақында менің бір танысым балшы көріпкелге бармақ болды, себебі
оның сүйіктісі үнемі оған зəбір көрсетсе де соңында оған қайта
оралатын көрінеді. Содан ол одан құтылғысы келетінін алға тартты.
Танысым жүгінген көріпкел жақсы психолог болып шықты. Ол барлық
жағдайға толығымен қарап оған: «Білесіз бе, сізде «жəбірленушінің
«типтік профилі бар, ал «жəбірленуші» мен «зəбір көрсетуші»
əрдайым бір-бірімен байланысты. Əлбетте, мен бұл жігітті сіздің
өміріңізден алып тастай аламын, алайда сіз өзіңізді түзетпесеңіз, сізге
оның орнын басатын басқа «зəбір көрсетуші» жолығары анық», –
деген еді.
Ғаламның осындай өз үйлесімі бар.
Сол себепті ақыл тоқтатқан ересек жандар ренжімеуі керек. Егер
екінші жартыңыз сізді басқа бір жанмен алмастырған болса, бұл ең
алдымен өзіңіз жасаған «табиғи үдеріс» деп біліңіз. Мүмкін, бұны
«əбден жаншылған» жаныңыздың сұрауы десек болар. Егер сіз басқа
жанға тұрмысқа шығып не үйленер болсаңыз, сол жарыңыздың сізге
опасыздық жасамайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Бұл
жағдайлар тағы да қайталанбас үшін ең алдымен өзіңізді «түзетуіңіз»
керек.
Дəл сол себепті біздегі əрбір өкпе-наз кем дегенде жартысы болса да –
біздің жауапкершілігіміз.
Мұның бəрі балаларға не үшін керек?
Иə, ересек адамдар өзін «ренжітетін» жағдайларды өзі жасайтынын
түсінуге болады, ал балалық шағында жиналған өкпе-реніші бар
адамдар не істей алады? Олар қалай өмір сүруі қажет?
Ең өкініштісі, балаларды «ренжіту кезінде» логика мен əділдікке орын
жоқ. Бірақ біз ақыл тоқтатып ер жете бастағанда, бұл жағдайға қай
қырынан қарайтынымызға таңдау құқығы берілген. Жоғарыда бір
жағдайы төмен отбасында өсіп, тіптен екі жолды таңдаған екі
ағайынды турасында əңгіме болды.
Міне, тағы бірнеше мысал.
Таныс болыңыз: Эйлин Уоррос – 1956 жылы жағдайы нашар
отбасында дүниеге келген америкалық сериялық баскесер. Ол өзінің 13


жасында туған атасынан зорлық көріп, 14 жасында үйінен қуылып, ал
15 жасында жеңіл жүріспен айналысқан. Кейін қаңғыбастыққа
салынғандығын айтады. Осы оқиғалардың салдарынан барлық ер
адамдарға деген жек көрініш сезімі артып, өмірінде жолыққан ер
азаматтарды өлтіре бастаған. Ең сорақысы оның жеке басында жеті
адамның қазасы тіркелген. Осы оқиға желісімен 2003 жылы «Монстр»
фильмі түсірілген болса, басты рөлі үшін Шарлиз Терон «Оскар»
сыйлығының иегері атанады.
Эйлиннен екі жыл бұрын туған Опра Уинфри – тележүргізуші. Жеті
жасқа дейін өзінің тіпті бəтеңкесі болмаған Опра Уинфри ерте
жасынан бастап көкесі мен бауырларының жəне олардың достарының
тарапынан зəбір көреді. Небəрі тоғыз жасында зорлыққа ұшырайды.
Ал 14 жасында жүкті болып ана атанған қыздың көп ұзамай сəбиі
шетінеп көз жұмады. Осы оқиғадан кейін ол үйінен қашып кетеді.
Ол араға жылдар салып, 17 жасында университетке түседі. Көп ұзамай
телевизияға жұмысқа орналасып, Нэшвиллдегі ең жас репортер
атанды. Қазірде Опра əйгілі Forbes журналының мəлімдемесі бойынша
əлемдегі ең ықпалды əйелдердің біріне айналған жəне алғашқы
миллиардер болған қара нəсілді нəзік жанды ретінде белгілі болған.
Сондай-ақ, ол өзінің бағдарламалары арқылы өзге жандардың өзіне
деген сенімін арттырып, ешқашан мойымау керек екенін айтудан
жалықпайтын тамаша тележүргізушіге айналған.
Əрине, аталған хикаялардағы бір-біріне ұқсамайтын жағдайлар мен
түрлі факторларды талдап, ұзақ сөз жарыстыруға болар бəлкім. Алайда
бұл дүниенің нағыз демагогия (пайдакүнемдік мақсатқа жету үшін
құрғақ уəде беру, фактілерді бұрмалау) екенін білгеніңіз жөн.
Шын мəнінде маңызға ие бір ғана дүние бар.
Қоршаған ортаңыз қаталдық танытып, бала кезіңізде сізді біреу қатты
ренжітті делік. Десе де, қазір сіз ересек адамсыз, ал іштегі өкпе-реніш
сіздің əлі де толыққанды дұрыс өмір сүруіңізге кедергі келтіреді. Бір
қуантатыны – сіздегі реніш тарқамаса да ешкімге кесіріңіздің тимеуі.
Шынтуайтына келгендегі ақиқат біреу болмақ: сіз осы кітапты оқи
отырып, реніші бар бала болған күйі кінəлілерді іздей бересіз немесе
батыл қадам жасап, оларды кешіресіз. Таңдау өз қолыңызда.
Бəлкім, Опраның басынан өткен барлық қиындық оның осындай
жетістікке жетуіне себеп болған шығар. Кейде біздің жанымызды


ауыртқан ең үлкен күйзеліс өміріміздегі ең үлкен жеңісімізге айналары
бек мүмкін.
Біз өзімізге «жəбірленуші» рөлін қалай таңдаймыз?
Адам өзіне «өкпесі қара қазан» жанның кейпін қалай таңдайтыны
жөнінде айта кетейік. Маған бірнеше жыл бұрын ақылы толысқан
танысым оның бұрынғы күйеуі біраз уақыт бойы өзіне зəбір
көрсеткенін айтқан болатын. Сонда да ол күйеуінен кеткен жоқ. Сол
кезде мен оның басынан өткен бұл оқиғаны тыңдап отырып,
Жириновскийдің мəнеріне салып: «Сілімтік!» деп ашуымды
шығарғаным бар.
Ал ол болса: «Білесің бе, оның бұл əрекеті маған ұнайтын десем де
болады. Өйткені ол мені ұрғаннан кейін маған отбасымнан,
құрбыларым мен жұмысым тарапынан да көп көңіл бөлінетін. Сол
себепті мен ұзақ уақыт одан кете алмай жүрдім, жанашырларымның
көңілі мен назарына тəуелді болдым. Маған «жəбірленушінің» рөлін
ойнау ұнайтын», – деді.
Егер біз қандай да бір дүниеден сабақ, тəжірибе алғымыз келсе,
міндетті түрде оған қол жеткіземіз. (Əрине, бұл тұрмыстағы барша
зорлық-зомбылық құрбандары өздеріне өзгелердің назар аударғанын
қалайды деген сөз емес. Алайда олардың кейбірі қалыптасқан
жағдайға қарсылық таныта бермейді.)
Сүйікті ісімізді табар алдында неліктен «əкемізді»
кешіруіміз керек?
Бұрын бір модельдік теледидар жобасының кастинг-директоры болып
қызмет етіп жүргенімде, бір қызық жағдайды байқадым. Бұл жобада
қатысушылар үшін арнайы сауалнама дайындалған еді. Онда: «Сен
нені армандайсың?» деген сауалға шамамен əрбір үшінші қатысушы:
«Иесіз жануарларға мекен болатын арнайы орын ашқым келеді» деп
жазған. Басында жануарлар үшін орын ашқысы келетіндердің
салыстырмалық тұрғыда пайызы неліктен жоғары болғандығын түсіне
алмадым.
Барлығын сараптай келе біраз қыздардың сауалнамаға не себепті бұлай
жауап бергені түсінікті болды. Оларға отбасыларынан бір жылу
берілмей, назар да аударылмағандықтан, сол үшін ата-аналарынан


көңілі қалғандығы себепті жануарларды қамқорлықтарына алғылары
келіпті.
Бұдан кейін мынадай оқиға орын алды. Қатысушы қыздардың бірі өзі
қалағандай жануарларға арналған орын ашып, екі ай қарқынды жұмыс
жасағаннан кейін сүйікті жігітін жолықтырады. Ол өзіне жетіспеген
жанұя жылуы мен мейірімді жігітінен алған соң, жануарлар үйінің де
жұмысы тоқтап қалады.
Осыған ұқсас оқиғалар аз емес. Мəселен, кейбір адамдар қандай да бір
мамандыққа сол салаға деген махаббаттан емес, жай ғана өзінде
жетіспейтін қажеттіліктің орнын толтыру үшін барады екен. Жалпы,
бұл жаман əрекет емес. Алайда сүйікті істі реніш пен кінəлі сезіну
сияқты сезімдерді сүзгіден өткізіп барып бастау керек деп санаймын.
Бұл кез келген жағдайда панасыз қалған жануарлардың болмауы үшін
де маңызды.
Өкпені кешірудің бес қадамы
Құттықтаймын! Тарау аяқталуға жақын қалды!
Сонымен, қандай да бір өкпе-ренішті кешіру үшін жасалатын бес
қадам қандай болмақ? Өзімнің кеңестерімде қолданатын ең тиімді
əдістің бірі – ренжіткен адамға арнап жазылған, бес жолдан тұратын
ашық хат əдісі.
1. 
Айыптау.
2.
Күту.
3.
Түсініктеме.
4.
Сезім көрінісі.
5. 
Жауапкершілікті бөліп қарастыру.
Қолыңызға қалам мен қағаз алып, жазуға кірісіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет