Осы бес кезең синусоид
35
бойынша дамиды.
35
Синусоид дегеніміз –
бірде көтеріліп, бірде түсуді көрсететін график-ауд.
1.
Болашаққа көз жұма сену.
2.
Білімге селқостық.
3.
Үмітсіздіктің шегі (синусоидтың ең төменгі нүктесі).
4.
Ақпараттық құлшыныс
5.
Табысқа жету мен өзін-өзі қалыптастыру.
Бұл тақырыпты жауыр болған əрі қазіргі заманның қажетті
тақырыбына айналған «Мен арықтағым келеді» мысалында талдайық.
1. Болашаққа көз жұма сену. Сонымен,
біз арықтауға нық сенеміз,
ғаламтор желісінен кереметтей суреттер мен рецепттерді толтыра
жүктеп, тіпті су жаңа спорт аяқ киімін сатып алдық. Біздің санамыз
бізді мақсаттарға
лезде жетеді деп ойлайды, ертең-ақ өзімізге сенбеген
адамдарға «Мен қалағаныма жеттім!» деп қол бұлғап тұратындай
көрінеді. Біз кейбір жоспарларымыздың əбестігін
байқамай қалуымыз
мүмкін. (Мəселен, 3 күнде 35 кг тастау мүмкін еместігін
мойындамаймыз). Бақытымызға орай,
бұл кезең аз ғана уақыт
созылады, алайда оның орнына басқа бір кезең келеді...
Достарыңызбен бөлісу: