Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Алдын-ала төлем жаса немесе айдаһарға пəк



Pdf көрінісі
бет6/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Алдын-ала төлем жаса немесе айдаһарға пəк
қыздар не үшін керек?
Бірер ай бұрын досым Славамен кездестім. Екі сағаттық əңгіме
барысында оның темекі тартқанын көрмедім. Ол он бес жыл бойы
тоқтаусыз шылым шегетін.
Ол əдеттен арылу үшін қандай əдіс қолданды екен? Дəрілер ме?
Мүмкін, Аллен Карр? Ғажайып саңырауқұлақтар ма? Əлде ғаламторды
«жарып» жіберген «Тұшпарамен емдеу»
4
 деген танымал əдіс пе екен?
4
 Доктор Я.С. Песикова жайлы толығырақ ғаламтордан тауып алыңыз.
Сөйтсем, Слава бұрыннан өзі ойлап тауып алған «Алдын-ала төлем
жаса» əдісін қолданады екен. Оның мағынасы да қарапайым: кейін
керемет жетістікке жету үшін қазір «төлем жаса». Яғни, бір мақсатқа
жету үшін əлденені тəрк ете білу керек.
– Өмірімдегі ең маңызды тендерге дайындалып жатқанмын. Өз-
өзімнен: «Бұл тендерді ұтып алу үшін не нəрсемен қоштасуға
дайынмын?» – деп сұрадым. Осылайша өзімнің зиянды əдетімнен
арыламын деп шештім. Бұл əдістің жұмыс жасайтынына сенімдімін:
бұл – мен үшін тендердің маңызды екенін жəне оған қол жеткізу
жолында көп нəрседен бас тарта алатынымды əлемге жариялау, – деді
Слава.
...Жақында Слава хабарласып, тендерді ұтып алғанын айтты.
Бұл қалай жұмыс істейді?


Шылым мен тендерді байналыстырғаным біртүрлі көрінген шығар.
Алайда біртүрлі ештеңесі жоқ. Мен бұл техниканың тиімді екеніне аз
дегенде үш аргумент келтіре аламын.
1.
Адам өз-өзімен күресіп, санасындағы менмендікті жеңгенде
Ғаламның да оған сыйлық жасайтынына кепілдік береміз. Əлдекімнің
жоғарыда отырып, тексеріп, не істеп, не қойғаныңа қарап: «Уау,
Славик, жарайсың! Міне, саған тендер!» деп айтқанынан пайда жоқ.
Себеп: адам бір жеңіске жеткен соң, өзіне деген бағасы артады. Əр
жеңіс адамды сенімді ете түседі. Ал ішкі сенім əркез керемет
мүмкіндіктер мен оқиғаларды алып келеді.
2.
Бір нəрсеге қаншалықты қымбат «төлем» жасасақ, оның құны да
соншалықты арта түспек. Мəселен, кейбіреулер өз мотоцикліне көп
күш жұмсағаны сонша – 10 мың рубль тұратын көлігін 100 мың
долларға сатуға қимай жатады.
3.
Ал ең қарапайым себеп: бəлкім, Славаның бос уақыты көп болып,
оны тендерге жұмсап жатқан болар.
Құрбандыққа бармаған адам құр қалады
Барлық салада ең көп табысқа жететіндер – өзі үшін ең бағалы
нəрсесін пида ете алатындар. «Сен қалайша 30 келі салмақ тастадың?
Айтшы?! Біз дəл соны істейік». Маған осылай жиі қолқа салатын.
Мен қандай дүниелерді тəрк еткенімді жіпке тізгендей айта
бастаймын. Өмірге деген көзқарасымнан бастап, түрлі əдеттерімді, іс-
əрекеттерімді өзгерткенімді баяндаймын. Оған қоса бұл дүниелерді
нəтижеге қол жеткізбей тұрып пида ету керек.
Осыдан кейін адамдардың пікірі дереу өзгеріп сала береді. «Ой, ол
үшін бір нəрсе жасау керек екен ғой? Мен оңай бола салады деп ойлап
едім...» Əрине, болады, бірақ нəтижесі тиісінше аз болар.
Айдаһар жəне пəк қыздар
Əртүрлі құрбандықтар жайлы ертегілер өте көп. Мысалы, залым
айдаһар жайлы. Оған əр апта сайын алты пəк қызды апару керек
болған-ды. Иə, жиіркенішті оқиға: айдаһарға пəк қыздар не үшін
қажет?
Сондай-ақ тарихи оқиғалардың сюжетін еске түсірсек те болады, онда
құрбандыққа ұлын немесе кішкентай сəбилерді алып келуін сұрайтын.


Жарайды тереңірек үңілмей-ақ қояйық. Əрине, ақылға қонымсыз
дүние: «Пəк қыздарды, ұлын, сəбилерді? Естерің дұрыс па?» – деп
сұрауға еріксіз мəжбүр боласың.
Алайда бұның барлығы мына бір ойға əкеліп тірейді. Өзіңнің
қалағаныңа қол жеткізу үшін ең «бағалы» дүниеңнен бас тартуың
керек. Уақыт, күш-жігер, ақша, қорқыныш, жалқаулық, мінез-
құлқымыз болуы мүмкін. Алуды үйрену үшін алдымен беріп үйрен.
Менің танысымның арманы – əңгімелер жинағын жазу болатын.
Өкінішке орай оған бос уақыты болмады, өйткені екінші жұмысы бар
еді. Екінші жұмысы оған əжептəуір табыс алып келетін. Өзінің күтімі,
қаракүзен терісінен жасалатын тоны секілді нəрселерін сонымен
жабатын. Осылайша тон кию құмарлығы оның жинақ шығару арманын
басып кететін. Бір күні ол «Уақыт деген зымырап өтіп жатыр, сонда
артыма қалдырар дүнием осы тон ғана ма?» деп ойлана бастайды. Тон
ғана ма? Қандай өкінішті...
Қысқасы, ол өзінің екінші жұмысынан, қымбат спа-процедудаларынан,
бағалы киімдерден бас тартып, əңгімелер жинағын жазуға кірісті.
Білесіз бе, жинағы дайын болғанда оның қуанышында шек болмады.
Бұрын-сонды бұлай қуанбаған еді. Ал сіз құрбан етуге дайынсыз ба?
Сонымен, Google. Көп сөзді ұнатпайтындар үшін қарапайым сұрақ:
Ок, Стив Джобс секілді болғың келе ме? Ал ол үшін күн сайын сен
неңді құрбан етіп жүрсің? Күніне қанша сағатыңды жұмсайсың?
Өзіңді қалай жеңе аласың?
Жарайды, мінсіз дене пішінін қалайсың ба? Неден бас тартуға
дайынсың? Нені құрбан етеміз? Уақытты ма? Ақшаны ма? Əлде
күшіңді ме?
Бұл – шындық. Сеніңіз: пида еткен дүниеңіздің өлшеміне қарай
жетістікке жетесіз. Дəл қазір қағаз бен қалам алып, мақсатыңызды
жəне тəрк етуге дайын дүниеңізді жазыңыз! Сəттілік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет